- Учителю
- Файлдар, бумалар және жарлықтар
Файлдар, бумалар және жарлықтар
Сабақ жоспары
Күні:13/14.11.2014
Сыныбы: 5 «д», 5 «ә»
Пәні: информатика
Сабақтың тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға файл, бума және жарлықтар туралы түсінік қалыптастыру. Оларды құруға және атын өзгертуге үйрету.
б) дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
с) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейіпі мен заттарының орнында болуын қадағалау;
-
Оқушыларды түгендеп, журналға белгі қою;
-
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
-
Операциялық жүйе дегеніміз не?
-
Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас қалай аталады?
-
Қандай операциялық жүйелерді білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ
Файл дегеніміз не? Файл - аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Window's та бағдарламалардың басқа атауы - қолданба да қолданылады. Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 - 255 символға дейін барады.
Файл типтерінің кейбір негізі «құжат ретінде» белгіленудің тізімі төменде көрсетілген: *.bmp Paint, *.doc WordPad, *.txt Блокнот, *.wav фонограф қолданбаларының дыбыстық файлы, *.avi бейне клип, *.xls кестелік процессордың құжаты ,*.ppt PowerPoint қолданылады.
Бума - бұл аты аталған файлдар тобы. Window's бумалары каталог рөлін атқарады. Window's-тағы барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар бумаларда сақталады. Бумалардың аты файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсетеді. Бумалар екі түрлі болады:
-
Жүйелік бумалар (каталог)
-
Жұмыс бумасы (мой компьютер, принтер т.б.)
Терезеде жаңа бума құру үшін: Файл →создать→папка командасын орындаймыз.
Жарлық - нақты бір файлдарды көрсететін арнайы таңбалар. Олардың бумалардан айырмашылығы - оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Жарлықты жойғанда, оның көрсетіп тұрған файл жойылмайды. Жарлықтың басты міндеті - объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай - ақ, қатынауды қамтамасыз ету.
Практикалық жұмыс
А деңгейі
-
Кез келген файл үшін жарлық құрыңдар
-
Атын өзнертіңдер
-
Жарлықты жойыңдар
В деңгейі
-
Жұмыс үстеліндегі өз бумаларыңның көшірмесін жасаңдар
-
Көшірменің жарлығын құрыңдар
-
Құрылған жарлықты қоржынға апарыңдар
С деңгейі
-
Бірінің ішіне бірі салынған үш бума құрыңдар
-
Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар
-
Жұмыс үстеліндегі өзіңнің бумаңа жарлық құрыңдар
IV. Сабақты бекіту
-
Файл дегеніміз не?
-
Блокнот файлының типін көрсетіңіз
-
Бумалардың неше түрі бар
-
Жарлықтың міндеті
V. Қорытынды
Үйге тапсырма.85-92 бетке дейін оқу.
Тапсырма. 1 - қатар File1.txt, 2 - қатар file2.doc, 3 - қатар file3.bmp файлын құрып, оны өз есімдеріңмен аталатын бумаға сақтаңдар. Содан кейін осы буманың жарлығын жұмыс үстеліне орналастырыңдар.
Пән мұғалімі: Рысалды А.С 1 бет