7


Графикалық редактор (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Абай атындағы орта мектеп





















Графикалық редактор (5 класс)









Информатика пәні мұғалімі Г.Қ.Қошқарбаева

















2015-2016 оқу жылы





Тақырыбы: Графикалық редактор 5 класс

Мақсаты: Paint графикалық редакторында алған білім деңгейлерін байқау.

Әдіс-тәсілдері: Интерактивті оқыту әдісі

Технология: Ақпараттық технология



ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауында: «ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интелектуалды және рухани әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен ЖОО-ң ең тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады» деп атап көрсеткендей жаңа ХХІ компьютерлендіру, яғни ақпараттану ғасыры.

Қай халықтың қай ұлттың болсын толығып өсуіне рухани әрі мәдени дамуына, басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да мектеп.Мектептегі білім беру деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті деңгейде көтеру мектеп басшыларының және ұстаздардың басты міндеті. Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін компьтерлік техниканы,интернет,компьютерлік желілерді,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,электрондық оқулықтарды оқу урдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажеттігі туындап отыр.Электронды оқулық онлайн тәртібіндегі интерактивті сабақ өтетін болды.

Қазіргі кезде мектептердің интерактивті тақтамен жабдықталуы мұғалімнен ақпараттық технологияларды жетік меңгеруді талап етеді. «Интерактивті» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны белдіреді. «Интерактивтік» деген сөз энциклопедияда көрсетілген,интеракция жеке тұлғаның,жұптың,топтың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі.Интерактивті тақта (ит) -дәріскерге немесе мұғалімге екі түрлі құралдарды,атап айтқанда,ақпарат кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіріп қолдануға негізделген құрал.

Асtivot кестелеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

Activwand указкасының көмегімен мұғалім жұмыстануы жеңіл болады.

ActivStudio бағдарламасы

ActivTavlet планикті арқылы оқушы отырып,өз орындайды.

ActivSlate радио портты панель құрылғысы тапсырма орындауда ыңғайлы

Өтілу барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Кім жүйрік

3.Қызықты информатика әлемінде

4.Қорытындылау. Күтілетін нәтиже

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Кім жүйрік? Өсімдіктер әлеміне саяхат. 6 оқушы шығып жұмбақты шешіп, шешуін Paint терезесіне салып, пайдаланған құралдарына сипаттама беруі керек.

1.Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр.

(Қауын)

2.Тамақ та бола алады,

Табақта боло алады.

(қарбыз)

3.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көп киім,

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар

Түймелеуге жетпейді.

(Қырыққабат)

4.Аласа ғана бойы бар,

Тоғыз қабат тоны бар.

(Пияз)

5.Қыстай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

(Сәбіз)

6.Үстіне тігіп көк шатыр

Астында қызыл дәу жатыр.Бұл не?

(Қызылша)



3. Қызықты информатика елінде.

1. Геометриялық фигуралар құрастыру.

2. Мен тұратын үй (үйдің сызбасын құрастыру)

3. Робот құрастыру



4.Қорытындылау

Paint графикалық редакторында қандай құралдар арқылы сурет салу тиімді екенін анықтау.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың компьютерге деген қызығушылықтары артады.

Қоршаған ортадағы көрген дүниелерді сурет арқылы бейнелеуге машықтанады.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеуге дағдыланады.

Өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Оқушының ақыл-ой қабілетін дамытуға көмектеседі.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал