7


  • Учителю
  • Внеклассная работа по информатике на тему Көңілді тапқыштар (7 сынып)

Внеклассная работа по информатике на тему Көңілді тапқыштар (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



№176 орта мектебі































Көңілді тапқыштар

(сайыс)













Сыныбы: 7 сынып



Пәні : Информатика



Пән мұғалімі: Серікбайқызы Ж

































2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Көңілді тапқыштар»

Мақсаттары:

1.Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.

2. Дамытушылық. Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Көңілді тапқыштар» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазы алқаларымен танысып алайық.

Сайыс мына кезеңдер бойынша болады:

1- бөлім «Кім ақылды?».

2- бөлім «Жорға»

3- бөлім «Кім жылдам?».

4- бөлім «10 айырмашылықты тап».

5- бөлім « Мақал -сөз мәйегі».

6- бөлім «Жұмбақ шешу»

7- бөлім «Марапаттау»

Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.

1- бөлімді бастайық «Кім ақылды?». Бұл бөлімде адасқан әріптерден информатикаға қатысты сөздер құру

І топ

  1. Нимотор Монитор

  2. Пьюромтек Компьютер

  3. Ртнепри Принтер

  4. Лайф Файл

  5. Капап Папка

  6. Шекалф Флешка

  7. Рекасн Сканер

ІІ топ

1.I W D W O S N WINDOWS

2.Т ЕФИЙНЕСP ИНТЕРФЕЙС

3.R M D D O V DVDROM

4.В Р Д Й А Е Р Драйвер

5.F O I F E C OFFICE

6.Р И П Р Н Е Т Принтер

7. Ксди Диск

2 - бөлімді бастайық «Жорға» бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.





Сары конверт сұрақтары:

1. Баспа құрылғысы (принтер)

2. Компьютер теледидары (монитор)

3. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)

4. Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін)

5. Зиянкес бағдарлама (вирус)

6. Файлдар жиыны (бума)

7. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)

8. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)

9. Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)

10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)

Қызыл конверт сұрақтары:

1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс)

2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)

3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)

4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)

5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)

6. Дыбыс естілетін қорап (колонка)

7. Мәлімет енгізу құрылғысы (пернетақта)

8. Компьютердің маманы (программист)

9. Бүкіләлемдік желі (интернет)

10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)

Жасыл конверт сұрақтары:

1. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)

2. Паскаль қандай тіл (программалау тілі)

3. Компьютер сымдары (кабель)

4. Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа жету жолы)

5. Презентациялармен жұмыс істейтін бағдарлама (Power Point)

6. Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)

7. Ең ұзын перне (пробел)

8. Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)

9. Информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (5- сыныптан)

10. Графикалық ақпаратты енгізетін құрылғы (сканер)

3 - бөлімді бастайық «Кім жылдам?» . Бұл бөлімде берілген кестеден пәнге байланыстысын тауып сызып көрсету керек



4 - бөлімді бастайық «10 айырмашылықты тап»

5-бөлімді бастайық « Мақал -сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні - жау алмайды)

9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

6- бөлімді бастайық « Жұмбақ шешу» топтарға жұмбақ жасырылады, қай топ бірінші және дұрыс шешетін болса, сол топқа 10 ұпай беріледі.

1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок)

2. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)

3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә- ні қолдап қайталайтын берген (пернетақта)

4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы(тышқан)

5. Қағазға тойматын құрылғы (принтер)

6. Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)

Осымен 6-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшантық бұл сайыста қажет екен.-деп



































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал