- Учителю
- Сабақ жоспары 10 -сынып Тақырыбы Алгоритм және визуальды программалау технологиясы.
Сабақ жоспары 10 -сынып Тақырыбы Алгоритм және визуальды программалау технологиясы.
Сабақ жоспары
Сыныбы: 10 «А»Сабақ тақырыбы:
Алгоритм және визуальды программалау технологиясы.
Сілтеме:
Жоспар (күнтізбелік жоспар)
Жалпы мақсаттар:
LAZARUS 1.0.4 - сипатамасымен таныстырып, практикада орындау. Бағдарламалаудың жолдары мен оның түрлері туралы толық мағлұмат беру.
Визуалды бағдарламалау технологиясы түсінігімен таныстыру.
Оқыту нәтижелері:
LAZARUS 1.0.4 - те бағдарламалау технологиясын меңгерту.
Зерттеу арқылы оқушылардың арасындағы қарым-қатынасын жақсарту, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Түйінді идеялар:
LAZARUS 1.0.4 бағдарламасының негізгі бағдарламалау ерекшеліктерін, сонымен қатар қосымшаларды құрастыру LAZARUS бағдарламасында жасап үйрену.
Сабақтың типі:
Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі:
Ұжымдық, топтық оқыту.
Орындалатын іс-әрекеттер:
Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері
Оқушылардың орындалатын іс-әрекеттері
1.Ұйымдастыру. (3-5 мин)
1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы.
2.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық:
а) Оқушылардың бағдарламалау туралы пікірлерін анықтап сұрау.
2. Сұрақтарға жауап береді, пікір алмасу:
а) Бағдарламалаудың негізгі міндеттері мен түрлері бойынша пікіралмасуды ұйымдастыру.
(Сұрақ-жауап ұйымдастыру)
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
а) Visual basic 6.0 бағдарламалау негіздері туралы түсінік беру, демонстрациялау.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: https://sites.google.com/site/studylazarus/
Lazarus-та кез-келген жасалған жоба бұл - құрылған файлдардың жинағының көмегімен орындалатын командалық файлдың құрылуы.
Файлдардың тізімі келесі түрде сақталады:
Жобаның сипатының файлы (.lpi);
Жоба файлы (.lpr);
Ресурстар файлы (.lrs);
Форма модулі (.lfm);
Программалық модуль (.pas).
Барлық жоба файлдарының барлығы компиляцияланғаннан кейін программада жалғыз іске асыру файлы құрылады. Ол файлдың аты үнемі жоба атымен сәйкес келеді. Программалық модуль немесе жай модуль бұл - компиляцияланған жеке программалық бірлік, бірліктер типтердің, тұрақтылардың, ауыспалылардың, процедуралар мен функциялар жинағынан құралады.
Кез-келген модуль келесі құрылымға сай келеді:
unit ...; // модуль атауы
interface // сипаттама бөлімі
implementation // Модульдің басы
end. // Модульдің соңы
4. Жаңа материалды меңгергенін тексеру:
а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру.
4. Жеке-жеке тапсырмалар беріледі:
а) LAZARUS бағдарламалау негіздері мен басқару панелімен танысу. (Паскаль программалау тілімен байланыстарын анықтау)
ә) LAZARUS - ң практикада программаны іске қосу, терезелер құрылымымен танысу, аспаптар панелінің құралдарымен танысу, жұмыс істеу ерекшеліктері.
5. Сабақты бекіту:
</<font face="Times New Roman, serif">а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, қалыптастыру, бағыт-бағдар беру.
5. Оқушылардың білімдерін бекіту:
а) Пролемалық сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. (Сұрақ-жауап)
-
LAZARUS ортасы дегеніміз не?
-
LAZARUS бағдарламалау жүйесінің жұмыс терезелері ?
-
Терезелерінің міндеттері мен олардың функциялары?
-
LAZARUS программасына қалай кіре аламыз?
-
LAZARUS программасының неше версиясы бар?
-
LAZARUS программасын түсіндір?
-
LAZARUS ортасының бөліктерін түсіндір?
-
New парағын түсіндір?
-
LAZARUS программаларында сақтаудың неше түрі бар?
-
LAZARUS қосымшасын қалай сақтаймыз?
6. Үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау, бағалау.
6. Сабақты қорытындылау:
а) Үйге тапсырма: LAZARUS ортасы туралы түсінік. Негізгі элементтері. 2 тарау 2.5, 2.6 тақырып, 2-тапсырма.
Информатика пәні мұғалімі Муратбеков Ж.Т
Тексерген _______________________________________
Программа терезесі: