7


  • Учителю
  • Компьютерлік графика (7 сынып)

Компьютерлік графика (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

19-сабақ. Компьютерлік графика түрлері



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: кескінді қалыптастыру ұстанымы бойынша компьютерлік графиканы жіктеуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық абстракциясын, ұжымда жұмыс істей алуын дамыту.

Сабақтың ілеспесі: көрсету (Lesson19 файлы/компьютерлік графика.pps)

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сабақтың мақсат-міндеттерін қою

  3. Үй тапсырмасын тексеру

  4. Білімді өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Суретті қайда салған оңай: компьютерде ма әлде қағазда ма?

  2. Компьютерде суретпен жұмыс істеудің қандай артықшылықтарын атай аласыңдар?

  3. Компьютерде графикалық кескіннің қандай әрекеттерін орындауға болады?

  4. Суреттерді салудың, өңдеудің әдістері мен құралдарын қарастыратын информатиканың саласы қалай аталады?

  5. Компьютерлік графиканың қандай түрлерін білесіңдер?

Оқушыларға бірнеше кескінді көрсетіңіз (бейне үзіндісін https://www.youtube.com/watch?v=QkEYLo0li8M қолдана аласыз немесе тақырыпты үйрету барысында басқа оқушылардың жұмысын көрсете аласыз). Оқушыларға екіөлшемді (2D) және үшөлшемді (3D) топтарға бөлінуді талап етіңіз.

Сұрақтар

  1. Кескінді қалыптастыру ұстанымы бойынша кескінді қандай түрлерге бөлер едіңдер?

  2. Paint графикалық редакторында жасаған суреттерің қандай түрге жатады?

  3. Растрлық графиканың қандай артықшылықтары мен кемшіліктерін атап бере аласыңдар?

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау ұсынылады.

  1. Жаңа материалды оқып-үйрену

Бірнеше векторлық кескінді көрсетіп, оқушылардан олардың қай салада қолданылатынын анықтауды тапсыру.

Оқушылармен талданатын сұрақтар:

  1. Векторлық графикалық редакторда жұмыс істеп көрдіңдер ме?

  2. MS PowerPoint программасында векторлық сурет салудың алгоритмін құруды тұжырымдаңдар.

  3. Фигураның жеке бөліктерін жеке редакциялауға бола ма?

Бірнеше фракталды көрсету. Фракталдық кескіннің мпішіні бойынша векторлық ж»не растрлық кескіннен қандай айырмашылықтары бар екенін анықтауды сұрау. Тірі және өлі табиғатта кездесетін фракталдарға мысалдар келтіруді сұрау, фракталдық кескінді қалыптастырудың ұстанымдарын тұжырымдау (ұқсас фигуралардан, математикалық есептеулерден).

  1. Жаңа сабақты бекіту

Компьютерде тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

  1. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалардың жауаптары

3-тапсырма

Кескіндерді графиканың қандай түрлеріне жатқызасыңдар? Жазып көрсет.

Векторлық

Растрлық

Фракталдық

7-тапсырма

«Компьютерлік графика түрлерін салыстыру» кестесін толтыруды аяқта.

растрлық

векторлық

фракталдық

Негізгі элемент

Нүкте (пиксель)

Бір нысан болып сипатталатын сызық немесе қисық

Математикалық формула

Қолданылуы

Фотосуреттерді қалпына келтіру, коллаж жасау, фотомонтаж, сканерленген кескінді түзету

Баннерлер, эмблемалар, сызулар, этикеткалар жасау

Тірі және өлі табиғат нысандарын модельдеу

Масштабтау

Сапасын жоғалтады

Сапасын жоғалтпайды

Сапасын жоғалтпайды

Реалистік

шынайы

Сұлба түрінде

шынайы

  1. Қорытындылау

Сабақтағы жұмыс нәтижесін бағалау

  1. Үй тапсырмасы

§19 оқу, бақылау сұрақтары мен тест сұрақтарына жауап беру. Жеке оқушыларға алдын ала тапсырмалар беруге болады: графикалық ақпараттарды сығудың әдістері туралы мәліметтер дайындап келу.

§19 соңында берілетін «Өзіңді тексер» тест сұрақтарының кілттері:1

2

3

4

5

6

7

A

D

A

A

A

A

D







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал