7


  • Учителю
  • Презентация по информатии на тему 'Білгір информатик' (8 класс)

Презентация по информатии на тему 'Білгір информатик' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Білгір информатик»

(сыныптан тыс сайыс)

Фарида НИЯЗОВА,

№134 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Шәкен ауылы

Қайырлы кеш! Қадірменді ұстаздар мен оқушылар!

«Білгір информатик» сайысымызға қош келдіңіздер!

Информатика болашаққа бастайды.

Келешекке білім қуған жастарды,

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.


Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

«Білгір информатикке» кеп тұрған,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.


Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік.

І-кезең Бәйге (сұрақ-жауап)

ІІ-кезең «Кім жыдам» (Компьютерде мәтін теру)

ІІІ-кезең «Адасқан әріптер» (Төркөздегі әріптерден жасырылған сөздерді табу)

ІV- кезең «Өзге тілдің бәрін біл(Берілген орысша сөйлемнен информатикалық терминді табу)

V- «Ғажайып ұяшық» ( 4 ұяшық беріледі,сұрақтарға жауап береді.)


Әділ халқым берерсің әділ баға,

Өнері мен өренін салыстырып,

Әділ-қазы алқасы, төрағасы,

Әділетпен кеңес құра біліңдер.


Сайысымызға әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерін таныстырып өтейік.

Таныстырып таңдамалы команданы,

Ұшталсын деп тілейік қадамдары,

Бірінші кезеңде басталыпты,

Сәтті болсын ылайым қадамдарың.


І-кезең Бәйге сұрақтарымен таныс болыңыздар.

  1. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақ)

  2. Адам мен компютер арасындағы байланыс не деп аталады? (Интерфейс)

  3. Есептер панеліндегі Іске қосу батырмасын басқанда не шығады?( Бас меню)

  4. Ең бірінші программа құрған оқымысты әйел? (Ада Лавлейс)

  5. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (корзинада)

  6. ЭЕМ-нің дамуының неше кезеңі бар?(5)

  7. «Информатика» ғылымы нені зерттейді? (ақпараттық процестерді)

  8. Алгоритм сөзі қай ғасырда, кімнің есіміне байланысты пайда болған?( 9 ғасыр, Әл-Хорезми)

  9. Жұмыс үстеліндегі қай элемент компьютердің барлық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді? (Менің компютерім)

  10. Паскаль тілі қай жылы шыққан? (1968-1971ж)

  11. Программа неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен тақырыбы,сипаттау бөлімі, операторлар)

  12. Шартты алдын-ала тексеру оператоы? (while)

  13. 1Гбайт неге тең? (1024 байтқа)

  14. Программамен басқарылатын аналитикалық машинаны ойлап шығарған ағылшын ғалымы? (Чарльз Бэббидж)

  15. Жиымдарды сипаттайтын оператор? (Array)

  16. Буып-түйілген (сығылған) файл қалай аталады? (архив)

  17. Белгілі атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)

  18. Архивтеуші бағдарламаларды ата? (Winzip. Winrar)

  19. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

  20. Сыртқы құрылғының жұмысын басқаратын программа қалай аталады? (драйвер)


ІІ-кезең «Кім жылдам» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер берілген мәтінді MS Word-та 2 минутта қанша сөйлем жазатындығын яғни жылдамдықтарын анықтаймыз.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап ,жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас,танысқа емес.

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.


ІІІ-кезең «Адасқан әріптер» деп аталады? Мұнда сайыскерлер торкөздегі адасқан әріптерден Информатикалық терминдерді табу керек.

М

Ш

П

Л

О

Т

Т

Н

О

М

И

Ы

П

Р

Р

Т

Е

И

Д

Е

К

Т

Н

И

Е

Е

Р

О

М

М

Р

А

А

Н

Т

Р

Н

Н

И

Т

О

Қ

Т

С

Ө

З

Е

Т

Р

О

П

Н

И

Б

А

Й

Т

Т

Е

З

Р

Т

В

П

И

К

М

Е

Р

Е

О

Ә

И

А

Р

С

О

Ұ

А

Ф

Ц

М

Р

И

Х

Е

Е

Я

Й

Л

Е

І

У

В

Ж

Л

М

Я

И

Ц

С

Н

Р

Д

А

Ь

Д

И

К

А

С

О

С

А

Б

П

Н

Е

Н

Т


Жауабы: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер принтер, байт, пиксель, архив, жад, абонент, модификация,ұя, файл, монитор, модем, интернет, антивирус.


Көрермендерді жалықтырып алмас үшін жұмбақтар жасырайық.

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын.

Ең қажетті құралмын.

Білсеңдер қане айтыңдар? (тышқан)


  1. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қағаз-қаламсыз. (пернетақта)

  1. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді, (принтер)

  1. Ақпаратты сақтап, таратқан.

Жұртты өзіне қаратқан. (Компьютер)

  1. Олар компьютердің қосымша бөліктері, олар ағалы-інілі, олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді. (колонка)

ІV-кезең «Өзге тілдің бәрін біл».


1.Жыпылықтап тұратын тік сызықша не деп аталады?(меңзер,курсор,kursier)

2.Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған кішкене қорапша құралды не деп атайды? (тышқан, сышь, mouse)

3. "Ас -адамның арқауы", компьютердің асы не?

(тоқ.ток, currend)

4. Ақпараттың қайнар көзі? (Табиғат, природа, nature)

5. Жіпке ілдім мен өзін,

Кіп-кішкентай күн көзін. (шам, лампочка, lamp)

6. Логикалық көбейтудің атауы? (және, и, and)

7. Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledge)

8. Сәлем ненің патшасы? (сөз, слова, word)


V-кезең «Ғажайып ұяшық» деп аталады. 4 ұяшық беріледі.Әр ұяшықта бір-бір сұрақ және әр ойыншы өз қалауынша ұпай таңдайды. 40 30 20 10 ұяшықтары.

Дұрыс жауап берсе таңдаған ұпай саны қосылады, жауап бермесе осы ұпай басқа жауап берген оқушыға қосылады.


1-сұрақ. 1761 жылы Иссак Ньютон ұсынған идеямен ағылшын ғалымы логарифм сызғышын жасады.Сол ғалымның аты-жөні кім? ( Робертсон.)

2-сұрақ: Американ ғалымы Джон фон Нейман принципі бойынша ЭЕМ арифметикалық есептеулерді мына сану жүйесінде орындайды, яғни кез-*келген мәлімет «0» және «1» -ге сәйкес сигналдардың 2 түрлі тізбегімен қолданылады. Бұл өандай санау жүйесі? (Екілік санау жүйесі)

3-сұрақ: 1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бэббидж жоба жасады. Оны қазіргі кезде компьютердің атасы деп атайды. Жобаны қалай атады. (Аналитикалық машина)

4-сұрақ: Билл Гейтс 1955 жылы қазан айында Сиэтледе қарапайым ұстаздар отбасында дүниеге келген. Ол 13 жасында алғашқы программасн жазып үлгерді. 1975 жылы Билл Гейтс Пол Аллен бірігіп, университет бітіруілеріне 2 жыл қалғанда ... деп аталатын фирма ашты. Алғашұыда Билл программа құрып, кқп ізденсе,кейіннен басқа әдңс ойлап тапты. Ол программасымен авторларды да қоса фирманы сатып алды. Осылайша ,,,, пайда болды. ( Microsoft.)


Өрбітіп ойлар ойда қала берер,

Білім сана толастап жана берер.

Әділқазыларды ортаға шақырайық.

Сайыскерлерге әділ баға берер.

(Әділқазы мүшелері сайыс жеңімпазын хабарлайды)


Информатика нық басып ғаламатта,

Ой бөлісіп заманды саралапты.

Қош болыңдар, қымбатты көремендер.

Қайта айналып көріскенше саламатта.


Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарығызға көп-көп рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал