7


  • Учителю
  • План урока по информатике на тему 'MS Word мәтіндік процессоры' (6 сынып)

План урока по информатике на тему 'MS Word мәтіндік процессоры' (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 6 сынып

Пән: информатика

Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік процессоры.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға MS Word мәтіндік процессоры, оны іске қосу және ондағы элементтермен қалай жұмыс істеу керек екендігін сипаттай отырып жалпы білім беру. Алған теориялық білімдерін практикада игеру.

Дамытушылық: Білім алушылардың мәтіндік редактор арқылы ақпараттық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал жасау.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, жүйелілікке, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеуге ықпал жасау.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Көрнекілігі: карточкалар, таратпа материалдар, тест жобасы, бағалау парағы.

Техникалық жабдықталу: ДК, интерактивті тақта, слайд, флипчарт, Activslate

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, сәйкестендіру тесті, Лысенкованың оза отыра оқыту технологиясы, Ж.Қ. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, сызу, математика.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Кезекшінің мәліметін тыңдау.

3. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

IІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. «Қисынды ойлай білейік» (3-деңгей), жекелей саралап даралап (2-деңгей карточка), Синонимдер (1-деңгей)
3-деңгей тапсырмасы: «Қисынды ойлай білейік» (Екілік санау жүйесінен ондыққа ауыстыру)
Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен 100101 мектептің 1000-сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 11001 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.

2-деңгей тапсырмасы: Жұмбақтарды шеш (3 - «5», 2 - «4», 1 - «3»)

1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын. (Тышқан)

2. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (Курсор)

3. Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді.

Егер білсең айта қойшы,

Бұл қандай құрылғы. (сканер)

1-деңгей тапсырмасы: Синоним сөзді тап (5 - «5», 4 - «4», 3 - «3»)

Берілген сөз

Синоним сөз

8 бит

байт

Әліппе

Алфавит

Белгі

Символ

Сканер

Мәтіналғы

ЭЕМ

Дербес компьютер

IІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: Лысенкованың оза отыра оқыту технологиясы.

Оқушылар өздері тақырып бойынша дайындаған слайдтарын ұсынады.

IV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

Практикалық бөлім: оқушылар тапсырма алып компьютермен жұмыс жасайды.

Тапсырма №1 (Ж.Қ.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша)

1. Ms Word бағдарламасын қос.

2. Мәтіннің өлшемі-14.

3. «Қазақстан» деген атпен сақта.

Мәтінді қатесіз, шапшаң теріп жазу. (3-деңгей 3 тілде, 2-деңгей 2 тілде, 1-деңгей қазақ тілінде)

Менің туған жерім Қазақстан. Қазақстан жері кең байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде тоғызыншы орында тұр. Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтар өмір сүреді. Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді.

Мой родной край Казахстан. Земля Казахстана огромная и большая. Казахстан является девятой большой страной во всем мире. В нашей стране живут больше ста национальностей и нации. Казахстан рассположен на Евразийском материке.

My native land is Kazakhstan. The land of Kazakhstan is large. Kazakhstan is the largest country in the world. In Kazakhstan there are 100 nations and nationalities. Kazakhstan is situated in the continent of Eurasia.

Информатикалық диктант


Microsoft Word бағдарламасы - бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған __________________________________

Microsoft Word - бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін ____________________________.

Бағдарламаны іске қосу үшін:

____________________________________________________ әмірлерін орындау керек.

___________________________ - онда терезені басқару батырмалары және құжаттың атауы орналасады.

Құжатты сақтау үшін:__________________________________әмірін орындау керек.


Ұпайы

Үзіліс (физкультминут) - әуен ырғағымен жаттығу жасау (музыкалық файл қосылады)

V. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі

1. Сөз жұмбақ шешу

  1. Тінтуірдің ағылшын тілінде аталуы?

  2. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін керек?

  3. Ағылшын тілінде сөз не деп аталады?

  4. Үй ағылшын тілінде қалай аталады?

  5. Жаңа жолға түсу үшін осы пернені пайдаланады?

  6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?

2. Батырмаларды сәйкестендір (Activslate шағын тақтасын пайдалану)


Жартылай қалың


Қаріпті өзгерту


Маркерлер


Қаріп өлшемін өзгерту


Орта бойынша туралау


Мәтіннің түсін өзгерту


Курсив


Нөмірлеу


Асты сызылған


Сол жақ бойынша туралау


Ені бойынша


Оң жақ бойынша туралау

3. Батырмалардың қызметін жазыңдар (ActivPen арқылы )


Басып шығару


Қиып алу


Болдырмау


Сақтау


Бағандарға бөлу


Қайтару


Қою


Кесте


Жаңа құжат


Көшіру


Алдын ала көру

4. Тест тапсырмасы:

  1. Компьютерлік алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі не деп аталады?

  1. Мәтін

  2. Жазу

  3. Жол

  1. Мәтіндік редактор пайдаланылып жасалған, ішінде алфавиттік, сандық, символдардан басқа, графиктік объектілермен мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпараты бар файлды не деп атаймыз?

    1. Мәтін

    2. Мәтіндік процессор

    3. Мәтіндік құжат

  2. Магниттік дискіде мәтіндік құжат құруға, оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығаруға және т.б. қолданылатын қолданбалы программа.

    1. Мәтіндік процессор

    2. Мәтіндік құжат

    3. Электрондық кесте

  3. Мәтіндік құжаттардың қандай түрлерін білесің?

    1. Кәдімгі

    2. Кестелік

    3. Программалық

    4. Барлығы

  4. Басқа мәтіндермен графикалық, бейнелік, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтінді не деп атайды?

    1. Кәдімгі мәтін

    2. Кестелік мәтін

    3. Гипермәтін

  5. Символдардан не құралады?

    1. Сөз

    2. Сөйлем

    3. Жазу

  6. Қандай пернені басу арқылы абзацқа түсе аламыз?

    1. Shift

    2. < Enter>

    3. Ctrl

  7. Жол мен бағанның қиылысуы нәтижесінде пайда болған объект не деп аталады?

    1. Баған

    2. Кесте

    3. Ұяшық

  8. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?

    1. Символ

    2. Сөз

    3. Жол, абзац, бет

    4. Аталғандардың барлығы

10. Мағыналық мазмұны бойынша топтастырылған жолдар тізбегі

A. Сөз

B. Ұяшық

C. Абзац


Жауабы: А, С, А, D, C, A, B, C, D, С.

VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: «Менің отбасым» атты тақырыпқа шығарма жазып келу

VII. Бағалау кезеңі: Бағалау парағына сәйкес бағалау.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Оқушының аты-жөні

Сынып_6_


Үй тапсырмасы

Компьютермен жұмыс

(практикалық бөлім)

Информатикалық

диктант

Сөзжұмбақ

шешу

Сәйкестендіру

Қызметін жаз

Тест

Ортақ

баға




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал