7


  • Учителю
  • Урок по информатике Үздік информатик ойыны

Урок по информатике Үздік информатик ойыны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Үздік информатик» ойыны


Абдикаимова Жадыра

№119 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі

Алматы қаласы

Теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктілер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстың маңызы зор. Мұндай сабақта оқушының есте сақтау, логикалық қабілеттерін дамыту, өз ойын сауатты түрде айта білуі қалыптасады. Сондай-ақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары артады. Төменде сыныптан тыс «Үздік информатик» жарыс сабағын ұсынып отырмын.


Сабақтың тақырыбы: «Үздік информатик» ойыны

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Осы ойын арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасын

арттыру

Дамытушылық: Ой өрістерін кеңейту, оқушылардың қызығушылығын

арттыру

Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа үйрету,

жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: Жарыс сабақ

Көрнекілік: Компьютер, интерактивті тақта, жасырын сұрақтар

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Түгендеу.

3. Жаңа сабақ

І-жүргізуші:

Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,

Достарым отырсың ба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

ІІ-жүргізуші:

Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға

Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға

І-жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Қолыңды бекерге соға берме,

Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме.

Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,

Сонда ортақ боласың бар жеңіске.


ІІ-жүргізуші:

Мінеки залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз.

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың жаңасы,

Дегенмен бала данасы.

«Информатика» сабағында

«Үздік информатик» ойынын бастаймыз.

І-жүргізуші:

Бүгін бізге әр уақытта білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушылар ортамызда.


ІІ-жүргізуші:

Әділ халқым берерсің әділ баға

Өнері мен өренін салыстырып.

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділеттен кеңес құра біліңдер -дей отыра ең алдымен сіздерге осы ойында әділ берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Сайысымыздың І-кезеңі «Білімділер» сайысын бастаймыз.

1- кезең. «Кім жүйрік» сайысы

Берілген түрлі анықтамалардың шешімін шапшаң жауап берген оқушылар 10 ұпайға ие болады.


1-оқушыға:

  1. Компьютер миы (процессор).

  2. Баспаға шығару құрылғысы (принтер).

  3. Жалпы желіге қосылу үшін не керек? (модем).

  4. Ақпараттық процесстерді үйрететін ғылым (информатика).

  5. Ақпарат (информация) қай тілден шыққан? (латын).

  6. Вирусқа қарсы программа (антивурустық пр).

  7. Дыбыс шығару құрылғысы (колонка).

  8. Paint қандай редактор (графикалық)

  9. тің паскал тілінде жазылуы (sqr(х))

  10. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Ч.Бэббидж)

  11. Монитор мен көздің арақашықтығы қандай болу керек? (60-70).

  12. Принтер түрлері......(лазерлік, құйылмалы, матрицалық).


2-оқушыға:

  1. Оптикалық енгізу құрылғысы (сканер).

  2. Вирус деген не? (комп бүлд. арн.программа).

  3. Ақапаратты компьютерге енгізу құрылғысы (пернетақта).

  4. Winzip, winrar қандай программа (архиватор).

  5. Бос орын қалдыру пернесі (пробел).

  6. Монитор, пернетақта, жүйелік блок қандай құрылғылар? (негізгі)

  7. тің паскал тілінде жазылуы (sqrt(х))

  8. Адамның денсаулыққа зиянды компьютер құрылғысы (монитор)

  9. Өшірілген файлдар қай папкада сақталады? (корзинада)

  10. Бас әріпті шығару үшін сол әріппен бірге қандай пернені басу керек? (Shift)

  11. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас..........(интерфейс).

  12. Алғашқы компьютер қайда, қашан шықты (АҚШ, 1946)


І-жүргізуші

Бәйгенің сабақтан көп сұрағы

Шәкірттердің білгірі алға шығады

Ойланыңдар, асықпаңдар балалар

Төрт жауап бар, біреуі оның шырағы


ІІ - кезең. «Тапқырлар»

Берілген тест тапсырмалардың дұрыс жауабын жауап парағына жазыңдар. Жауап парағын болғаннан кейін әділқазыларға береді. Әр дұрыс жауап 10 балл.

1.Ақпараттың ең кіші бірлігі....

А) байт В) Кбайт С) Мбайт D) бит*

2. txt. Қандай файл?

А) калькулятор В) блокнот* С) paint D) ойын

3. Компьютердің атасы кім?

А) Ч.Бэбидж* В) Паскаль С) Архимед D) Ада Лавлейс

4. Ең алғашқы ЭЕМ қай жерде, қай жылы жасалды?

А) 1942 ж. Ресейде В) 1946 ж. АҚШ-та* С) 1970 ж. Жапонияда D) 1980 ж.Қазақстанда

5. Операциялық жүйеге қайсы жатады?

А) MS DOS, QBASIC В) WINDOWS, WORD С) MS DOS, WINDOWS* D) QBASIC, PASCAL

6. Паскал тілін кім шығарған?

А)Никлаус Вирт* В) Паскаль С) Билл Гейтстің D) фр. Блез Назкль

7. MS Office пакетіне жатпайтынын көрсет

А) MS Word В) MS Excel С) MS Pascal* D) MS Access

8. MS Excel - де формуланың қайсысы дұрыс жазылған

А) a1+a2+a3= В) a1+a2+a3 С) =a1+a2+a3* D) =1a+2a+3a

9. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тілі

А) драйвер В) операциялық жүйе С) Интефейс D) Монитор

10. Ақпараттарды сығуға мүмкіндік беретін программа - бұл ...

А)Архивтендіру B)архиватор* C)архив D)архивтендірудің барлық программалары

11. Жүйелік дискета үшін ... қажет
A. Операциялық жүйені жүктеу* B. Файлдарды жүйелеу

C. Маңызды файлдарды сақтау D. вирустан компьютерді "емдеу"

12.Adobe Acrobat Reader, Microsoft Word, Notepad, WordPad программалары қандай программалық құралдың түріне жатады?

А. Операциялық жүйе В. Операциялық қабықша

С. Деректерді сығу программасы D . Мәтіндік процессор *

13. Мәтінге дайын суретті қою үшін қандай әрекет орындалады?.

A)Қою* B)Терезе C) Файл D)Анықтама

14. Exсel программасының жұмыс алаңында жолдар қалай бейнеленген?

A)нүктемен. B)әріппен. C)Цифрмен* D)суретпен.

15. Электрондық пошта (e-mail) …жіберуге мүмкіндік береді:
A. Тек хабарламаны B. Тек файлды

C. Хабарламаны және тіркелген файлдарды; * D. бейнесурет.


І- жүргізуші

Жан достарым, мұны жақсы ұғайық

Информатика құрметтеуге лайық

Тартысайық сайыста күш жігермен

Тартысайық қимас біз, дос көңілмен


ІІІ- кезең. «Кім жылдам».

Оқушылар компьютерде мәтін тереді.


ІІ-жүргізуші

Бәріңіз маған қараңдар!

Ойынымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық


І- жүргізуші

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық


ІV-кезең. «Қанша тілді білесің?»

Қазақ, орыс ағылшын тілдерін білсеңіз 30 ұпай шәкірт саған несібе - дей отырып ойынымыздың ІІІ-ші кезеңін бастаймыз.Ойынның екінші кезеңі «Қанша тілді білесің?» Бұл кезеңде сұрақтар жасырылып, соның жауабын қазақша, орысша, ағылшынша айтылады. Жауапты дұрыс орындаған оқушыға - 30 ұпай, тек қазақша-орысшасын айтқан оқушыға 20-ұпай, тек қана қазақшасын айтса онда 10 ұпай беріледі.

1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? (ақпарат, информация, information)

2. Терезені жабу батырмасының аты (жабу, закрыть, exit)

3. Windows дегеніміз не? (ОЖ, ОС, operation system)

4. Құжатты сақтау батырмасының аты (сақтау, сохранить как, save as)

5. Қажет емес символды алып тастау пернесі (алып тастау, удалить, delete)

6.Желіге кіру үшін жасырын бүркеме (пароль-пароль-password )

7. Жұмыс істеу алаңы (терезе-окно-window)

8. Программадағы немесе құрылғыдағы ақау (қате-ошибка-error)

9. Енгізу құрылғысы (пернетақта-клавиатура-keyboard)

10.Компьютерді басқару құрылғысы (тышқан-мышь-mouse)


ІІ-жүргізуші

Ойын шартын құйып ал.

Кәне мұнда кім батыр?

Кәне мұнда кім тапқыр?

Бағымызды сынап көрейік

Ол үшін керек батырлық.

V-кезең. «Ойлан, шеш» (кроссворд шешу).

Әр топтан бір оқушыдан кезекпен шығып тақтаға кроссвордты шешу керек.

7

9


1

2


8


3



4


5



6

  1. Вирусты кері әсерін жоятын программа.

  2. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны.

  3. Ақпаратты өңдеу құрылысы.

  4. Қағаздағы мәліметтерді компьютерге енгізу құрылғы.

  5. Дүние жүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы.

  6. Жыпылықтап тұратын тік сызықша.

  7. Информацияның өлшем бірлігі.

  8. Мәліметтерді қағазға басып шығару құрылғысы.

  9. Бос орын қалдыру пернесі.


VI- кезең. «Сұрақ жауап»

Әр топ бір-біріне 10 сұрақтан дайындайды.


І - жүргізуші

Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Үздік информатик» ойынын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушыларға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз.

ІІ-жүргізуші

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз қайда болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Сабақты бекіту: Болашақта барлығымыз еліміздің белгілі информатиктері болатындарына сенім білдіреміз



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал