7


  • Учителю
  • Компьютерлік желі түрлері. Ғаламтор

Компьютерлік желі түрлері. Ғаламтор

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектебі информатика пәні мұғалімі Патшаева Фариза Таңсәріқызы

Сыныбы: 6 А

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желі түрлері. Ғаламтор.

Сабақтың мақсаты:

А) Компьютерлік желі түрлері туралы білу. Компьютерлер желіге не үшін қосылатынын түсіну. Браузерлер арқылы ғаламтор желісіне кіруді үйрену.

Ә)Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Б) Оқушыларды ғаламтор желісінде жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Компьютерлік желі түрлері туралы біледі. Компьютерлер желіге не үшін қосылатынын түсінеді. Браузерлер арқылы ғаламтор желісіне кіруді үйренеді.

Қолданылатын модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, ОҮБ және ОБ.

Стратегиялық іс-әрекет:

Психологиялық жаттығу, «Тілекті тізбек» әдісі, «Компьютер құру» әдісі, «Сұрақ-жауап» әдісі, «Жарнама» әдісі, «Хат келді» әдісі, «Мақал-мәтел», «Балықшы» әдісі.



Сабақ барысыЖоспар

мазмұны

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

Ресурстар

І.Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды психологиялық дайындау.

Өзін-өзі реттеу.

Үй тапсырмасын пысықтау.

10мин

Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу.

«Тілекті тізбек» (информатиканың терминдерін пайдаланып тілек айту) бір - бірімізге жақсылық тілеп, қуанышымыз бен жүрегіміздің жылуын бөлісейік. Оқушыларға компьютер құрылғыларының суреті бар парақшаларға сұрақтар жазып келемін. Сол сұрақтарға дұрыс жауап берсе тақтаға іледі, дұрыс жауап бермесе ілмейді. Ілінсе компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларының суреті шығады.

Компьютердің құрылғылары арқылы топқа бөлемін.

1-топ: Негізігі құрылғылар;

2-топ: Қосымша құрылғылар.

1.Тұсаукесер дегеніміз не?

2.Microsoft Power Point бағдарламасын қалай ашамыз?

3.Microsoft Power Point бағдарламасының пішімі қандай?

4.Слайдты көрсетілімге жіберу үшін қай батырманы басу керек?

5.Тұсаукесерді кім ойлап тапты?

6.Microsoft Power Point бағдарламасында суретті қалай кірістіреміз?

7.Тұсаукесерге қандай нысандарды кірістіругеболады?

8.Жаңа тұсаукесерді қалай құрамыз?

9.Қай батырма мәтіндік блокты кірістіруге арналған?

10.Слайд көрсетілімін қай перне үзеді?





1-оқушы Интернеттей ауқымды,

Пейілің кең болсын!

2- оқушы

Процессордай ақылды

достарың көп болсын!

3-оқушы

Power point слайдтындай

Құлпырыңыз демекпін! т.с.с.



Топқа бірігеді. Топ басшыны, уақыт бақылаушыны, хатшыны, қорғаушыны, құрал-сайманшыны және бағалаушыны сайлайды.

Стикерлер, оқулық, компьютер құрылғы-ларының суреттері.



11.Слайдқа дайын дыбыстық файлды қалай кірістіреміз?

12.Бір файлға жинақталған слайдтар нені құрайды?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Оқушылар компьютер құрылғылары-ның артындағы берілген сұрақтарға жауап беріп, тақтаға іледі.



«Тұсаукесер»

4мин

-Балалар, мына ребустарды шешіп көріңдер.

-Берілген ребустан қандай сөз шықты? Сендер не түсіндіңдер?

1-топ 2-топ

Компьютерлік желі түрлері. ҒаламторКомпьютерлік желі түрлері. Ғаламтор











Мұғалім тұжырымдамасы: Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желі түрлері. Ғаламтор.

Оқушылар ребус арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.

АКТ,

Ребус.

Негізгі бөлім

15мин

Жарнама әдісі:

1.Оқушылар, мен әр топқа тақырып беремін:

І топқа

Компьютерлік желі түрлері.

Ғаламтор

ІІ топқа

Браузерлер

Әр топ берілген тақырыптарға жарнама жасайды.

Постерге түсіріп, постер қорғайды.

Оқулыққа назар аударып, мәтінді толық оқып шығады.

Берілген тапсырма бойынша әр топ постер жасап, оны қорғайды.

Топтар бір-бірінің жұмысын

бағалайды.

Оқулық, стикер,

плакат.

Сергіту сәті

3мин

«Кім жүйрік?»

Мақал-мәтел айту. Компьютерге қатысты мақал-мәтелдердің күнделікті өмірдегі нұсқасын табу

1-топ:

1.Жігітті компьютеріне қарап бағала.

(Жігітті досына қарап бағала)

2.Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.Компьютердің жұмысы иесіне мәлім.

(Аттың сыры иесіне мәлім)

5.Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

2-топ:

1.Білмесең «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннне сұра)

2.Бір ядролы процессор жақсы, екі ядролы одан да жаксы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

3. Антивирусы күштіні- Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні-жау алмайды.)

4.Күлсең ескірген компьютерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

5.Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Оқушылар компьютерге қатысты құралған мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табады.

АКТ,

Мақал-мәтел.



Шығармашылық тапсырма

5мин

« Хат келді» әдісі арқылы оқушыларға денгейлік тапсырма беремін. Балалар бізге «Microsoft» фирмасының басшысы, әлемдегі ең бай адам Билл Гейтстен хат келді.























Оқушылар жұппен компьютерде берілген тапсырманы орындайды.

Компьютер

Стикерлер.



А-деңгейлі оқушыларға тапсырма.

Google браузері арқылы www.nur.kz</ сайтына кіріп, бүгінгі жаңалықтарды баяндау.

В-деңгейлі оқушыларға тапсырма

Шымкент қаласының бүгінгі, апталық және бір айлық ауа райын бақылау.

С-деңгейлі оқушыларға тапсырма

7-мамыр «Отан қорғаушылар» күніне арналған ақпарат және фотосуреттер жинап, реферат жасау.





Бекіту

5мин

Оқушылар біз бүгін балық аулауға шығамыз. Оқушыларға балық аулатамын, әр балыққа сұрақ қойып қоямын, оқушылар алады да жауап береді.

1.Бір бөлме ішінде орналасқан компьютерлер арасындағы байланыс түрі

2.Бір аймақта орналасқан қалалар, аудандар компьютерлері арасындағы байланыс түрі

3.Браузер дегеніміз не?

4. Қандай браузерлерді білесің?

5.Желіде жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін атаңдар?

6.Интернет желісіне қосылу үшін қажетті құрылғыны атаңдар

7.Желідегі пайдаланушы компьютерінің мекен-жайын анықтайтын мекенжай бөлігі?

8.Бір немесе бірнеше мемлекет аумағында орналасқан желілер қалай аталады?

9.Windows амалдық жүйесінің құрамына қандай браузер кіреді?

10.Интернет желісі көмегімен қашықтан оқытуды кімдер пайдалана алады?

11. E-mail қандай қызмет атқарады?

12.Браузер парағын жаңалату үшін қай батырманы басу керек?

Оқушылар әрқайсысы бір-бір балықтан алып, артында жасырылған сұрақтарға жауап береді.

Балықтар және қармақ.

Бағалау

1мин

Сабақта әр сұраққа жауап берген оқушыға фишка таратып отырамын.

Бағалау парақшасындағы жинаған ұпайлары бойынша бағалаймын.

Бағалаушы фишкаларды жинап, бүгінгі сабақта жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалайды.

Фишка,

Бағалау парағы.

Рефлексия

1мин

Не білетін едің?Компьютерлік желі түрлері. Ғаламтор

Не білдің?

Не білгің келеді?











Өз ойларын жазып, сенім ағашына іледі.

Түрлі-түсті стикерлер. Сенім ағашы.

Үй тапсырмасы

1мин

§31.

Компьютерлік желі тақырыбында Google-дан қосымша ақпарат жинау.

Оқушылар күнделіктеріне жазады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал