- Учителю
- Сыныптан тыс шара, 5-6-сыныптар «Озық ойлы дарындылар»
Сыныптан тыс шара, 5-6-сыныптар «Озық ойлы дарындылар»
«Озық ойлы дарындылар»
(Сыныптан тыс шара, 5-6-сыныптар)
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, алған білімдерін қорытындылауды, ой өрісін және танымдық қабілеттерін, ынталарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу
Сайыстың кезеңдері:
І. «Ой ашар»
ІІ. «Ғажайып алаң»
ІІІ. «Жүз бір жұмбақ»
ІҮ. «Адасқан әріптер»
Ү. «Біреуі артық»
ҮІ. «Мың бір мақал»
І. «Ой ашар»
Бұл кезеңде сайысқа қатысушы оқушыларға 10 сұрақ қойылады. Қойылған сұраққа тез арада дұрыс жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ)
2. Бөлменің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық отыр? (4 мысық)
3. Компьютердің «миы» (процессор)
4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (біреуі дорбасымен алды)
5. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
6. Компьютер жадының қандай түрлері бар?(ішкі жад, сыртқы жад)
7. Компьютердің негізгі құрылғыларына нелер жатады?(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)
8. Тышқан құрылғысының неше түрі бар?(3 түрі бар, сымсыз, лазерлік, механикалық)
9. «Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жер өлшеу)
10. Қандай екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең? (5 пен3)
ІІ. «Ғажайып алаң»
Математика және информатика пәндері бойынша ұяшықтардың деңгейіне қарай сұрақтар жасырылған. Әр ұяшыққа сәйкес ұпайлары беріледі.
Математика
20
30
40
Информатика
20
30
40
Математика
20 - у=х2 функциясының графигі қалай аталады? (парабола)
30 - Сыбайлас бұрыштардың біреуі 400 болса,екіншісі нешеге тең? (1400)
40 - Вертикаль бұрыштардың біреуі 300, қалған бұрыштарды тап. (1500; 300; 1500)
Информатика
20 - Қазіргі компьютерлер нешінші буынға жатады? (ІV буынға)
30 - Ең алғашқы электронды машина қалай аталды және ол қай жылы жасалды? (ENIAC, 1946 жылы)
40 - Аналық тақшада қандай құрылғылар орналасқан? (процессор, шиналар, жедел жад, тұрақты жад, микропроцессорлық кешен)
ІІІ. «Жүз бір жұмбақ»
Сайыстың бұл кезеңінде оқушылар жұмбақтар шешеді. Әрбір дұрыс шешілген жұмбақ жауабына 5 ұпайдан беріледі.
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)
2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады оның аты. (тышқан)
3. Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғы жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)
4. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус)
5. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік
Ақпаратты өлшер (бит)
6. Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді (сканер)
7. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)
8. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
9. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан)
10. Пернетақта ауылында тұратын
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана Ғ(эф) әрпімен басталады (функционал пернелер)
ІҮ. «Адасқан әріптер»
Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып керкен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге 3 ұпайдан беріледі.
сөздер
жауаптары
Ретьюмопк
Компьютер
Демом
Модем
Лайф
Файл
Ротином
Монитор
Нирперт
Принтер
Красен
Сканер
Шытқан
Тышқан
Тиврсутиан
Антивирус
Ү. «Біреуі артық»
Берілген сөздердің ішінен артық сөзді, артық әріпті, берілген суреттен артық суретті алып тастау керек.
1. Ақпарат, код, кодтау кестесі, әріп, байт
2. Принтер, сканер, модем, пернетақта, жүйе, шиналар
3. Бинот, комляандяма, авиоркус
4.
5.
ҮІ. «Мың бір мақал»
Оқушыларға компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Әрбір дұрыс нұсқасын тапқан оқушыға 5 ұпайдан беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)