7


  • Учителю
  • Паурочный Жобалау әрекеті (7 класс)

Паурочный Жобалау әрекеті (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Жобамен жұмыс»

Сыныбы: 7

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Pаint графикалық редакторы, Word бағдарламасымен жұмыс істеу дағдыларын арттыру, толықтыру; Презентацияларға, документтерге графикалық объектілерді енгізуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын жүйелі жеткізе білуге, шығармашылыққа әсемдікке, ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелігі: Оқушыларды уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі, жоба қорғау, миғ шабуыл әдісі,дәлелдеу, ой қорыту.

Көрнекілігі: Слайдтар, тірек-сызбалар, компьютер құрылыстары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жоба қорғау

V. Практикалық тапсырма

VI. Қорытындылау

VII. Үй тапсырмасын беру

VIІI.Бағалау

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу;

  • Шаттық шеңбері «Құрметті -------- бүгінгі күніне мен саған.... тілеймін»

  • Топқа бөлу «Power Point», «Word»

  • Үй жұмысын тексеру. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, талдап, жұлдызшадағы сұрақтар арқылы үй жұмысын бекіту;

  • Өткен тарауды қорытындылау мақсатында ертегі беріледі ертегі оқылады.

Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде әр түрлі түстер өмір сүріпті. Олардың жеке аттары болыпты. Олар: қызыл, жасыл, көк, сары , қара және тағы басқа. Бір күні оларды карындаш жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ оған түстер қарсы болыпты. Карындаш түстердің қылықтарына шыдай алмай Microsoft ағайға хат жазыпты, былай деп: «Құрметті Microsoft ағай, түстер өз беттерімен кетті, сіздің тез арада келуіңізді өтінемін.

Мекен-жайым:

Windows ауданы,

Программалар ауылы,

Стандартные көшесі,

Сәлеммен: «Карындаш»

Осыдан кейін Microsoft ағай ойланып-толғанып, Сурет салу редакторын құрастырып, оның атын Pаint деп атапты.

Осы 7 сыныпта біз Pаint графикалық редакторы , Microsoft Word бағдарламаларын өттік. Оқушыларға осы 2 тарау бойынша жоба қорғауға тапсырма берілген болатын, оқушыларға кезек береміз.

І топ: «Pаint графикалық редакторы» жоба

ІІ топ: «Microsoft Word»жоба

Оқушыларға өткен тақырып бойынша практикалық тапсырмалар беріледі.

  1. Ой қозғау «Аңшылар ойыны»

  2. Түсіну тапсырмалары «Өлең жолдарын дұрыс тауып, ретімен орналастыру»

Өлең жолдарын дұрыс тауып , ретімен компьютерде орында

Балалық шағың

Тіл жетпес тағы

Патшаның оны бағалап.

Көп өтпей жыл

Сағалап тек жүрмей

Біл күнді тек

"Балалық шақ"

М.Жұмабаев

Жауабы:

Балалық шағың-

патшаның тағы

Тіл жетпес оны бағалап.

Көп өтпей жыл,

Тек жүрмей,- біл

Ілгері күнді сағалап







Қорытындылау: Оқушыларға тес тапсырмалары үлестіріледі.

1. «Paint» графикалық редакторы не үшін қажет?

А) жазу үшін;

В) сурет салу үшін;+

С) есеп шығару үшін.

2. «Paint» графикалық редакторының терезесінің элеметтерін атаңдар.

А) тақырып жолы, жұмыс алаңы, мәзір қатары, құралдар, бояу тақтайшасы; +

В) тақырып жолы, жұмыс алаңы, құралдар, бояу тақтайшасы;

С) тақырып жолы, жұмыс алаңы

3.Paint - та бір уақытта неше түспен сурет салуға болады?

а) 1 б) 3 с) 2 + д) 4

4. Жасыру, үлкейту- кішірейту, жабу батырмалары терезенің қандай жолында орналасқан?

а) Тақырып жолы; + с) Жұмыс алаңы;

б) Меню жолы; д) Қалып - күй қатары;

5. Құралдар панеліне қандай команда арқылы барамыз?

а) Түр + с) Файл

б) Түзету д) Қою



6. Палитра не үшін қолданылады?

а) Графикалық редактор терезесінде салынған суретті негізгі және

фондық түске бояу үшін,+

б) Салынған суретті тек негізгі түспен бояу үшін,

с) Салынған суреттерді тек фондық түспен бояу үшін,

д) Осы қатарда көрінбей тұрған түстерді дайындау үшін,

7. Буфердегі суретті енгізгенде ол графикалық редактор терезесінің қай жерінде орналасады?

а) Сол жақ жоғары бұрышында+ с) Терезенің дәл ортасында

б) Оң жақ төменгі бұрышында д) Көшірме алынған обьект үстінде

8. Жұмыс алабы қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?

а) Дюйм, сантиметр, нүкте с) Дюйм, нүкте+

б) Сантиметр, нүкте д) Сантиметр



.Тест тапсырмалары.

1.Барлық дербес компьютерлерге арналып кеңтаралған операциялық жүйе.

а) Windows + ә) Команда б) Обьект

2. Жүйе жұмысын әдеттегідей аяқтау үшін ......... батырмасын басу керек.

а) ПЕРЕЗАГРУЗКА ә) ВЫКЛЮЧЕНИЕ + б) ЖДУШИЙ РЕЖИМ

3.Ұзын немесе қысқа болады.

а) Қапшықтар ә) Таңбашалар+ б) Командалар

4. ........батырмасын басқанда компьютерді өшірудің ерекше режимі таңдалады барлық ағымдағы ақпарат компьютердің жадынан қатқыл дискіге жазылады да, компьютер өшеді. а) ЖДУШИЙ РЕЖИМ ә) ВЫКЛЮЧЕНИЕ+ б) ПЕРЕЗАГРУЗКА

5. Терезені жималау батырмасы?

а) + ә) б)



6. (қайта жіктеу ) батырмасы.........

</ а) ЖДУШИЙ РЕЖИМ ә) ПЕРЕЗАГРУЗКА + б) ВЫКЛЮЧЕНИЕ

7. Тышқанның сол жақ батырмасы:

а) көмекші ә) қосымша + б) негізгі

8. Тышқанның оң жақ батырмасы:

а) көмекші ә) негізгі + б) қосымша





Үй тапсырмасын беру. Оқушыларды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал