7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы, 'Ақпарат қасиеттері'

Сабақтың тақырыбы, 'Ақпарат қасиеттері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітілді»

_________________

Оқу ісінің меңгерушісі

Класы:

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні:


Пән аты: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат қасиеттері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақпарат туралы оның саны, өлшемі, қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру.

Білімділік: оқушылардың ақпарат түрлері туралы түсінігін қалыптастыру, ақпарат қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерак.тақта, слайд және т.б.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Сабақты бекіту.

5.Үйге тапсырма беру

6. Бағалау

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

3.Информатикада ақпарат дегеніміз не?

4. Ақпарат көздерін ата?

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Бізді қоршаған дүние әр түрлі бейнелерге, дыбыстар мен иістерге толы. Адам баласы осы ақпараттың барлығын өзінің көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және түйсік сияқты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.Сондықтан ақпарат түрлері беру және қабылдау тәсілі бойынша анықталады.Біздің қабылдайтын иістер мен дәмдер органолептикалық ақпарат деп, көрінетін бейнелер мен символдар арқылы берілетіндері-визуалды, түйсіну арқылы берілетіндері - тактильді (дене түйсігі арқылы сезіну) ақпарат деп атайды.

Адам баласының жасайтын және пайдаланатын ақпаратты қоғамдық тағайындалуы бойынша бұқаралық, арнайы және жеке ақпарат болып бөлінеді.

Ақпаратты ұсыну түрлері.

Адам өзінің сезім мүшелері көмегімен ақпаратты қабылдайды, оны басқаларға да түсінікті болатындай етіп есте сақтап, белгілі бір түрде ұсына алады. Тіл таңбалық жүйе ретінде. Адам баласы басқа адамдармен ақпарат алмасу үшін тарихи қалыптасқан табиғи тілдерді (қазақ, орыс, ағылшын, қытай және т.б.) пайдаланады.Тілдің негізінде алфавит, яғни бір-бірінен жазылуы бойынша ажыратылатын символдар жиыны жатыр.Тіл-символдар мен ақпаратты ұсыну ережелерінің нақты жүйесі.Компьютерде ақпаратты өңдеу кезінде адам компьютерге жасанды тілде-программалау тілінде нұсқаулар береді, ары қарай осы нұсқаулар тек 0 және 1 символдарынан тұратын, «компьютерлік алфавитке» ауыстырылады.

Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті,жаңа,пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп- хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді.Ендеше техникада кез-келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

1 байт = 8бит;

1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;

1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;

1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;

Ақпарат қасиеттері.

Ақпараттың сенімділігі. Егер ақпарат істің ақиқат жағдайын бейнелейтін болса сенімді болып табылады.Сенімді емес ақпарат дұрыс түсінбеуге немесе дұрыс емес шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.

Ақпараттың толықтылығы. Егер ақпарат түсінікті және шешім қабылдау үшін жеткілікті болса, онда ол толық болып табылады.Толық емес ақпарат та, шектен тыс артық ақпарат та шешім қабылдауды тежеуі немесе қателіктерге әкелуі мүмкін.

Ақпараттың құндылығы.Ақпараттың құндылығы оның міндеттерді шешу үшін қаншалықты маңызды екендігіне, сондай-ақ алдағы уақытта адам қызметінде қаншалықты қолданылатындығына байланысты болып келеді.

Ақпараттың дер кезінде берілуі.Тек уақытында алынған ақпарат қана күтілетін нәтижеге жеткізуі мүмкін.Ақпаратты уақыттан бұрын да, кешіктіріп те бермеген дұрыс.

Ақпарттың түсініктілігі. Егер ақпарат осы ақпаратты алушылар сөйлейтін тілде берілетін болса түсінікті болады.

Ақпараттың қолжетімділігі. Ақпарат қолжетімді түрде ұсынылуы керек.Сондықтан да бірдей мәселелер мектеп оқулықтары мен ғылыми басылымдарда ьүрліше баяндалады.Бұл қажет болған жағдайда ақпаратты алу және оны игеру мүмкіндігін арттырады.

Ақпараттың қысқалығы. Бір мәселе бойынша ақпаратты қысқаша немесе кеңінен баяндауға болады.Ақпараттың қысқалығы анықтамаларда, энциклопедияларда, оқулықтарда, әр түрлі нұсқаулықтарда қажет болады.

Ақпараттың нақтылығы. Ақпараттың нақтылығы оның қарастырып отырған объектінің, процестің, құбылыстың және т.б. шынай күйіне жақындық әрежесімен анықталады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?

  • Табиғи және жасанды тілдердің бір бірінен айырмашылығы неде?

  • Ақпарат немен өлшенеді?

  • Ақпаратты ұсыну түрлері?


Үйге тапсырма: Ақпарат саны, өлшем бірлігі.Әлемнің ақпараттық бейнесі.Ақпарат қасиеттері.

Бағалау: Оқушыларды бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал