7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Сандық функциялар. Сызықтық алгоритмді программалау

Сабақ жоспары Сандық функциялар. Сызықтық алгоритмді программалау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 12.12.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Сандық функциялар. Сызықтық алгоритмдерді программалау.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларда Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары

туралы мағлұматтар қалыптастыру.

  • Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды

қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Еңбексүйгіштікке баулу, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру

Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, компьютер, Паскаль программалау ортасы, слайд.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі

II Үй тапсырмаларын сұрау.

1.Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм-берілген мақсатқа жету үшін реттелген әрекеттер тізбегі

2.Алгоритм жазу пішімі қандай?

алг алгоритмнің аты

басы

алгоритм командалары

соңы

  1. Айнымалы типтерін атаңыз? (бүтін-integer; нақты-real; литерлік-char)

  1. Енгізу операторы (read, readln-енгізу)

  1. Шығару операторы ( write, writeln- шығару)

  1. Меншіктеу операторы (айнымалы аты:= өрнек)

  1. Программа жазу пішімі қалай?

program программа аты

айнымалалар бөлімі

begin

операторлар бөлімі

end.

III Жаңа тақырып.

</ Екі санның қосындысын (c=а+в) анықтайтын блок-схемасын,алгоритмін, программасын жазу. алг ЕСҚ табу

(арг бүт а, в,нәт бүт с)

басы

енгізу а, в

с=а+в

шығару с

cоңы

program ecep;

var a,b,c:integer;

begin

readln (a,b);

c:=a+b;

writeln ('с= ',c);

end.

а=12 ,в=10

деп мәндері берілсе

онда программаны былай жазуға болады

program ecep;

var a,b,c:integer;

begin

a:=12;b:=10;

c:=a+b;

writeln ('с= ',c);

end.



Оқушыларға ДК программаның орындалуын көрсету.

Сыныпты үш топқа бөлу.

1 топ «Программа»

2 топ «Блок-схема»

1 тапсырма: Әр топ өз атына сәйкес есеп шығарады.

Өрнектің мәнін табыңдар a=-2 ,болғанда (a-8)/(2a+5) блок-схемасын, программасын құрыңыз.

2 тапсырма: /топтар ауысады. 2 топ программа құрады, 1 топ блок-схема құрады/

P=2(a+b), S=a*b формуласы бойынша есептеу блок схемасын , программасын құрыңыз.

3 тапсырма: /2 топ та блок-схемасын, программасын құрады/

Үш санның арифметикалық ортасын табу алгоритмін, блок-схемасын және программасын жазыңыз.

IV Компьютермен жұмыс

Осы үш тапсырманы ДК Паскаль программалау тіліне жазып жауабын алыңыз.

"Программа" тобы 2 есеп Жазған тапсырмалары тексеріледі.

"Блок-схема" тобы 3 есеп

V Демалыс сәті.

Бүтін а санының түбіріне шығатын программаны құру үшін әр топ оқушылары ретін табуы керек . program san_a; writeln ('түбір= ',х);

end. begin readln(a); x:=sqrt(a); var a:integer; x: real;

Әр топқа есеп үзіндісі беріледі жауабын табу керек.

VI Бекіту сұрақтары:

1.Айнымалы бөлім аталуы?

2.Алгоритм қасиеттерін атаңыз?

3.Алгоритмді график арқылы кескіндеудің атауы.

4.Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

5.Енгізу операторы қалай аталады?

6.Шығару операторы қалай аталады?

VII Үйге тапсырма:

№1. Y=(AX+B)-С өрнегінің

алгоритмін, блок-схемасын,программасын

құрып келу.

№2. y=x2+1 функциясын есептейтін программа жазыңыз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал