7


  • Учителю
  • Тұсаукесерді безендіру /ашық сабақ 6-сынып/

Тұсаукесерді безендіру /ашық сабақ 6-сынып/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Информатика

Сабақтың тақырыбы

Тұсаукесерді безендіру

«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ

Күні :14.04.2016 ж

Информатика пәні мұғалімі: А.Н.Жазыкбекова

Сынып: 6

Қатысқандар саны:10



Қатыспағандар саны:

Сілтеме

МАН, Оқулық 6- сынып Е.А.Вьюшкова,Н.В.Параскун,Б.Қ.Әбенов



Сабақ негізделген оқу мақсаты/мақсаттары/:

Оқушылардың тұсаукесер жайлы мағулматтарын толықтыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар :

Тұсаукесерді безендіру туралы мәлімет алады.

Оқушылардың басым бөлігі

Тұсаукесерді безендіріп,жасау жолдарын үйренеді

Кейбір оқушылар

Жолақтың Дизайн бөлімі слайдты безендіру үшін қолданылатынын түсінеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар

Тұсаукесерді безендіріп слайд арқылы көрсету

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Көрме,слайд,дизайн

Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:түстер сызбасы,фон мәнерлері

Талқылауға арналған тармақтар:

Дизайн арқылы безендіру,түстер пішімін өзгерту

Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?

Тұсаукесер мәтіні компьютерде орыс тілінде берілген,содан қиындық туындайды.

Жазылым бойынша ұсыныстар

Компьютерден слайд жасап үйренеді

Алдыңғы оқу

Бұрынғы өткен 27 тақырыпқа шолу,үй жұмысын тексеру



Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар/төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар,ескертпелерді жазыңыз/



Ресурстар

Бағалау

Басталуы































«Блум түймедағы»

Сәлемдесу



Шаттық шеңбері

  • Бір-біріне ізгі тілек айтып,,жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру

  • Компьютер бөліктері арқылы топтарға бөлу

  • Топ мүшелерінен топ ережесін еске түсіру

«Білу» күлтешесі

Өзіңді тексер әдісін қолданып алдыңғы оқуды тексеру

Сұрақтар беру

Миға шабуыл

Оқушыларға ребус беріледі.Сол арқылы тақырыпты еске түсіреді

«Түсіну» күлтешесі

Слайдтан тұсаукесерді қалай безендіру қажеттігін түсінеді. Оқулықпен жұмыс атқарады.



























Интерактивті тақта,маркер, түрлі түсті бояу,бағалау парақтары, стикерлер,

Информатика оқулығы,

МАН

Интернет ресурстар







Бағалау парақтары





Оқулық және интербелсенді тақта



























Өзін-өзі бағалау

Ортасы

«Қолдану» күлтешесі

Оқушылар компьютерде тәжірибелік жұмыс орындайды. 7 кем емес тұсаукесер жасап безендіру.Деңгейлік бағдарлама бойынша жұмыс атқарады. Ең бірінші аяқтаған оқушыны ескеріп, смайликтермен білдіреді.

«Талдау» күлтешесі

Ой толғаныс кезеңі

Әр оқушы өзінің жасаған тұсаукесері бойынша мәлімет береді.



























Компьютер,

тұсаукесер







Оқушылардың толықтай бағалануын қадағалау

Аяқталуы

Сергіту сәті

«Жинақтау» күлтешесі

Жіңішке сұрақтарға жауап беру

«Бағалау» күлтешесі

Кері байланыс

Үй тапсырмасы

Оқушыларды бағалау

Тұсаукесер

Өзін-өзі бағалау











Қорытынды бағалау

Қосымша ақпарат:

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ -мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс







Компьютерлік тест , қосымша сұрақтар

Көзге жаттығу,экран мен көз арақашықтығын сақтау ережелері,саусақтармен жаттығу

Мұғалім бағалауы

1.Жеке бағалауды

2.Топтық бағалауды ескеру арқылы қорытынды баға шығару



Рефлексия



























Өзіңді тексер

  1. Тұсаукесерді безендіру үшін жолақтың қай тіркеме парағы жауап береді?

А/ Басты

В/ Кірістіру

С/ Дизайн

Д/ түр

  1. Тұсаукесер безендіруін нені түзетіп,өзгерте аламыз?

А/ тақырыбын

В/ анимацияны

С/ әріптерді

Д/ әсерлерді

3.Слайдтарға,ескертпелер беттеріне немесе үлестіру материалдарына қолданылатын сегіз үйлесімді түстерден таңдап алынған жиын-ол:

А/ тақырып

В/ түстер сызбасы

С/ әріптер

Д/ әсерлер

4.Фонның құйып бояуының түсін өзгерту үшін қандай бұйрықты шақыру керек?

А/ Дизайн Фонның мәнерлері Фонның пішімі

В/ Дизайн Беттің параметрлері

С/ Дизайн Түстер сызбасы

Д/ Тақырып



Тапсырмалар

Ұпай саны

1

Үй тапсырмасы



2

Ребус шешу



3

Компьютермен жұмыс



4

Жіңішке сұрақтар



5

Блум түймедағы



Жалпы ұпай саны:



Баға:





Тұсаукесерді безендіру /ашық сабақ 6-сынып/

Тұсаукесерді безендіру /ашық сабақ 6-сынып/Тұсаукесерді безендіру /ашық сабақ 6-сынып/Тұсаукесерді безендіру /ашық сабақ 6-сынып/





Тұсаукесерді безендіру /ашық сабақ 6-сынып/

Тұсаукесерді безендіру /ашық сабақ 6-сынып/

Сабаққа рефлексияШығу парағы

Мен бүгін . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . білдім.

Сабақтың. . . . . . . . . . . . .. қызықты болды, ал . . . . . . . . . . . .. . қиындық туғызды.

Мен . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . .тапсырмаларды орындадым.

Өмір үшін бұл сабақ маған . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . берді.

Енді мен . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . орындай аламын.

















































14 - сәуір 2016 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылы «Ақши орта мектебі» КММ өтілген аудан мұғалімдерінің семинары туралы рефлексивті тұжырымдама

Семинар сағат 9-00 келушілерді тіркеуден басталды. Мен сабақ өткізетін болғандықтан мектепке ерте бардым. Сабақ өтетін сыныпты көріп,информатик мұғаліммен кездестім. Жас маман Михрибан Юсупқызы жылы шыраймен қарсы алды.

Семинардың салтанатты ашылуын мектеп директоры Салтанат Сагатовна бастады. Аудандық білім бөлімінің маманы Гулжан Мухаметжановна семинардың бағдарламасымен таныстырып,қатысушылар мен сабақ өткізетін ұстаздарға сәттілік тіледі.

Келген ұстаздар бірінші өтілетін 6 сабаққа бөлініп қатысты.

«Тұсаукесерді безендіру» тақырыбындағы 6 сыныптағы сабағыма мектеп директоры Салтанат Сағатовна және де 6 мұғалім қатысты.

Сабақ оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып,жағымды психологиялық ахуал орнатудан басталды. Мозайка әдісі бойынша компьютер бөліктерін топтастыру арқылы екі топқа топтасты. Интербелсенді тақта арқылы ребустың шешуін тауып,сол арқылы топ аттары анықталды. 1-топ Слайд,2- топ Көрме

Оқушылар білімін бағалау үшін бағалау парақтары таратылды.

Үй тапсырмасын сұрау тақта арқылы жүргізілді. Оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап берді. Топ мүшелері бірлесе жұмыс атқарды.Бір -біріне көмек көрсетті.

Жаңа материалды игеру үшін оқулықпен жұмыс атқару тапсырылды. Интер белсенді тақта арқылы тұсаукесерді безендіру туралы мағулмат берілді. Оқушылар өз беттерінше жұмыс атқарып, жаңа материалды меңгеру үшін компьютерде практикалық жұмыс атқарды.

Сабақ жоспары Блум таксономиясына негізделіп жасалғандықтан, оқушылар әр кезеңде біртіндеп жұмыс атқарды. Тұсаукесерді безендіруде видео, түрлі суреттер қолданды.

Атқарылған жұмысты анализдеу үшін әр оқушы өзі жасаған слайд бойынша қысқаша түсінік берді.

Сол бойынша өздерінің жіберген грамматикалық қателерін де түзеді.

Сабақты жинақтап қорыту барысында оқушылар,жіңішке сұрақтарға жауап берді. Дұрыс жауаптың белгісі жасыл түске енді.

Бағалауда әр оқушы өзінің жинаған балының қорытындысын шығарып, айтты. Мен өзім тапсырманы жақсы орындаған оқушыларға сабақтың кезеңдерінд смайликтер арқылы марапаттап отырдым. Соңынан қорытынды бағалары қойылды. Үйге тапсырма өз отбасы туралы тұсаукесер жасауға берілді.

Кері байланыс орнату мақсатында әр оқушы шығу парақшасын толтырды. Шығу парақшасын оқып отырып,мен оқушылар слайд жасауда белсенді болғанын көрдім.Кейбір оқушылардың уақытты тиімді пайдаланбағандықтан тапсырманы толық орындай алмағанын байқадым. Басқа мұғалім сабақ өткендіктен де, оқушылар өздерін еркін сезіне алмады. Болашақта оқушылар жақсы слайдтар жасап,көркемдей алады деп сенемін.



Семинардың екінші кезеңі мәжіліс залында шебер сыныптар мен коучингтардан басталды.

«Блум таксономиясы мен оқу мақсаттары байланысы бойынша табыс критерийлерін анықтау» мақсатында В.Терешкова мектебінің 1-деңгейлі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Лена Манасқызы шеберлік сынып көрсетті. Лена Сәкен,Бейімбет,Ільяс туралы «Үш арыс» тақырыбын Блум жүйесіне салып,талдауды тапсырды. Біз барлығымыз 3 топқа біріге отырып, топ бойынша постер жасадық.Лена бізге қажетті құрал ретінде Етістіктер мен сұрақтар беріп,сол арқылы бірлесе жұмыс атқардық.Сабақ соңында топтық жұмысты Блум таксаномиясы негізінде бағалау критерийлерін таратты. Сабақ соңында мен Блум жүйесінде бағалау барысында оқушы білім емес, тақырыптың бағаланатынын білдім.Мен үшін ерекше әсер берді.

Әль-Фараби мектебінің мұғалімі Рауан Жайлаубековна «Блум таксономиясы арқылы тақырыпты меңгерудің тиімділігі» тақырыбындағы коучинг сессия тартымды ,қызықты өтті. Түрлі психологиялық тренингтер мен мол мәліметтер алдық. Рауан жас болса да ,білімді ,сабырлы ,еңбекқор ұстаз екенні көрсетті. Рауанға мың алғыс айттық.

«Оқу мақсаттарының бағалау» тақырыбындағы тренингте Ақши орта мектебінің мұғалімі Гулмира Дүйсеновна аудиторияны өзіне ерекше тарта білді. Аңыз әңгіме арқылы әр іс нәтижесі адамның өзінің қолында екенін нақты байқатты. Ұстаздар коучингтан жақсы әсер алды. Барлық нәрсе өз қолымызда деген ой түйіндедік.

Мектеп көшбасшысы Салтанат Сағатовна «блум таксономиясы мен оқу мақсаттарының байланысы» деген тақырыпта коучинг сессия өткізді. Бағдарлама шетіндегі от,су,күн,ай суреттері арқылы топқа бөлді. Жағымды психологиялық ахуал орнатқаннан кейін, топ мүшелеріне «Ұлы Отан соғысы» тақырыбын Блум таксономиясына салып, жіктеуді тапсырды.Әр топ Блум жүйесінің тармақтарына сала отырып, постер жасады. Біздің топ «Ай» тобы Блум жүйесінің білу,түсіну бөліміне сала отырып, соғыс туралы оқушылар нені айтуы қажет екенін талдап,қорғадық. Сол сияқты басқа топтар да қызу талқыға салып,қорғады. Интербелсенді тақта арқылы Блум жүйесінің оқу мақсаттарымен байланысына кеңінен тоқталды. Барлығымыз бірлесе отырып, сергіту жасап, көңіліміз көтерілді.Шаршағанымызды ұмытып,ерекше көңіл күйде болдым. Салтанат Сағатовнаның еңбегіне табыс тілеп, алғысымды білдірдім.

Семинарды қорытындылаған аудандық білім бөлімінің маманы Гулжан Мұхаметжановна жаңа білім мазмұныны жаңартудағы Блум жүйесінің маңызын атап өтті. Сабақ барысына қолданудың тиімділігін айтып, семинарды «өте жақсы» деп бағалады. Семинар ұйымдастырған мектеп басшылығына, «Шуақ» желілік қоғамдастық мүшелеріне,оның координаторы Айман Абдуллаевнаға ерекше алғыс сезімін жеткізді.Біз де өз тарапымыздан ризашылығымзы білдіріп, мол білім алып,ерекше сезімде мектеп ұжымымен қоштастық.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал