7


  • Учителю
  • Сабақта деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Сабақта деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

сабақта деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың

тиімділігі



Калиева Салтанат Абужаровна,

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің I санатты информатика пәнінің оқытушысы

Қазіргі заманда білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасы мен көлеміне, оның ойлау деңгейіне байланысты. Заман талабына сай оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақта пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі - оқу орнында арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі - өмірді оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу мен оқыту - егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту - тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындап толықтыруға болады. Оқыту - тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды қолдана отырып, жоғары білікті, білімді маман дайындау - біздің, яғни оқытушылардың, міндеті. Оқыту үрдісі тиімді өту үшін біз оқытудың ұйымдастыру түрлерін дұрыс таңдауымыз қажет. Ескі тәсілмен оқыту, түсіндірмелі - кескіндемелік (иллюстративтік) оқытулар қазіргі заман талабына сай келмейді. Қазіргі таңда студент - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, оқытушылар жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек» - деп М.Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Қазіргі таңда педагог мамандар да қазіргі заманғы озық педагогикалық технологияларды меңгеріп, оны оқыту-тәрбиелеу барысында тиімді қолданып, алдындағы студентті жан - жақты тұлға етіп дамыту үшін қандай педагогикалық технологияны пайдалануы керек екенін анықтап алуы тиіс. Бұл орайда оқыту үрдісін барынша тиімді етіп ұйымдастыру көзделеді. Яғни, студенттерге білімді жеңіл әдіс - тәсілдермен меңгерте білу керек. Сондай технологиялардың бірі - деңгейлеп оқыту технологиясы.

Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша студенттердің білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқу іс - әрекетінің негізгі түрі студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады. Өзіндік жұмыс - студенттер білімін жетілдірудің қайнар көзі, олардың рухани бай жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі бір шарты [2].

Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдана отырып, студенттердің теориялық білімін кеңейтуге болады. Бұл әдісте студенттердің оқу материалын меңгерту деңгейі 4 түрге бөлінеді:

1.Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда студенттер алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.

2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда студент оқытушының түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3.Эвристикалық деңгей. Студент өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда студенттің ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

4.Шығармашылық деңгей. Студент таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді [3].

Жылдар бойы сабақ жүргізу нәтижесінде студенттің білім сапасын көтеруге, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында жан-жақтылыққа ұмтыламыз және ізденеміз. Алдында отырған студенттің білім деңгейі, білімді менгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай. Сондықтан Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясында студенттің жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, жеңілден ауырына қарай деген принципті қолдана отырып, жүйелі түрде қойылатын мақсат - білім, білік дағдыларының тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету керек.

Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат:

  • студенттердің қабілетін ашу;

  • пәнге қызығушылығын арттыру;

  • шығармашылыққа іздендіру.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:

  • студенттердің өздігінен білімін толықтыру;

  • берілген білімді пысықтау;

  • шығармашылық қабілетін арттыру.

Осындай мәселелерді жүзеге асырар болсақ, онда осы технология арқылы:

  • студенттерге пәндік ғылыми негіздерін меңгертуге болады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:

  • әр студенттің қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сәйкес тапсырмалар орындауы;

  • оқытуды әр студенттің ерекшелігіне сәйкес бейімдеу.

Сонымен қатар, деңгейлеп оқыту технологиясы топ ішінде дарынды студенттерді анықтауға көмектеседі. Студенттердің өз бетінше деңгейлік тапсырмаларды орындауына қарай топтың білімінің қаншалықты төмен немесе жоғары екенін анықтауға болады.

Деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары:

  • Әр студент өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

  • Студенттің жеке қабілеті анықталады;

  • Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;

  • Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес студенттің ойлау қабілеті артады;

  • Әр студент өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады [2].

Деңгейлеп оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - студенттерді «қабілетті - қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай студент болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден орындайды, I деңгейді орындаған студент «3» деген бағамен бағаланады. Әр студент I деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен баяу» студент жақсы оқитын студентке ілесе алмай жатырса не істеуге болады? деген сұрақ туады, I деңгейден аса алмай жатырған жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.

Деңгейлеп оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында студент тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

Осы мақсатта күнделікті сабақты бірсарынды өткізбей, студенттерді пәнге байланысты әртүрлі деңгейленген тапсырмалар көмегімен бағалау керек, яғни студенттер берілген тапсырманы өзінің деңгейінде орындайды да әр тапсырмалардың деңгейіне қарай белгіленген ұпайға сәйкес бағаланып, бағалау қағазында барлық тапсырманың ұпай санын қосып, нәтижесінде тиісті бағасын алады. Бұл әдіс, бір жағынан, уақытты үнемдеуге тиімді және студенттердің шапшаңдығын көрсетеді. Сабақта өтілетін бағдарламаларды теория жүзінде ғана өтіп қоймай, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыратын, бағдарламаны белгілі бір салада қолдануға болатын тапсырмалар беріп жүрміз, яғни деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелігіне аса назар аударуы қажет. Студенттер тапсырмаларды орындау кезінде көмекші құрал ретінде тапсырмаларға сәйкес бейне жазбаларды ұсынған дұрыс, яғни бұл жерде «Естідім- ұмыттым, оқыдым - есімде, жасадым - білемін» деген қытай жазбасын басты назарға алу керек. Себебі студенттің есінде ауызша айтқаннан гөрі, бейне жазбамен баяндап көрсету жақсы сақталады. Деңгейленген тапсырмаларды орындатудың студенттерді жан-жақтылыққа және бағдарламаның мүмкіншіліктерін меңгертуге тиімділігі зор. Алайда, бағдарламалармен тапсырмаларды тек сабақ кезінде ғана орындау жеткіліксіз. Сондықтан бағдарламаларды тек сабақ кезінде өтіп қана қоймай, студенттерге сабақтан тыс тапсырмалар беру арқылы ізденімпаз, бағдарламаға қызығушылығы бар студенттердің бар екенін айқындаймыз және сол студенттердің одан әрі ізденуіне көмектесуге тырысамыз. Сабақтан тыс берілген бірнеше тапсырмаларды сынақ немесе аттестация кезінде оқытушы студенттерден қабылдап, деңгейіне қарай бағалау керек, яғни күнделікті сабақта қолданылатын бағалау қағазын қолданған дұрыс.

Деңгейлеп оқыту технологиясын жүзеге асыруда студенттің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, пәнге деген сүйіспеншілігі артуы ерекше орын алады.













Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. «Бағдарлы мектеп және кәсіптік білім», №4, 2013ж.

  2. «Қазақстан жоғарғы мектебі» журналы, №3, 2006 ж.

  3. «Қазақстан мектебі» журналы, №12, 2004 ж.



























































ӨТІНІШ ПАРАҒЫ



  1. Тегі, аты-жөні: Калиева Салтанат Абужаровна

  2. Оқу орны: Ақтау қаласындағы шетел тілдері колледжі

  3. Қызметі: информатика пәнінің I санатты оқытушысы

  4. Баяндама тақырыбы: Сабақта деңгейлеп оқыту технологиясын

қолданудың тиімділігі

  1. Байланыс телефоны: 8(775)6833865

  2. Электронды пошта адресі: saltanat.8.85@mail.ru</</font>

  3. Материалдар жинағының қажеттілігі: қажет













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал