7


Power Point (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: MS PowerPoint деген не?

Сабақ мақсаты: а) MS PowerPoint туралы мағлұмат беру.

Б) MS PowerPoint қолдануды дамыту.

В)оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, еңбексүйгіштікке, өз бетімен тапсырманы орындай білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Тапсырма-карточкалар

Сабақ түрі: Өздік жұмыс жасату

Сабақ әдісі: Практикум элементтерін қолданып, жеке жұмыс жасату

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақты карточклара арқылы түсіндіру

Жаңа сабақтың тапсырмаларын тексеру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәлеметсіңдер ме?

Жаңа сабағымыз MS PowerPoint деген не?

MS PowerPoint - көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме - Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы.

PowerPoint-тың негізгі міндеті - ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме - бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор,өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтарды тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.

PowerPoint бағдарламасымына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады: Бастау - Бас иәзір - Бағдарламалар - MS PowerPoint

Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (лат. Praesento тапсырамын немесе ағыл. Present - ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниеі ұсыну. Қорытып айтқанда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну - бұл әрдайым презентация.

Біз презентация деген кезде оның техникалық жағын, яғни белгілі бір тақырыпқа байланысты слайдтардың сатылы жиынтығын түсінеміз. Олар әдетте бір стильде және тиесілі баяндамашы ескертулері, тындаушыларға тарататын материал.

Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескертц парағымен бірге келеді. Бұл параққа түсініктеме мәтінді оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның басты, керекті сәттерін және оған қатысты жағдайларды фиксациялау кезінде қолданылады.

Ескерту, парақтарын слайдтардың әр түрлі саны үшін қалыптастыруға болады, және де, осы парақтарға презентациямен бірге жүретін сценарийді енгізуге болады.

Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд-фильм деп те атайды. Слайд-фильмдерді жасап шығаруға арналған анайы құралдар - графикалық пакеттер де бар. Осы құралдардың бірі - MS Office құрамдасы Windows-тың қосымшасы PowerPoint ghjuhfvvfcs7

PowerPoint қосымшасының неше түрлі объекттерді (мәтін, кесте, графика жасау т.б.) үшін керекті жеке мүмкіншіліктері болғанымен, оның Microsoft Office дестесінің басқа да құрамдастарымен тығыз байланысуының арқасында пайдаланушы әбден жасалған материалдарды қолдану мүмкіндігіне ие болады. Мысалы:

  • Мәтін Word мәтіндік редакторында дайындала алады;

  • Формулалар - Microsoft Equatuon қосымшасында;

  • </ Кестелер - Microsoft Excel кестелік процессорында;

  • Бағаналар (диаграммы) - Microsoft Graph қосымшасында;

  • Әдеби тақырыптар - Microsoft Word Art қосымшасында және т.с.с.

PowerPoint әр түрлі презентацияны көруді қамтамасыз етеді. Мыналарға арналған:

  • Компьютер экранында автономды көрсету үшін;

  • Компьютерді проектор арқылы көрсетуге;

  • Оптикалық құрал арқылы демонстрациялау мақсатында мөлдір қабықшаға басып шығаруға;

  • Оптикалық слайд-проектор арқылы демонстрациялау мақсатында 35 мм диапозитивті фотопленкаға басып шығаруға;

  • Дәл осы шақта жортда көрсету үшін;

  • Кейіннен пайдаланушының автономды көріп шығуына болатындай етіп желілік ортада жариялау үшін;

  • Хат алушылардың автономды көріп шығуына болатындай етіп электронды почта арқылы жіберу үшін;

  • Қызыққандарға тарату мақсатында қағазға басып шығару үшін.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. MS PowerPoint қосымшасы қандай қызмет атқарады?

  2. PowerPoint көрмесі деген не?

  3. Көрме неден тұрады?

  4. Кәдімгі PowerPoint көрмесі қамтитын файлдың кеңейтімін көрсетіңіз.

  5. PowerPoint бағдарламасы қалай іске қосылады?

Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып келу.







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал