7


  • Учителю
  • Внеклассное мероприятие по Информатике Тапқыр достар

Внеклассное мероприятие по Информатике Тапқыр достар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ 21.01.2016 жыл

Тақырыбы: "Тапқыр достар" /сайыс 6-7сыныптар/

Мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың экономикалық, стратегиялық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой -өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Ақыл - ой зерделі ойыны

Көрнекіліктер: қима-қағаздар, интерактивті тақта, слайд, ноутбук,т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика.

Сайыс кезеңдері:

І кезең. Білім аукционы

ІІ кезең. Қосымша табыс

І тур «Кім епті, еркін ойлы?».

ІІ тур «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

ІІІ кезең. Сыйлықтар аукционы.

Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу;

  2. Оқушыларды топпен отырғызу;

  3. Интеллектуалдық ойынның тақырыбымен, шарттарымен таныстыру;

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! Аукцион үлгісінде өтетін «Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер! Бұл ойында 6-7 сынып оқушылары өз білімдерін сынамақ.

Ендеше ойын шартымен таныстырсақ: Ойын 3 кезеңнен, ал екінші кезең 2 турдан тұрады. Сайыс соңындағы ақша қорына байланысты жеңімпаз белгілі болады.

І кезең. «Білім аукционы». Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы өз ақша қорын жинайды. Әзірше әр топтың қорында 50 теңгеден бар. Бұл - бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту - өз қолдарыңызда. Аукционға ар түрлі пән сұрақтары қойылады. Сұрақтың бастапқы бағасы - 10 теңге. Топ бағаны 10 теңгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса - баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда - банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

Полиглот. 1)Тышқан, Мышка, Mouse.

2) Пернетақта, Клавиатура, Keybord.



Әр түрлі. 1) Бір жұмыртқаны 4 минут қайнатады, 5 жұмыртқаны неше минут қайнату қажет? (4 минут) рррррррр2) Қаз бір аяғымен тұрса 12 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг? (12 кг)

Программа.1) Paint қандай программа? (сурет салатын программа)

2.

ІІ кезең. «Қосымша табыс»

І тур «Кім епті, еркін ойлы?». Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге - 5 теңге. Жеткізген топқа және тапқан топқа да беріледі.

І топқа: монитор, веб-камера, флешка, тышқан, процессор, себет.

ІІ топқа: кактус, диск, пернетақта, компьютер, электрондық пошта, колонка.

ІІ тур «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Капитандар сайысы

Сұрақтарға таңдалған ариптен басталатын сөзбен жауап беріп, әр дұрыс жауапқа ақша жинайды. Дұрыс жауап - 5 теңге

І топ ІІ топ

  1. Сенің атың кім? Сенің фамилияң қалай?

  2. Жасың нешеде? Нешінші сыныпта оқисың?

  3. Ең жақсы көретін тамағың? Мектепке немен келесің?

  4. Сенің мектебің қалай аталады? Түнде аспанда не болады?

  5. Таңертең не жедің? Қандай пәнді ұнатасың?

ІІІ кезең. «Сыйлықтар аукционы». Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды. Сыйлықтардың арасында жасырын бос қобдиша (тапсырмасыз ақша) және жарылғыш зат (ақшаны жоғалтады) бар. Бастапқы баға 20 теңге.

  1. Антивирусы күштіні- вирус ала алмайды (досы күштіні жау алмайды)

  2. Күлсең ескірген компьютерге күл. (Күлсең кәріге күл)

  3. Жігітті компьютеріңе қарап бағала. (Жігітті досыңа қарап, бағала)

  4. Бір компьютерің болғанша, он Ноутбугін болсын (жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын)

  5. Копьютердің қадірін сынып қалғанда білерсің (ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің)

Сонымен біздің сайысымыз да аяқталды.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанды 2030 жылы барысқа апаратын - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Бүгінгі зияткерлік сайсқа қатысқан топтарды марапаттасақ. (Топтарды марапаттау)



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал