- Учителю
- Конспект урока на тему 'Екілік арифметика'
Конспект урока на тему 'Екілік арифметика'
Екілік арифметика
Г.Т.Токушева
Қарақамыс негізгі мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Екілік арифметика
Жалпы мақсаты: Оқушыларға екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдануды түсіндіру.
Күтілетін нәтиже:
А. Оқушылар екілік арифметиканың ережелерін біледі.
В. Оқушылар екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдануды меңгереді.
Әдіс-тәсілдер: Жеке, жұптық, топтық жұмыс. Диалогтық оқыту, АКТ. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының көзбен көретін айғақтар стратегиясы.
Тапсырмалар:
-
Тренинг, топқа бөлу.
-
Үй тапсырмасын қайталау.
-
Жаңа сабақты түсіндіру.
-
Топпен кластер құру, қорғау.
-
Практикалық жұмыс.
-
Қорытынды. Бағалау.
-
Рефлексия.
Керекті жабдықтар: Информатика оқулығы (8-сынып), интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, ресурстар, жүрекше, үлестірме парақтары, кластер, маркер, стикер.
Сабақтың барысы
Кіріспе:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Тренинг «Жүректен-жүрекке»
Бірлескен ынтымақтастық құру.
2. Топқа бөлу.
Кеспе қағаздар арқылы 2 топқа бөлу.
3. Екі топқа бағалау парағы беріледі, топ басшысын сайлайды.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:
«Домино» ойыны.
Тұсаукесер
Ой қозғау. Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша топпен бірлесіп жауап береді.
-
Информатика нені оқытады?
-
Ақпарат сөзін қалай түсінесіз?
-
Ақпараттық процесс дегеніміз не?
-
Санау жүйесі дегеніміз не?
-
Позициялық санау жүйелері позициялық емес санау жүйелерінен қалай ерекшеленеді?
-
Санау жүйелерінің негізі дегеніміз не?
-
Цифр ретінде әріп символы қолданыла ма?
-
Позициялық жүйенің ең кіші негізі қандай?
Негізгі бөлім
Білімді өзектендіру
Сұрақтар:
-
Екілік санау жүйесі не үшін қолданылады?
-
Он алтылық санау жүйесі не үшін қолданылады?
-
Санды екілік санау жүйесінен сегіздікке (он алтылыққа) және керісінше көшірудің ыңғайлы жолы қандай?
-
Ондық бөлшекті және бүтін санды бір санау жүйесінен екіншісіне көшіру қалай ерекшеленеді?
Мағынаны тану.
Жаңа тақырыппен жұмыс.
Әр топқа ресурстар тарату. Ресурстан мәтінді оқу.
Топтық жұмыс.
І топ: Қосу.
ІІ топ: Азайту.
Оқушылар:
-
Ресурстан мәтінді оқып, өз түсінгендерін топта талқылайды.
-
Кластер жазып, оны қорғайды.
-
Топ бір-бірлерін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Сергіту сәті. Бейнежаттығу.
Қорытынды. Оқушы қызығушылығын арттыру. Практикалық жұмыс.
«Тау шыңына шығу» ойыны.
Тау шыңына шығу үшін оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату.
1-деңгей. Қосуды орындаңыздар:
0110 + 0110 =
1101 + 0110 =
11001 + 10111 =
1010 + 0101 =
10001 + 01101 =
1000 + 1110 =
2-деңгей. Азайтуды орындаңыздар:
1010 - 110 =
1101 - 110 =
1001 - 111 =
1101 - 10 =
10001 - 1101 =
1000 - 101 =
3-деңгей. Амалдарды орындаңыздар:
1010 + 110 =
1011 - 101 =
1011 + 111 =
1001 - 11 =
10101 - 1101 =
Рефлексия. Кері байланысқа стикер тарату. Оқушылар өз көңіл-күйлерін стикерге жазады.
-
Бүгінгі сабақтан алған әсерім?
-
Маған не ұнады/ұнамады?
Бағалау. Топтың белсенділігін бағалау:
1. Топтағы белсенділігі 1-3 балл
2. Диалогтық сұрақ-жауап 1-3 балл
3. Өзіндік жұмыс істеуі 1-3 балл
Сумативті бағалау. Сабаққа қатысқан, өз ойларын айтып дәлелдеген оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма. Екілік арифметика.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Айыртау ауданы,
Қарақамыс ауылы.