7


  • Учителю
  • Урок по информатике на тему 'Сандық функциялар' (7 класс)

Урок по информатике на тему 'Сандық функциялар' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Уақыты:

Сыныбы: 7 «a» Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Тұрғанбек Әйгерім Тұрғанбекқызы

Тақырыбы: Сандық функциялар

Сабақтың мақсаты

Білімділік: программаларда жиі қолданатын сандық функциялармен таныстыру, сандық функциялардың мақсаты, есептерде қолдана отырып, өрнектер құрастыруды үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, логикалық ой-өрісін, білім-білік дағдысын, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру және дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды компьютерлік және ақпараттық сауаттылыққа, ақпаратық мәдениетке, техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақ түрі: аралас

Оқыту әдісі: түсіндірмелі демонстрациялық, практикалық жұмыстар арқылы, АКТ, ойын, сұрақ-жауап, талдау

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентация, таратпа қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Сабаққа назарларын аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тест сұрақтарын гүл дестелеріне жасыру арқылы тексеру /жауап варианттары көрсетілмейді/

  1. Өрнектерде қолдануға ....болады.

А) константтарды, айнымалыларды, функцияларды, енгізу-шығару операторларын

В) константтарды, айнымалыларды

С) тек сандар

D) константтарды, айнымалыларды, функцияларды

2. div амалы ... жүзеге асырады.

А) бүтін санды бөлуді

В) үтірден кейін екі белгімен шектелген нәтижесі бар санды бөлу

С) бүтін санды бөлудің қалдығын алу

D) бүтін санды бөлудің бөлшектік қалдығын алу

3. mod амалы ....жүзеге асырады.

А) бүтін санды бөлуді

В) үтірден кейін екі белгімен шектелген нәтижесі бар санды бөлуді

С) бүтін санды бөлудің қалдығын алуды

D) бүтін санды бөлудің бөлшектік қалдығын алуды

4. 8 div 5

А) 1

В) 2

С) 3

D)4

5. 8 mod 5

А) 1

В) 2

С) 3

D)4

6. Real және Integer типтерінің екі санын көбейту нәтижесінде алынатын тип

А) real

В) integer

С) shortint

D)string

7. Integer типінің екі санын бөлу нәтижесінде алынатын тип

А) real

В) integer

С) shortint

D)string

8. Pascal тілінде дұрыс жазылған өрнекті тап: 19(16,3+7,7)

А) 19(16.3+7.7)

В) 19*(16.3+7,7)

С) 19(16,3+7.7)

D) 19*(16.3+7.7)

9. Pascal тілінде дұрыс жазылған өрнекті тап:

А) 34.5+24.5/15у

В) (34.5+24.5)/15у

С) (34.5+24.5)/15*у

D) (34.5+24.5)/(15*у)

10. Арифметикалық өрнектерді орындау барысында жоғарғы басымдылықтың амалдары:

А) бүтін санды бөлу, бүтін санды бөлудің қалдығын алу, бөлу, көбейту, қосу

В) бүтін санды бөлу, бүтін санды бөлудің қалдығын алу, бөлу, көбейту

С) бүтін санды бөлу, бүтін санды бөлудің қалдығын алу

D) бөлу, көбейту

11. 11 div 3=3 12. 13 mod 6= 1

13. Pascal тілінде дұрыс жазылған өрнекті тап: 16,3+7,7

16.3+7.7


ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Таратпа қағаздар таратылады, нәтижесін тақтадан көрші оқушы тексереді:

1. 34 div 8 =4 2. 53 mod 7 =4 3. -> (2*a+3)/(3*a-5) 4. 2x2 -> 2*x*x

ІV. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

2 әріптен алып тастай отырып, сөздерді шығару. Бүгінгі тақырыпты табу

V. Жаңа сабақ

Өрнекті құру үшін сандық функцияларды қолдану қажет болуы мүмкін. Мысалы, санның бүтін бөлігін есептеу үшін сәйкес функцияны білу керек. Pascal-дағы бірқатар сандық функциялардың тізімі 10-кестеде келтірілген.

Жаңа сабақты кестеде мысалдар бойынша түсіндіріп өтемін.


Қаратпасы

Аргумент типі

Нәтиже типі

Ескерту

Frac(x)

Real

Real

Санның бөлшек бөлігі

Frac(564.66)

Нақты

нақты

66

Int(x)

Real, integer

Real

Санның бүтін бөлігі

Int(564.66)

Нақты

нақты

564

Pi

-

Real

3.141592653

3*pi

-

нақты

942

Sqr(x)

Real, integer

Аргумент типі

Аргумент квадраты

Sqr(4.4)

Нақты

нақты

19.36

Random

-

Real

[0, 1] аралығындағы псевдокездейсоқ сан

0.66

-

нақты

0.66

Random(i)

word

word

[0, i] аралығындағы псевдокездейсоқ сан

Random(2)

бүтін

бүтін

1

Round(x)

Real

integer

Жақын жатқан бүтінге дейін жуықтау

Round(9.6)

нақты

бүтін

10

Trunс(x)

Real

integer

Санның бөлшек бөлігін лақтырып тастау

Trunс(43.8)

нақты

бүтін

43


Дәптермен жұмыс

Псевдокездейсоқ сан - кездейсоқ сандар қасиеттері бар алгоритмдік сандар тізбегінің жиынтығы.


Мысалы:

2*a/(3+5*sqr(a))

VI. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

A деңгейі

  1. х нақты саны берілген. Оның квадратын табыңдар.

sqr(x)

sqr (2.2)= 4.84 sqr (3.3)=10.89 sqr (4.4)=19.36 sqr (5.5)=30.25 sqr (6.6)=43.56


  1. у бүтін саны берілген. Оның квадратын табыңдар.

sqr(у)

sqr (2)= 4 sqr (3)= 9 sqr (4)= 16 sqr (5)=25 sqr (6)=36


B деңгейі

Электронды сағаттардың мынадай көрсеткіші берілді: m сағат n минут k секунд. Сағат тілі p сағат q минут r секундтан кейін қандай уақытты көрсетіп тұрады?


m:=m+p; n:=n+q; k:=k+r;

m:=(m+trunc((n+trunc(k/60))/60)) mod 24;

n:= (n+trunc(k/60)) mod 60;

k:=k mod 60;


Есептеу: m= 15 n= 45 k=23

P=17 q= 21 r= 12

m= 32 n= 66 k=35

m:=(32+ trunc((66+trunc(35/60))/60)) mod 24 m:=9

n:= (66+trunc(35/60)) mod 60 n:=6

k:=35 mod 60 k:=35

Жауабы: m:=9 n:=6 k:=35

C деңгейі /Паскальға енгізу/ Орындау: қиындыларды құрастырып, программа денесін дұрыс орналастыру


Егер көрсетілген болжам ақиқат болса, TRUE мәнін, ал кері жағдайда FALSE мәнін шығаратын программа құрыңдар: берілген үш таңбалы санның қосындысы N жұп сан болып табылады.


program c;

var

n,x,y,z,s:integer; l:Boolean;

begin

write('ush tangbali san='); readln(n);

x:=n div 100;

n:=n mod 100;

y:=n div 10;

z :=n mod 10 ;

s :=x+y+z ;

l :=(s/2=int(s/2)) ;

writeln('tujirim-'l); end.


Есептеу: n=361 3+6+1=10 Жауабы: 10/жұп сан/-TRUE


VII. Қорытындылау және оқушылар білімін бағалау


Қаратпасы

Ескерту

Іс-әрекет

Frac(x)

Санның бөлшек бөлігі

Шапалақ

Int(x)

Санның кез келген бөлігі

Үнсіздік

Pi

3.141592653

Шапалақ

Sqr(x)

Аргумент квадраты

Шапалақ

Random

[0, 1] аралығындағы псевдокездейсоқ сан

Шапалақ

Random(i)

Санның квадраты

Үнсіздік

Round(x)

Жақын жатқан бүтінге дейін жуықтау

Шапалақ

Trunс(x)

Санның бөлшек бөлігін лақтырып тастау

шапалақ


Оқушылар білімін бағалау

VIIІ. Үй тапсырмасы: §13 Сандық функциялар /оқу/, бақылау және тест сұрақтарына жауап беру



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал