7


  • Учителю
  • 'Компьютерлік модельдеу' тақырыбындағы 9 сыныпқа арналған сабақ жоспары, презентациясымен, флипчартымен

'Компьютерлік модельдеу' тақырыбындағы 9 сыныпқа арналған сабақ жоспары, презентациясымен, флипчартымен

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік модельдеу.Сабақтың мақсаты: .Білімділігі: модельдер туралы түсініктері толығады, компьютерлік модельдеу туралы түсініктері қалыптасады, компьютерлік модельдеуді үйренеді.Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үй
предварительный просмотр материала

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік модельдеу.

Сабақтың мақсаты: .

Білімділігі: модельдер туралы түсініктері толығады, компьютерлік модельдеу туралы түсініктері қалыптасады, компьютерлік модельдеуді үйренеді.

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, слайд, флипчарт, А3, маркер, стикер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІҮ. Сабақты бекіту

Ү. Оқушыларды бағалау

ҮІ.Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды шаттық шеңберінде өз аттарына ассоциация жасап, сабақ алдында бір-біріне жақсы тілек айтып, көтеріңкі көңіл-күймен бастауға шақырамын.

Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу: өз есімдерінен басталатын информатикаға қатысты сөздерді айтады.

«Даналық ағашынан» жапырақ алғызып, топқа бөлу.

І топ: «Модель»

ІІ топ: «Компьютерлік модельдеу»

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Зымыран сұрақтар:

  1. Символдық жол дегеніміз не?

  2. Символдарды сипаттау үшін қандай түйінді сөз қолданылады?

  3. Символдық мәліметтерге қандай амалдар қолданылады?

  4. Символдық тұрақтылар қалай жазылады?

  5. Паскаль тілінде символдарды өңдеуге арналған қандай функциялар мен процедуралар бар?

Ақпараттық диктант:

Мәтін ұзындығын анықтайтын функция LENGTH (S) деп аталады.

Copy (St, Poz,N) - St сөз тіркесінің Poz нөмірлік символынан бастап қатар тұрған N символ көшіріліп алынады.

Concat(s1, s2,…,sn) - жақша ішіндегі тіркестік айнымалылар мәндерін орналасқан орындары бойынша біріктіреді.

Upcase(ch) - латын алфавитінің кіші әріптерін сәйкесінше бас әріптерге ауыстырады.

Delete(S,Poz,N) - S сөз тіркесі символдарының Poz нөмірінен бастап, N символды өшіреді де нәтижені қайта S мәні ретінде жазады, мұнда Poz<255.

Insert(S1,S2,Poz) - S1 сөз тіркесін S2 тіркесінің Poz нөмірінен бастап кірістіріп орналастырады да, нәтижені S2 мәні ретінде жазады.

Бірін-бірі бағалау.

Жaңа сабақ:

Әр топқа постер жасату (топ аттарын қорғау).Оқулықпен жұмыс.

І топ: Модель, модель түрлері.

ІІ топ: Компьютерлік модельдеу

Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу - объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Модель - көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақытта біздің ойымызда бейнеленетін прототип пайда болғанға дейін жасалады. Бір объект үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады. Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз. Мұндағы мақсатымыз - басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сеулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты - үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:

  1. Қолдану аймағы.

  2. Модельде уақыт факторын ескеру.

  3. Білім саласына қарай топтау.

  4. Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

Реферат қорғату.


Модельді сәйкестендіру.


Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу - объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.

Ойын модельдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.

Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады.

Динамикалық модель - уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.

Оқу моделі - көрнекі оқу құралдары, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.


Жаңа сабақты бекіту :

Сұрақтар:

1.Модель дегеніміз не?

2.Модельдеу деп нені айтады?

3.Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?

4.Модельдеудің мақсаты қандай?

5.Компьютерлік модель дегеніміз не?

6. Күнделікті өмірден және қоршаған ортадан модельдерге мысал келтір.


Компьютерде тапсырма орындату:

  1. MS Word программасында адамның ақпараттық моделін жаса.

  2. Paint графикалық редакторында «Менің болашақтағы мектебім» графикалық моделін құрғызу.

  3. MS Word программасында математикалық модель жаса

Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Флипчартпен жұмыс:Модельдерді топтастыру: материалдық, ақпараттық.



Жаңа сабақты қорытындылау.

Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен іске асатын модельді айтады.

Үйге тапсырма: реферат жазу, модель жобасын жасау.


Оқушыларды бағалау : Оқушылар бірін-бірі бағалайды.


Рефлексия парағы бойынша кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал