7


  • Учителю
  • Тема: Мәтінді пішімдеу редакциялау 5 класс

Тема: Мәтінді пішімдеу редакциялау 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сабақ №25

Сынып: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б»

Өткізілетін күні: ___________________________

___________________________

___________________________

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу редакциялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастыру бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Сабақты бекіту.

5. Сабақты қорытындылау

6.Үйге тапсырма беру

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. (2-3 минут)

2. Үй тапсырмасын сұрау. (7-10 минут)

1.Мәтінді қалай жазамыз?

2.Мәтіндерді қалай бөлеміз?

3.Мәтін мен абзацтарды қалай бөлеміз?

4.Құжатты құрғанда мәтіндік редактор бізге қандай әріпті ұсынады?

3. Жаңа сабақ (10-15 минут)

Жаңа түсініктер:

Пішімдеуге арналған жолақтағы батырмаларды қарам\ймыз.Әртүрлі өлшемде,әртүрлі түсте терілген құжаттарды қарап шығу.Іскерлік хаттар,рефераттар үшін әріп өлшемін 14 және Times New Roman -ды қолдану ұсынылады.Мәтіндерді ерекшелеуде түстерді,ерекше белгілерді артық қоюмен әуестенбеу керектігін ескерту қажет.Бұл негізгі мазмұнды түсінуге келтіреді.Параграф мәтінін қарап шығып,абзацтарға қандай шегіністер мен теңестірулер қолданылғанын қарастыру.

Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және мәтіндік бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

4. Жаңа сабақты бекіту. (7-15 минут)

Сабақты бекіту сұрақтары:

1.Маркерленген тізімді қай кезде пайдаланған дұрыс?

2.Бірінші жолдың шегінісі теріс бола ал ма?

3.Қай кезде жолдың үзінділерін пайдалануға болады?

5. Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру:

Тест.172 бет

7. Оқушыларды бағалау. Оқушыларды біліміне, біліктілігіне байланысты бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал