7


  • Учителю
  • Узбекова Айман Медербековна ' Цикл' 9 класс

Узбекова Айман Медербековна ' Цикл' 9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тараз қаласы № 47 орта мектеп

Узбекова Айман Медербековна

Информатика пәнінің мұғалімі


Күні:

9 «Б» сынып

І. Сабақтың тақырыбы: Цикл

ІІ.Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталу - WHILE ,

шартты соңынан тексеретін қайталау - REPEAT операторымен, параметрлі қайталау

операторы - FOR операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;

Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін,

логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық. Power Point презентациясы, АВС бағдарламасы.

Ү.Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

4.Сабақты бекіту.

5.Үйге тапсырма

6.Оқушыларды бағалау.


1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу,сабаққа қажетті заттарын дайындату.

2. Үй тапсырмасы сұрақтары: Есеп шығару.

1. Екі санның бөліндісін тап.

2. Ұзындық км есепте.

3. Санның квадратын есепте.

4. Вальюта рубл, тенге ауыстыру.

5. Валюта долларды, тенгеге ауыстыру.


1. Екі санның бөліндісін тап.

Program бөлінді;

Var a, b, x:real;

Begin

Write ('a, b-сандарын енгіз');

Readln(a, b);

X:=a/b;

Writeln('x=',x);

End.

2. Ұзындық км есепте.

program ұзындық;

var км,m:real;

begin

write('Ұзындықты км енгіз');

read(км);

m:=км*1000;

write('m=',m);

readln;

end.

3. Санның квадратын есепте.

Program кв1;

var a, b : integer;

begin

write('сан енгіз ');

readln(a);

b:=a*a;

writeln('санның квадраты = ',b);

end.


4. Вальюта рубл, тенге ауыстыру.

program valuta;

var tg,rubl:real;

begin

write('Вальюта рублях');

read(rubl);

tg:=rubl*4.5;

write('tg=',tg);

readln;

end.

5. Валюта долларды, тенгеге ауыстыру.

program valuta;

var tg,dollar:real;

begin

write('Долларды енгіз');

read(dollar);

tg:=dollar*150;

write('tg=',tg);

readln;

end.


3. Теориялық материал. Электронды оқулық.

Оқушыларды сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалаймын.

Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдық құрылымды алгоритмдер - қайталау операторлары қолданылады.

Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл - WHILE , шартты соңынан тексеретін цикл - REPEAT операторлары.

WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталуды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып аударылады.

REPEAT қайталу операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы - қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі - цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.

Бұл оператор Repeat (оқылуы: рипит, қайталау болып аударылады) және Until (оқылуы: антил, дейін, шейін болып аударылады) түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.

FOR операторы. Егер алгоритмде қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады.



№1. Мысалы: 1- ден 100- ге дейінгі сандардың қосындысын табу керек.

Program kosindi;

Var I, s: integer;

Begin s:=0;

FOR i:=1 TO 100 DO

S:=s+1;

Writeln ('s = ' , s);

End.

2. 30-дан 10-ға дейінгі барлық жұп сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар.

Program jup;

Var i: integer;

Begin

Writeln ('30-dan 10-ga deingi jup san');

For i:=30 downto 10 do

If I mod 2=0 then

Writeln (i);

End.


3. 5- тен 1-ге дейінгі сандардың қосындысын есептеу керек.

Program kosindi;

Var I, s:integer;

Begin

S:=0;

For i:=5 downto 1 do

S:=S+I;

Writeln ('s = ', s);

End.

4. Сабақты бекіту сұрақтары: Тест тапсырмалар

  • Цикл дегеніміз не?

  • Циклдің алгоритмнің неше түрі бар?

  • Программаның нәтижесін қалай көреміз?

  • WHILE операторының жазылу үлгісін көрсет?

  • WHILE операторының орындалу тәртібі қалай?

  • REPEAT операторының жазылу үлгісін көрсет?


5. Үйге тапсырма: REPEAT және WHILE операторының айырмашылығы неде?

FOR операторының жазылу үлгісін көрсет?


6. Оқушыларды бағалау:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал