7


  • Учителю
  • Сабақ жоспар Компьютерлік графика

Сабақ жоспар Компьютерлік графика

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысыСабақ жоспар Компьютерлік графика

Бейнеу ауданы

Атамекен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

Авезова Бибихадиша Калдурдыевна













Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері

Сабақтың мақсаты: оқушыларға компьютерлік графиканың түрлерімен және кескінді қолмен, компьютермен салу үдерістерінің негізгі айырмашылығы туралы түсінік беру

Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстырып отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту (топтық жұмыс, саяхат сабақ)

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, дидактикалық материалдар.

Сабақтың әдісі: Сөздік ( әңгімелесу, сұрақ - жауап, түсіндіру, оқыту дәрісі, баяндама);

Көрнекілік (слайд, компьютерлік).

Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Барлық модельдер қандай екі үлкен класқа бөлінеді?

2. Материалдық (заттық) модельдерге мысалдар келтіріңдер.

3. Ақпараттық модель дегеніміз не?

4. Модельдердің қасиеттерін ата.

IІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.



Компьютерлік графика - программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.Сабақ жоспар Компьютерлік графика

Компьютерлік графика - күрделі ақпараттық технологияның бірі. Онсыз әрбір веб- парақшаны, компьютер ойынын жасау, кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес.

Компьютерлік графика модельдеудің нәтижелерін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді және кескін, сұлбалар, сызбалар жасау өндірісінде пайдаланылады. Кескінді компьютерде өңдеудің басты артықшылығы - оның түзетуін шексіз жасау мүмкіндігі.

Компьютерлік графика түрлері

Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады: екіөлшемді (2D, 2 Dimensions- ден - 2 өлшеу) және үшөлшемді (3D, 3 Dimensions- ден - 3 өлшеу).

Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық векторлық және фракталды.

Растрлық кескіндердің пиксельдерден тұратынын білесіңдер. Paint- те жасалған кескіндер, фотосуреттер - растрлық кескіндеудің мысалы болып арналмаған. Олардың көмегімен коллаждарды, фотомонтажды, суреттерді қалпына келтіруді және т.б. функцияларды орындауға болады.

Растрлық графиканың мүмкіндіктері: графикалық примитивтерді қолмен

салу, мәтінге суреттер қоса отырып, көркем хабарландырулар даярлау, алынған кескіндерді сақтау және редакциялау, кескіннің кез келген бөлігін кесіп лау, желімдеп жабыстыру,сурет салу және бояу үшін кез келген түсті пайдалану.



Векторлық кескіндер сызықтар кескінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. Демек, программа бір-бірінен тәуелсіз редакцияланатын, өзгеретін, орналастырылатын нысандармен жұмыс істейді.

Векторлық графиканың құндылығы - файлдардың шағын көлемде болуы. Векторлық кескіндердің растр кескіндерінен айырмашылығы - векторлық кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді, жоғары қалпын сақтайды.



Өнімдерді көркемдеуде векторлық графика қолданылады (кітаптардың, баннерлердің, афишалардың, плакаттардың суреттемелері және т.б.).

MS Office қосымшаларын пайдаланып, өз композицияларың мен фигуралардан векторлық кескіндер құрған болатынсыңдар.

Вектролық графиканың мүмкіндіктері: объектілермен жұмыс істеу үшін қажетті әр түрлі әдістер, объектілерді реттеу, біріктіру қиылыстыруға арналған құралдар, графикалық эффектілер көп, мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі мүмкіндіктері, алынған кескіндерді сақтау

Фрактал әртүрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынан құрылады. Фракталдық кескіндер математикалық теңдеулерден құрылады. Теңдеулердің коэффициенттерін өзгертіп, тірі және өлі табиғаттың нысандарын бейнелейтін әртүрлі кескіндер алуға болады.

Фрактал графикасын пайдаланып, Жұмыс үстеліне арналған өрнектер мен фондар, веб-сайттардың текстуралары, компьютерлік ойындардың таңғажайып ландшафтары жасалады. Табиғаттағы фрактал мысалына қар қылауын, ағаштар және ағаш жапырақтарын, адамның қан қылауын, ағаштар және ағаш жапырақтарын, адамның қан жүру жүйесін жатқызуға болады 42-суретте оның компьютерлік моделі берілген.





Сабақ жоспар Компьютерлік графикаСабақ жоспар Компьютерлік графика

ІV. Сабақты бекіту.

«Домино» ойыны.

Сабақ жоспар Компьютерлік графика















V. Қорытындылау.

Сабақ жоспар Компьютерлік графика

VІ. Үй тапсырмасы



§19, сұрақтарға жауап беру, тәжірибелік жұмысты аяқтау.

VII. Бағалау













































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал