7


  • Учителю
  • Таңбаланған және нөмірленген тізімдер (6 класс)

Таңбаланған және нөмірленген тізімдер (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы:  Нөмірленген және таңбаланған тізімдерСабақтың мақсаты:    Білімділік:   Оқушыларды нөмірленген және таңбаланған тізімдерұғымымен таныстыру, мәтінді пішімдей білуге үйретуДамытушылық: Оқушыларға абзацтар,шегіністер және интервалдар туралы түсін
предварительный просмотр материала

Бекітемін: Күні: 04.02.2015ж

Сыныбы: 6ә

Пәні: информатика

Мұғалімі: С.Е.Оңғарбаева

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды нөмірленген және таңбаланған тізімдер

ұғымымен таныстыру, мәтінді пішімдей білуге үйрету

Дамытушылық: Оқушыларға абзацтар,шегіністер және интервалдар туралы түсінік бере отырып ой - өрістерін, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтағы Абзацтар, шегіністер, интервалдар тақырыбы бойынша детальдарды құрастыру әдісімен сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыптың атауын құрастырамыз

1. Пішімдеу қай жерде қолданылады ?

2. Мәтінді пішімдеу қалай орындалады?

3. Ағымдағы абзацта мәтінді түзеудің неше түрі бар?

4. Абзацтағы шегіністі азайту немесе ұлғайту батырмасы қайсы?

5. Жолдардың аралығы қалай реттеледі?

6. Абзацтың ішіндегі жоларалық интервалды баптау батырмасы қайсы?

Жаңа тақырып

Нөмірленген және таңбаланған тізімдер

Оқушылар 3 топқа бөлінеді

І, ІІ, ІІІ топ бойынша оқушылар өз беттерімен жаңа тақырыпты түсініп оқып, «Кір жаю әдісі бойынша» тақтада түсіндіреді

І топ сұрақтары:

1. Өзімізге ұнайтын маркер түрін қай жерден таңдаймыз?

2. Өз тізімдеріңді құру үшін не істеу керек?

3. Егер ұсынылған үлгілердің ешқайсысы ұнамаса не істейміз?

4. Қаріп батырмасы қандай қызмет атқарады?

ІІ топ сұрақтары

1. Тізімдердің ең көп тараған үлгісі қалай аталады?

2. Қандай пернені басқан кезде тізімнің келесі нөмірі шығады?

3. Тізімді аяқтау үшін қандай пернемен артық нөмірді жояды?

4. Кейде нөмір ретінде нені қоюуға болады?

ІІІ топ сұрақтары.

Қолмен баптау реті қалай орындалады?

1.

2.

3.

4.

5.

Таңбаланған тізімдер

Маркерленген тізім батырмасының төмен жазылытан мәзірінде тізім үшін қажетті, өздеріңе қатты ұнайтын маркер түрін таңдауға болады. Өз тізімдеріңді құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдау керек. Егер ұсынылған үлгілердің ешқайсысы ұнамаса, онда маркерлердің кеңейтілген тізімдемесін шақыру үшін Символ және сурет батырмасын басуға болады.

Мысалы, маркер ретінде белгісін қоюға болады. Қаріп батырмасы әріптің маркер үшін қажетті мөлшерін, түсін және басқа сипаттамаларын баптайды.

Нөмірленген тізім

Құжаттарда маркерленген тізімдер жиі кездесе бермейді. Тізімдердің ең көп тараған үлгісі- нөмірленген тізімдер. Бұл тізімдер жолдар реттік 1,2,3 және т.с.с сандардан басталады. Мұндай тізімді құру үшін әрбір жолдың басында нөмір терудің қажеті жоқ, мәзірдің Басты пунктінде орналасқан батырмасының көмегімен жолдардың автоматты түрде нөмірленуін тағайындау жеткілікті. Бұл батырма әрбір абзацтың басында тізбектелген сандарды қойып шығады. Яғни, Enter пернесін басу тізімінің келесі нөмірін шақырыды. Тізімді аяқтау үшін Backspace пернесімен артық нөмірді жойса, жеткілікті.

Кейбір нөмір ретінде a, b,c әріптерін немесе І, ІІ, ІІІ рим сандарын қойып шығу қажет блады. Басқаша айтқанда, тізімді белгілі бір параметрлер бойынша (нөмірлеу, әріп, бастапқы нөмір және т.б) баптау қажет.

Процессорда тізімдер түрін баптау мүмкіндігі қарастырылған. Егер ондай қажеттілік туындаса, онда батырмасымен төмен жайылатын мәзірді ашып, онда тізімнің қажетті түрін таңдайды.

Тізімді кітапханадан таңдау

Маркерді таңдаған сияқты нөмірленген тізімнің жақшалары немесе нүктесі бар сандар мен әріптерден тұратын түрлерінің бірін таңдау мүмкіндіктері де бар. Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығы нөмірленген тізімді қолмен баптау сұхбаттық терезесін шақырады.


Қолмен баптау реті

  1. Нөмірлеу өрісінен нөмірлеудің түрін таңдаймыз: рим немесе араб сандары, әріптері және т.б

  2. Формат нөмірдің пішімі өрісінде өте ұқыпты түрде (нөмірлеуді жойып алмай) саннан немесе әріптен кейін шығарылатын символды тереміз Әдетте бұл нүкте немесе жабық жақша. Егер ешқандай символ шығарылмайтын болса, онда бұл терезеде тек нөмірлеуді қалдырамыз.

  3. Түзеу өрісінде тізімнің бетіне орналасуын баптаймыз.

  4. Қаріп батырмасы құрылатын тізім нөмірінің мөлшерін және сырт пішінін реттейді.

  5. Баптаулар кезіндетізімнің жалпы түрін Үлгі (Образец) терезесінде бақылауға болады. Барлық баптаулардан кейін ОК басамыз

Бағалау: Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау

Үйге тапсырма: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер


Компьютердегі тәжірбиелік жұмыс

А деңгейі

1. Тізімдердің екі деңгейін дайындаңдар: маркерленген, нөмірленген

Үлгі:

Таңбаланған тізімдер



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал