7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру

Ашық сабақ Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысыАшық сабақ Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру

Бейнеу ауданы

Атамекен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

Авезова Бибихадиша Калдурдыевна













Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: Pascal тілінде мәліметтерді енгізу мен шығарумен таныстыру және n типтердің маңызды белгілері мен әртүрлі типтердің сипаттамасын ерекшелеу, нәтижесін жоспарлау мен бағалау дағдыларын қалыптастыру

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар

  1. «Айнымалы» терминіне анықтама беріңдер

  2. Айнымалы атауы үшін қандай шектеулер бар?

  3. Айнымалының типін программада не үшін анықтау қажет?

  4. Мәліметтердің нақты типтерінде бүтін мен бөлшек бөліктер қандай белгімен ажыратылады?

  5. Айнымалылар жарияланатын бөлімді айтыңдар. Бұл бөлімде айнымалылар қалай жазылады?

  6. Меншіктеу операторының пішімін жазыңдар.

  7. Айнымалының сипаттамаларын атап шығыңдар.



Оқушылар тапсырманы орындайды



Айнымалы және мәліметтер аралығындағы (тіл көмегімен) сәйкестікті орнатыңдар:

а) А:=3.214 1) Integer

ә) Z:=14 2) Real

б) B:=10351 3) Byte

в) K:=-0.5 4) String

г) C:= 'as'

Жауабы: 1-б; 2 - а;в; 3 - ә; 4 - г.

ІІІ. Жаңа сабақ

Мәліметтерді енгізу - бұл сыртқы құрылғылардан жедел жадқа ақпаратты тасымалдау

Әдетте есепті шығару үшін бастапқы мәліметтер енгізіледі. Мысалы, екі санды қосу программасында программада қосылатын екі санды енгізу қажет болады.

Мәліметтерді шығару - кері үдеріс, бұл кезде мәліметтер жедел жадтан сыртқы құрылғыларға (принтер, дисплей, магниттікқұрылғылар және т.б.) беріледі. Әдетте, шығару программа соңында жүзеге тасырылады, яғни, есептің шешу нәтижесі шығарылады.

Мәліметтерді шығару операторларымен сендер таныссыңдар. Олар: Write және Writeln.

Егер айнымалылар мәні болса, оны экранға шығару үшін оператор атауынан кейін жақшада мәтін көрсетіледі. Шығару операторлары бірнеше мәндерді шығара алады, олар үтір арқылы жазылады.















.





Writeln операторының жалпы түрі дәл осылай анықталады.

Бұл оператор меңзерді жаңа жолға көшіру үшін программада параметрлерсіз (бос) қолдануы мүмкін

Қолданушы айнымалылар мәнін сұраныс жасау үшін Read және Readln енгізу операторларын қолданылады.











Экранды тазалау

Экранды тазалау және программаны таза экранда орындау үшін операторлар бөлімінде begin сөзінен кейін экранды тазалаудың стандартты операторы ClrScr (Clear Screen) бастау керек. Бұл процедура Crt модулінде орналасады, сондықтан Uses бөлімінде қосу керек. Мысалыда модельді қосу мен экранды тазалау процедурасын қолдануын қарастырайық

Ашық сабақ Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыруАшық сабақ Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

1-тапсырма

Екі санды қосу, азайту, бөлу және көбейтудің программасын жазыңдар.

Ашық сабақ Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру

2-тапсырма

Төрт Integer типі бар айнымалының мәнін (A,B,C,D) сұрайтын және оның қосындысын шығаратын программа жазыңдар. Бірінші (A,B) мәндер жұбын бір жолда, басқа жұпты (C,D) - басқа жолда енгізіңдер. Нәтижесін басқа қатарда шығарыңдар және меңзерді сол жолда қалдырыңдар.

Ашық сабақ Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру

В деңгейі

1-тапсырма

Writeln операторын қолданып, экранда үйде бейнелейтін программа жазыңдар. Үйге өз тектеріңді жазып қойыңдар. Енгізу операторының көмегімен тектеріңе сұраныс жасатыңдар.

Ашық сабақ Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру



V. Дәптермен жұмыс

2-тапсырма қалдырып кеткен бұйрықтар атауын жаз:

....... және ....... операторлары бұйрығын орындау айырмашылығы мынада: енгізу орындалғаннан кейін ..... операторы бойынша меңзер жаңа жолдың басына ауыстырылады, ал ...... операторында бұл орындалмайды. Экранды тазалауды және таза экранда программаны орындауды ...... сөзінен кейін ....... стандартты әрекетінен соң бастау керек.

VI. Қатемен жұмыс

Бұл программада жіберілген қателерді түзет.

Program missal;

Var a; c: integer; - b константа сипатталмаған

Begin

Writeln ('санды енгіз',а);

Readln (a)

c=ab; - көбейту белгісі қалып қойған

writeln ('көбейтінді 'a және b' тең ',d); - жақшадағы жазу дұрыс емес, дұрысы: ('көбейтінді ',a'және ',b,'тең ',c), шығару үшін айнымалы дұрыс көрсетілмеген

readln(b); - бұл жерде бос оператор болуы керек.

end. нүкте жоқ

VII. Қорытынды

Енгізу операторларын қолдану кезінде мына ережелерді есте сақтаңдар:

  • Программаның жұмысы кезінде пернетақтадан алғашқы мәліметтерді енгізу үшін readln бұйрығын қолданып,

  • Бір readln бірнеше айнымалы мәндерін енгізуге болады.

Шығару операторын қолдану кезінде ережелерді есте сақтаңдар:

  • Write, writeln бұйрығы мониторға айнымалы мәндерін шығару үшін қолданылады;

  • Бір write немесе (writeln) бұйрық экранға бірнеше айнымалы және бірнеше хабарлама мәндерін шығарады;

  • Параметрсіз writeln бұйрығы меңзерді экранның келесі жолына жылжытады.

VIII. Үй тапсырмасы

§11 оқу , бақылау және тест сұрақтарына жауап беру.

































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал