7


  • Учителю
  • Поурочный план 'Графиктік процедуралар' (9 класс)

Поурочный план 'Графиктік процедуралар' (9 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: " Графиктік процедуралар"
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға паскаль программалау тілінде текстік және

графикалық обектілермен жұмыс жасап үйренуге жағдай жасау;
2. Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін меңгерту арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.
3. Оқушылардың зейінін Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін меңгеруге аудару, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ДК, интербелсенді тақта, флипчарт.
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық бүгін күн,

Қайырлы таң, қайырлы күн!
1. Оқушыларды түгендеу
2. Сабаққа дайындықтарын тексеру
3. Сабақтың мақсатын айту
ІІ. «Ой түрткі» сұрақтар.

  1. Айнымалыларды сипаттау бөлімі?

  2. Бағдарламаны орындау нәтижесінде қандай сан шығады?

var b,s:integer;

begin

b:=5; s:=1;

b:=b*0; s:=s+b;

write(s);

end.

  1. Егер 6 саны енгізілсе, бұл бағдарламаны орындағанда қандай сан шығады?

var x, y, i: integer;

begin

readln(x);

x:=x+2;

write(x);

end.

  1. Бағдарлама басы соңы қалай аталады?

  2. Егер 7 саны енгізілсе, бұл бағдарламаны орындағанда қандай сан шығады?

var b,z,x,y:integer;

begin

readln(b); x:=0;

begin

y:=z mod 2; x:=x+y;

end;

write(x);

end.

  1. Егер 14 саны енгізілсе, бұл бағдарламаны орындағанда қандай сан шығады?

var x:integer;

begin

readln(x);

x:=-1; x:=abs(x+16);

write(x);

end.

ІІІ. «Ой қозғау»

Компьютерлік графика қай салада қолданылады?

Архитектор, астроном, дизайнер, инженер-конструктор, модельер, мультипликатор, ұшқыш, ғалым, суретші, программист

IV. Мағынаны тану

2-топқа тақырып бөлініп беріледі. Оқиды, қорғайды.

V. «Ой толғаныс»

1-топ:

Кестедегі «Жазылу үлгісі», «Атқаратын қызметі» бағандарын толтырыңыздар.
Графикалық процедуралар ---------- Жазылу үлгісі --------------- Атқаратын қызметтері
LINE
RECTANGLE
BAR
CIRCLE
ELLIPSE
ARC
FLOODFILL
PUTPIXEL
OUTTEXT
OUTTEXTXY
SETTEXTSTYLE
SETUSERSIZE
SETBKCOLOR
SETCOLOR
2-топ:

Аталған фигура және процедураларды программалау тіліне аударып (ағылшын тілінде), сауатты жазыңдар.
1. Түс, 2. Боялған нүкте, 3. Түзу (сызық), 4. Тіктөртбұрыш, 5. Іші боялған тіктөртбұрыш, 6. Шеңбер, 7. Экранның фонының түсі, 8. Фигура жиегінің түсі, 9. Тұйық облыстың үшін бояу, 10. Эллипс, 11. Доға, 12. Берілген орнынан (позициядан) бастап экранға мәтін жолын шығаратын процедура.
(Color, PutPixel, Line, Rectangle, Bar, Circle, SetBkColor, SetColor, FloodFill, Ellipse, Arc, Outtext)
VI. Практикалық жұмыс.
№1 тапсырма. Тек бір геометриялық фигураны пайдаланып сурет салыңыз; графигін құрып, оның программасын жазыңдар.
1-топ - түзу (сызық);

2-топ - шеңбер;

VІI. Сабақты бекіту.
Тест тапсырмасы.
VІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х. Үй тапсырмасы: «Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар» тақырыбын оқу.

суретін шығаратын программа құру.

ХІ. Сабақты аяқтау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал