7


  • Учителю
  • ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары

ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақ №7 Сынып: 6 «Г» Күні: 15.10.2014

Тексерген: ____________________ Пән мұғалімі: Дүйсембиева Г.Р.


Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Бұрын алған теориялық білімдерді бір жүйеге келтіріп, дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру, информатика пәніне қызығушылығын арттыру, жаңа сабақты түсіндіру.

  2. Тәрбиелік: жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу және эстетикалық талғамы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

  3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту, өз пікірін айтуға, пайымдауға талпындыру.

Сабақтың түрлері: практикалық сабақ

Сабақтың әдісі:

  1. Иллюстрациялық түсіндіру. Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу.

  2. Репродуктивті әдіс. Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту

  3. Зерттеу әдісі. Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығарту, үлестірмелі материалдармен жұмыс.

  4. Эвристикалық әдіс. Ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсатты немесе міндетті мұғалімнің көмегі арқылы шешу.

  5. Мақсатты әдіс. Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар одан әрі әрекетке көшеді.

Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі.

  1. Жекелік үлгі-танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

  2. Жан-жақтылы барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.

  3. Топтық жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

  4. Ұжымдық форма-ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: презентация слайдтарын қолдану, үлестірме қағаздағы тапсырмалар.

Пән аралық байланыс: математика, ағылшын тілі, физика


Сабақтыңбарысы:

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

А) сәлемдесу;

Ә) оқушыларды түгендеу және сабаққа дайындығын қадағалау.

Б) Топқа бөлу

3 мин

Өткен бөлімдерді тексеру кезеңі.Өткен бөлімді қайталау мақсатында «Ақпарат әлеміне саяхат» атты сайыс өткіземіз.

Сайысымыздың бағдарламасы:

  1. Таныстыру (Әр топ өздерін таныстыру)

  2. «Келесі» ойыны (Сұрақтар қою)

  3. «Ойлан, тап!»

  4. «Кім жылдам, әрі тапқыр»

  5. «Қатені тап» ойыны

  1. бөлім. «Таныстыру»

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен, ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз атын таныстырады).

  1. бөлім. «Келесі» ойыны.

Шарты: әр топқа 6 сұрақтан қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі топтың сайыскерлері жауап береді. Әр дұрыс жауапқа топқа 5 ұпайдан қосылады.

«_________» тобына:

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  2. Сурет салуға арналған программа (пайнт)

  3. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)

  4. Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)

  5. Масштаб құралының қызметі (суреттің үзінділерін үлкейту)

  6. 1 байтта неше бит бар? (8)

  7. «Жаңа Ғасыр» сөзінде неше бит

«________» тобына:

  1. Екілік жүйесінің сандары (0,1)

  2. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)

  3. Компьютердің «миы» (процессор)

  4. Paint графикалық редакторның терезесінің элементтері (тақырып жолағы, меню жолы, құралдар жиыны, сурет салу алаңы, түстер палитрасы).

  5. Жазу құралының қызметі (сурет ішіне мәтін орналастырады)

  6. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

  7. «Информатика» сөзінде неше бит бар?

3-ші кезеңі «Ойлан, тап!»

Бұл кезеңде парақта көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері суреттерді көрмейді. Әр сурет 4 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі тиіс.

4-ші кезеңі «Кім жылдам, әрі тапқыр»


1. Ребустарды шешу.

«________» тобына:

Жауабы: «Пайнт»

2. Берілген «Фывапролджэюбьтимсчяйцукенгшщзхъ» тізбегінен компьютер терминіне байланысты сөздерді құрастыр. Бір әріп бірнеше рет қайталануына болады. Екі топтың қайсысы көп сөз құрастырса, ұпай саны көбірек қосылады. Мысалы; Файл, диск, форма, код, компьютер, колонка, мышь, курсор, т.с.

1. Ребустарды шешу.

«________» тобына:


Жауабы: «Компьютер»


2. Кестеде әріптер орналасқан, осылардан Paint графикалық редакторының құралдарының атын оқи аламыз. Қай топ бірінші болып, барлық сурет салу құралдарын тапса, сол жеңіске жетеді.

Жауаптары: өшіргіш, қарындаш, қисық сызық, құю, кисть, масштаб, эллипс, бүріккіш, жазу.


  1. бөлім. «Қатені тап»

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

«________» тобына:

  1. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын.

Жауабы: 3 қате жіберілген

1. Word графикалық редактор емес

2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес

3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.

«Тапқырлар» тобына:

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

  1. Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын

Жауабы: 8 қате жіберілген

1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет

2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі

3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды

4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады

5. Сәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады

6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек

7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады

8. Плоттердің екінші аты - графиксызғыш құрылғы

25 мин

Жаңа сабақ

Слайд көрсетіледі


мин

Бекіту кезеңі

  • Кубизм әдісі бойынша сұрақ -жауап

5 мин

Оқушылардың білімін бағалау, үй тапсырмасын хабарлау және нұсқау беру кезеңі

  1. Сабақ қорытындысы

Тест арқылы сабақты қорытындылау.

Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау


Оқушының аты-жөні

Сабаққа

қатысуы

Құрал- жабдықтар

Өткен тақырып-ты қайталау Сайыс сабақ

Тест

Жалпы бағасы

1.

2.

3.

4.

5.

6.

...

Үй тапсырмасы

ДК сәулетінің даму тарихына қосымша мәлімет.Оқулықтан тест орындау 57 бет


2 мин




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал