7


  • Учителю
  • Әлемнің ақпараттық бейнесі тақырыбы бойынша сабақ жоспары 6 сынып

Әлемнің ақпараттық бейнесі тақырыбы бойынша сабақ жоспары 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Нургалиева Гульмира Талгатовна

Пән Информатика сынып 6 Күні 14.09.16 ж.

сабақ №: 2

Тақырып: Әлемнің ақпараттық бейнесі

Мақсат: Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік бере отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, сөйлеу, өз бетімен жұмыс істеу алу дағдыларын қалыптастыру.

Білімділік - Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру

Дамытушылық - Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру арқылы білім көкжиегіне жетелеу;

Тәрбиелік - Оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін арттыру, компьютерді қолдануда ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ типі: аралас

Құрал-жабдықтар: ДК, дәптерлер, оқулықтар, презентация, видео, интерактивті тақта, ЦБР, пазлдар, смайликтер



Сабақ барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

2 мин

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! Сабағымызды ерекше түрдегі тілек-амандасудан бастауды ұсынамын. Ісіміз сәтті болсын!

  • Тілек қысқа да нұсқа болуы керек және аз сөзбен.

Амандасады, шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне допты лақтыру арқылы тілек айтады. «Сәттілік серік болсын!», «Арайлап атсын әр таңың!», «Баршаңызға мейірімділік тілеймін!»т.с.с.

ІІ. Топқа бөлу

2 мин

Пазлдарды құрастыру арқылы топқа бөлу

Пазылдарды құрастыру арқылы сынып екі топқа бөлінеді.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

10 мин

«Сиқырлы қорап» ойыны арқылы оқушылардын өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру.

Оқушыларға информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша бірнеше жағдайяттар жазылған қағаздар беріледі, оқушылар осы жағдайяттардың дұрыс шешімін айтып берулері тиіс.

Әуен ойнайды, бір оқушының қолына қорап беріледі, әуен тоқтағанша оқушылар сол қорапты бір - бірлеріне кезекпен беріп отырады, қай балаға жетіп, әуен тоқтаса, сол оқушы қорапты ашып, ішіндегі карточканы алып, карточкадағы сұраққа жауап береді.

Әлемнің ақпараттық бейнесі тақырыбы бойынша сабақ жоспары 6 сынып

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин



















Ақпарат әртүрлі байланыс желілері арқылы беріледі: электрлік, талшықты және т.б. Қазіргі кезде біртұтас ақпараттық кеңістік пайда болды - компьютерлік желілер құрылып, дами бастады. Осыған байланысты техникалық жүйелерді (мысалы, Жерден спутникті басқару немесе мобильдік телефон арқылы үйдегі кондиционерді қосу және т.б.) қашықтықтан басқару мүмкін болды. Ақпарат адам еңбегінің негізіне айналды. Адам өмірі үшін маңызды жақтарының барлығы ақпараттық технологияларынсыз жүзеге аспайды. Алайда әлем туралы түсінік бүгінгі түсінік деңгейімен аяқталмайды. Адамның қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтетін үнемі жаңа идеялар пайда болып, жаңа ашылулар орын алып жатады. Әлемде болып жатқан өзгерістерді ақпарат арқылы ғана танып білуге болады. Адам қоғамда, табиғатта, техникада болып жатқан өзгерістерден үнемі хабардар болуы керек. Мұны түсіну үшін болып жатқан құбылыстарды дұрыс қабылдап, саралап, әлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыру қажет.

Бүкіл әлемді төмендегі сызба түрінде бейнелеуге болады (1-сурет ).

Әлемнің ақпараттық бейнесі тақырыбы бойынша сабақ жоспары 6 сынып

Мегаәлемді галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар, яғни үлкен көлемді нысандар құрайды.

Макроәлем адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады.

Микроәлем өлшемдері өте кішкентай нысандардан - молекула, атом сияқты нысандардан тұрады. Ал барлық нысандар заттардан тұрады. Зат дегеніміз бізді қоршаған нәрселер - ауа, жер, су, адам және т.б.

Барлық нысандардың өзара әрекеттесетін энергиялары немесе қуаты болады. «Энергия» немесе «қуат» түсінігі өңдегіш техниканы, қозғалтқыштарды ойлап табумен байланысты пайда болды.

Әлемдегі барлық құбылыстарды заттық-энергия алмасумен түсіндіруге болмайды.

Әлемнің ақпараттық бейнесі заттың-энергия бейнесін ақпараттың тұрғыдан түсіндіреді.

Адам өз өмірінде үнемі әртүрлі үдерістермен кездеседі. Егер әрекет нәтижесінде (мысалы, өсімдіктерді өсіру, киім тігу, тамақ пісіру және т.б.) нысанның өзгеруі орын алса, онда үдерістің орын алғанын білуіміз қажет.

Ақпараттық үдеріс - қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс-әрекет.

Ақпараттың үдерістің үш түрі бар:

  1. Сақтау.

  2. Өңдеу.

  3. Қабылдау (беру).

Ақпараттық үдерістердің ортақ белгілері

Ақпараттық үдерістер тірі табиғатта, адамдар қоғамында, техникада орын алады.

Ақпаратты алу, өңдеу, сақтау кез келген ағзаның өмір сүру шарты болып табылады. Мысалы, ағаш температура, күннің ұзақтығы, топырақтың ылғалдылығы туралы ақпаратты қабылдап, бүршіктердің, жапырақтардың пайда болуын, олардың қайта түсуін реттейді. Жануарлар дыбыстың ақпаратты қабылдау арқылы бір-бірімен байланыса алады. Иіс арқылы жәндіктер қоректерін табады, бөтендерді өздерінен ажырата алады.

Адам қоршаған орта туралы ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Әлемнен хабардар болу үшін ақпаратты есінде сақтайды. Өмірде үнемі шешім қабылдау қажет болады, яғни ақпаратты өңдеу керек. Көшеге шығу үшін де, алдымен терезеден далаға қарап, ауа райын болжап, қандай киім кию керек екендігі туралы шешім қабылдайды.

Қоғамдағы ақпараттық үдерістер негізі - адамдар арасындағы қарым-қатынас, білім алмасу. Адам қоғамының дамуы коммуникация деп аталатын осындай қарым-қатынассыз мүмкін емес.

Компьютерлердің пайда болуына бай- ланысты қоғамда ақпараттық үдерістер қарқынды дамып келеді. Қазір адам жедел түрде ақпаратты қабылдап, бере алады. Компьютерлік желілер адамдар қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін ақпараттық орта құрады.

Техникадағы ақпараттың үдеріс адамның іс-әрекетіне жауап ретінде жүзеге асады, мысалы, турникетке арнайы пластикалық карточканы қою арқылы немесе төлем терминалын қолданғанда. Техниканың дұрыс жұмысы басқару үдерісімен - ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу, берумен тікелей байланысты.

Адам ақпарат әлемінде өмір сүреді. Уақыт өткен сайын ақпарат өзгереді, адамның өзі де өзгереді (білім, тәжірибе жинақтайды), адамның әлем туралы түсінігі де өзгереді.

!Түйін

  • Уақыт өткен сайын әлемді заттық-энергетикалық тұрғыдан қабылдау жеткіліксіз болып, әлемді ақпараттық тұрғыдан қарастыру орын алды.

  • Ақпараттық үдеріс - қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс-әрекет.

  • Ақпараттық үдеріс түрлері: ақпаратты сақтау, өңдеу, қабылдау (беру).

  • Ақпараттық қабылдау әрқашан екіжақты - бір нысан оны береді, екіншісі қабылдайды.

  • Ақпараттық үдерістер тірі табиғатта, адамдар қоғамында, техникада орын алады.

Екі топ оқулықпен, ғаламтормен жұмыс жасап, «Әлемнің ақпараттық бейнесі» тақырыбы бойынша ақпарат іздейді, оқиды. Оқып, білгендерін екі топ бір - бірлеріне түсіндіреді.

Түсіндіріп болған соң, топтар бір-бірлерін смайликтер арқылы бағалайды.

V. Сергіту сәті

2 мин

Көзге арналған тапсырмаларды орындау

Қимылдарды орындайды.

VI. Бекіту

14 мин

Оқулықпен жұмыс, 14 бет бақылау сұрақтарына ауызша жауап береді, тапсырмаларды дәптерлерінде орындайды.

</ Бақылау сурақтары мен тапсырмалар

  1. Біздің әлемді қандай құрылымдарға бөлуге болатындығы туралы айтып беріңдер.

  2. Зат дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Ақпараттық үдеріс дегеніміз не?

  4. Ақпараттық үдеріс түрлерін атаңдар.

  5. Өсімдіктер мен жануарлар ақпаратты қалай қабылдайды?

  6. Ақпаратты адамның өңдеуіне мысал келтіріңдер.

  7. Тірі табиғаттағы ақпараттық үдерістерге мысал келтіріңдер.

  8. Адам өміріндегі ақпараттық үдерістерге мысал келтіріңдер.

  9. Техника жұмысындағы ақпараттық үдерістерге мысал келтіріңдер.

  10. Табиғаттағы, қоғамдағы, техникадағы ақпараттық үдеріс- тердің ортақтығына мысал келтіріңдер.

  11. Ақпараттық үдерістердің басымдылығын көрсетіңдер:

  1. шығарма жазуда

  2. математикалық есептер шығарғанда

  3. өлең жаттағанда

  4. музыка тыңдағанда

  5. фотосуреттер қарағанда

  6. суретке түсіргенде

  1. Математикалық есепті шешудегі үдерістердің құрылымын сипаттаңдар:

А) қабылдау - есеп шартын

оқу (тыңдау )

В) өңдеу

С) сақтау

  1. беру

  1. Қандай жағдайда ақпараттық үдеріс орын алмайды:

А) велосипед тебу кезінде

В) мақала жазуда

С) жобамен жұмыста

  1. есеп беруді құрастырғанда

  2. түскі ас әзірлегенде

Ғ) шарф тоқығанда

G) газеттегі хабарландыруды оқығанда

14. Бірінші сынып оқушысы мен математика мұғалімі үшін әлемнің ақпараттық бейнесі бірдей бола ма?

VІІ. Рефлексия

3 мин

Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдері керек деп есептесе стикерлерін - чемоданға, алған білімдерін әлі де нақтылау, талдау керек деген ойда болса - еттартқышқа, ал айтылған және қарастырылған нәрселердің қажеті жоқ деп есептесе-қоқысқа жабыстырады.

Кері байланыс

Әлемнің ақпараттық бейнесі тақырыбы бойынша сабақ жоспары 6 сыныпӘлемнің ақпараттық бейнесі тақырыбы бойынша сабақ жоспары 6 сынып

VІІІ.Үй жұмысы

2 мин



І тарау. §2 оқу, ЦБР№2035

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал