7


  • Учителю
  • Поурочный план разработка «Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік» 6-сынып

Поурочный план разработка «Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік» 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Информатика Сабақ № 16 6 «А»-сынып


Сабақтың тақырыбы : « Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік

Microsoft Word-ты іске қосу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды WORD мәтіндік процессорымен таныстыра отырып, білімдерін әрі қарай тереңдету, жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушылардың білімін кеңейтіп, тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушыларға Microsoft Word-ты іске қосуды, программада өздігінен жұмыс істеуді үйрете отырып, олардың ой-өрісін қалыптастыру, дамыту.


Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, WORD мәтіндік процессорына арналған плакаттар


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.


1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудыру


II . Үй тапсырмасы.

(Сұрақ-жауап әдісі бойынша)


  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің басы мен соңы графикалық түрде қалай белгіленеді?

  3. Іс-әрекет нітижесі қалай беріледі?

  4. Модель және модельдеу деп нені айтамыз?

  5. Модельдеу не үшін керек?


III. Жаңа сабақ


Microsoft Word-ты іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз:


  1. Пуск- Все Программы- Стандартные -Microsoft Word-ты іске қосу

  2. Пуск- Microsoft Word-Новый документ (жаңа)

  3. Жұмыс үстелінде «Создать ярлык» командасын орындау

Word-ты іске қосқан соң экранда мәтіндік редактордың стандартты терезесі пайда болады, онда құжаттың мәтінін бірден теруге болады.


Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі, сызғыш және мәтін енгізілетін терезенің жұмыс беті.


Терезенің тақырыбында құжат аты мен программаның аты көрсетіледі.

Аспаптар панелінде ең жиі қолданылатын командаларды шақыруға арналған батырмалар бар.

Терезедегі екінші панель бұл- пішімдеу панелі. Онда да мәтінді пішімдеу командаларына жылдам шығу батырмалары бар.

Мәтіндік құжат құру.

Құжат мәтінін теруді бастамас бұрын, қаріпті, оның өлшемін таңдап, Міндеттер тақтасында пернетақтаның индикаторын орнату керек. Мәтінді енгізгенде жолдың соңында Enter пернесін басудың керегі жоқ.

Құжат бетімен орын ауыстыру үшін меңзер басқару пернелері мен арнайы пернелер үйлесімі қолданылады. Сонымен қатар құжат бетімен орын ауыстыру үшін көлденең және тік айналдыру жолақтарын пайдалануға болады.

«Baskspace» -меңзердің сол жағында тұрған символдарды өшіреді.

«Delete»-меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіруге арналған.

Пішімдеу режімдері

Мәтін енгізу кезінде символдарды пішімдеу режімдерін бірден беруге болады немесе бұл режімдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады.


МӘТІНДІК ҚҰЖАТТЫ ПІШІМДЕУ


  1. Символдарды пішімдеу.



Формат/шрифт немесе Главная менюі


 Гарнитура (қаріп түрі)


· Кегль (қаріп мөлшері)


· Жартылай қарайтылған шрифт


· Курсив (қаріпті қисайту)


· Астын сызу


· Маркер (түспен белгілеу)


  1. Абзацтық шегіністер.




  1. Туралау. (ортадан жазу, сол жақтан жазу, оң жақтан жазу)



  1. Жоларалық интервал-абзацтағы жолдардың арақашықтығы.


Қалыпкүй жолы



Құжаттарыңды сақтау үшін мына команда орындалады: Сохранить және Сохранить как.




IV. Қорытынды бөлім.


Компьютерлеріңді қосып, практикалық жұмыстың «А» деңгейін орындау 90 бет.




V. Үйге тапсырма.


4-бөлім. Мәтіндік процессор туралы жалпы түсінік.

85-89 беттер аралығы.

«Өзіңді тексер» сұрақтарына жауап беру 91-92 беттер. VI. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал