- Учителю
- Презентация по информатика Векторлык графиканы Өңдеу.
Презентация по информатика Векторлык графиканы Өңдеу.
Пән Информатика сынып 7 Күні 11.02.16 ж.
сабақ №: 21
Тақырып: Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі.
Мақсат: Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсімен таныстыру, Inkscape векторлық редакторында жұмыс істеуге үйрету.
Білімділік - Оқушыларды Inkscape векторлық графикасының редакторымен және оның интерфейсімен таныстыра отырып, осы редакторда қарапайым құралдармен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық - Оқушыларды теорияда алған білімдерін оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік - Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: теория-практика.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК-лер, интерактивті тақта, оқулықтар, дәптерлер, видео, PaintNet, Inkscape, My test бағдалрамалары.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
- Сәлеметсіздер ме, балалар?!
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Сабаққа дайындық қалай?
- Бүгінгі сабақта мен сендерге сәттілік тілеймін
- Бір -бірімізге сабақтың жақсы және де қызықты өтуіне тілектер тілейік.
- Сәлеметсіз бе?!
- Керемет! Жақсы! және т.с.с
- Жақсы
- Рахмет
Оқушылар бір-бірлеріне «Саған 5 деген баға тілеймін», «Өмірде жеңілме!», «Сәттілік саған серік болсын!» деген тілектеп айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
10 мин
Карточкамен жұмыс
1-жаттығу
2-жаттығуДұрыс
Бұрыс
Векторлық графика элементтері өлшемін өзгерткен кезде кескін сапасын өзгертеді.
Фракталды графиканы пайдаланып, ағаш бұтағын немесе қар қиыршықтарын модельдеуге болады.
Растрлық графиканы нүктелік деп атайды.
Векторлық кескіннің негізгі параметрі-ажыратымдылығы (разрешение).
Фракталды кескін пиксельдерден құралады.
3-жаттығу.
Жауаптары:
1-жаттығу
2-жаттығуДұрыс
Бұрыс
Векторлық графика элементтері өлшемін өзгерткен кезде кескін сапасын өзгертеді.
+
Фракталды графиканы пайдаланып, ағаш бұтағын немесе қар қиыршықтарын модельдеуге болады.
+
Растрлық графиканы нүктелік деп атайды.
+
Векторлық кескіннің негізгі параметрі-ажыратымдылығы (разрешение).
+
Фракталды кескін пиксельдерден құралады.
+
3-жаттығу.
ІII. Жаңа тақырыпты түсіндіру 10 мин
|
Inkscape векторлық графикасының редакторы Inkscape1 - тегін таратылатын, ашық коды бар векторлық графиканы өңдеу редакторы. Inkscape басқа тегін графикалық редакторлар сияқты, баяу жұмыс істейді, себебі ол компьютер ресурстарынан талап етіледі. Дегенмен, осы редакторда сайттың батырмасынан бастап, баннерлерге, визиткадан кітаптың суреттеріне дейінгі әртүрлі кескіндерді жасауға болады. Программаны қосу әдеттегі тәсілдер арқылы іске асырылады: Жұмыс үстеліндегі жарлықты басу немесе операциялық жүйенің басты мәзірі арқылы. Inkscape редакторының интерфейсі Редактор терезесі 9 элементтен тұрады (44 сурет). Интерфейстің параметрлері - тіл, құралдар батырмаларының өлшемдерін және т.б. баптау Файл => Inkscape баптау => Интерфейс бұйрығымен орындалады. Өзгертулерді көру үшін редакторды қайта жүктеу керек.
Элементтердің көрінуі Түр (көрсету немесе жасыру) мәзірін баптау арқылы іске асырылады.
батырмасының болуы панельдің тұтас көрсетілмегенін білдіреді. Батырманы шертсек, басқа бұйрықтарды тізім ретінде ашып көрсетеді.
Құралдар панелінен қандай құрал таңдағандарыңа байланысты, контекстік Құралдар параметрлері панелінің батырмалары да өзгереді. Құралдың қызметін оған тінтуірдің меңзерін апару арқылы білуге болады. Перне қызметі құрал атауының жанында бейнеленеді (мысалы, шеңбер сызу үшін Ғ5 пернесін басу керек). Тор мен бағыттауыштар дәл жайғастыруды орындауға арналған. Бағыттауышты жасау үшін (F1) ерекшелеу құралын таңдап және тінтуірдің сол батырмасын басып тұрып, көлденең және тік сызғышты апару керек. Осы кезде қалып-күй жолағындағы координаттарды бақылаңдар. Бағыттауышты жою үшін оны қайтадан сызғышқа апару керек. Жұмысты бастамас бұрын құжаттың қасиеттерін анықтау керек: өлшем, фон, бағыттауыштардың параметрлері, торлар және т.б. Осы сұхбатта өлшем бірліктерін таңдауға болады: Файл => Құжаттың қасиеттері. Құжаттарды жасау мен сақтау Құжатты Файл => Құру бұйрығы арқылы орындауға болады. Одан басқа файлдағы кескіндерді Inkscape ашық құжатына импорттауға болады. Inkscape әр құжатқа жеке терезе ашады. Егер сендер редакциялауды кейінірек жалғастыратын болсаңдар, онда оны сақтау жеткілікті: Файл => Сақтау. Үнсіз келісім бойынша құжат Inkscape SVG пішімінде сақталады. Басқа көптеген графикалық редакторлар бұл пішімді дұрыс өңдемеуі мүмкін, сондықтан да кескінді сәйкестендіру үшін оны Қарапайым SVG, PNG, EPS және т.б. пішімдерінде сақтау керек. Одан басқа, Inkscape-те дайындалған суретті растрлық пішімге түрлендіруге мүмкіндік бар: Файл => Растрлыққа экспорттау. Түсті таңдау Кескіннің бояу палртрасы мен оның баптауын өзгертуді ◄ батырмасын шерту арқылы орындауға болады. Үнсіз келісім бойынша Inkscape default бояу палитрасы таңдалған, бір жолаққа сыймайтын барлық түстерді бояу палитрасының төменгі жағында орналасқан айналдыру жолағын қолдану арқылы қарап шығуға болады. (ДК-ін қосып, Inkscape бағдарламасында тапсырманы орындайды)
Түсті баптау үшін Құйма бояу мен жиектеу сұхбаты да қолданылады. Ол Нысан => Құйма бояу мен жиектеу (45-сурет ) бұйрығымен ашылады. Жиі қолданылатын сұхбаттарды ашып және жиырып қойса, онда олар кез келген уақытта қол астында болады әрі программаның терезесінде орын алмайды (46-сурет ). Түзету => Болдырмау бұйрығымен немесе Басқару панеліндегі сәйкес батырманы басу арқылы әрекетті болдырмауға болады. Барлық іс-әрекеттер тізімі Іс-әрекеттер тарихы (Түзету => Іс-әрекеттер тарихы немесе Shift + Crtl + Н) сұхбатында көрсетіледі.
Түйін
тың қасиеттері бұйрығымен шақырылатын сұхбатта орындауға болады.
Суреттерді басқа редакторлар қолдайтын пішімдерге экспорттауға болады.
| ||
IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс 10 мин |
112-113 б.б., компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды. |
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
бояу палитрасында жасыл құю түсін таңдаңдар.
арналған программа арқылы көріңдер. Кенептің сыртындағы нысандардың сақталмайтынына назар аударыңдар.
орнатыңдар: Түр => Маштаб Айналдыру параметрлерін өзгертіңдер - тінтуір дөңгелекшесін 100 пиксельге айналдырады.
| |
V. Сергіту сәті 2 мин |
Видеоға қарап көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындайды. |
Жаттығуды орындарында отырып орындау. | |
VI. Бекіту 5 мин |
ДК-де My test бағдарламасында орындайды. |
Тест 1. Inkscape редакторында файлдардың стандартты пішімін көрсетіңдер: А) Inkscape SVG* В) қарапайым SVG С) PNG D) JPG
5. Палитрадан жиектеу түсін таңдау кезінде, қандай батырманы ұстап тұру керек? А) Alt В) Ctrl С) Shift D) CapsLock | |
VIІ. Рефлексия 2 мин |
«Блоб» ағашы»
|
| |
VIII. Бағалау 2 мин |
Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын. |
Күнделіктеріне баға қойдырады. | |
ІХ.Үй жұмысы 2 мин |
21 оқу, конспект |
Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады. |