7


  • Учителю
  • Программалау тілі. Программа және оның құрылымы. Деректер типтері, айнымалы ұғымы, өрнек.

Программалау тілі. Программа және оның құрылымы. Деректер типтері, айнымалы ұғымы, өрнек.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: Күні:_________ Мұғалімі: Тексерген_______________


Сабақтың тақырыбы: Программалау тілі. Программа және оның құрылымы. Деректер типтері, айнымалы ұғымы, өрнек.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің программа құрылымы мен қарапайым операторлары туралы мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ақпараттық - технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: ДК, дәптерлер, оқулық.

Сабақтың құрылымы:

1.Сабақтың ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Оқушылардың білімін бағалау

4.Жаңа материалды оқып үйрену

5.Сабақты қорытындылау

6.Үй тапсырмасын беру


1. Сабақтың ұйымдастыру бөлімі
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын бекіту және қайталау үшін ойындар ойналады.
"Кім білімпаз?" ойыны (сұрақтарға жауап беру, әр жауап бір ұпай деп саналады)
1. Алгоритмнің неше түрі бар?
2. Сызықтық алгоритм деген не?
3. Циклдік алгоритмнің қандай түрлері бар?
4. Арифметикалық цикл қандай жағдайда қолданылады?
5. Интерациялық цикл қандай жағдайда қолданылады?
6. Алгоритмді графикалық түрде қалай жазамыз?
«Иә - жоқ» ойыны
(Сұраққа дұрыс болса «иә», дұрыс емес болса «жоқ» деп жауап бересіздер. Берілген жауап дұрыс болса «1», дұрыс емес болса «0» деген жауап шығады)
1. Алгоритмді жазудың 3 түрі бар. 0
2. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм - циклдік алгоритм. 0
3. Фигурасы циклдік алгоритмде қолданылады. 0
4. Алгоритмнің шартқа байланысты орындалуын тармақталу алгоритмі дейміз. 1
5. Фигурасы тармақталу алгоритмінде қолданылады. 0

6. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер - циклдік алгоритмдер. 1

3.Оқушылардың білімін бағалау

4.Жаңа материалды оқып үйрену
Паскаль тілін 1968-1971 жылдары Швейцарияда профессор Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды.
Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.
Паскаль тілінің негізгі элементтері
Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады. Программада әрбір жолдан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.
Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
Кез-келген программа Program сөзінен басталып, оның тақырыбы жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі.
Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі - болып табылады.
Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.
Тілдің алфавиті
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
- атаулар (идентификатор);
- цифрлар;
- айыру белгілері;
- арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) - қосу; (-) -азайту;
(*) - көбейту; (/) - бөлу.
DIV - және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD - қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND - және (логикалық көбейту) операциясы;
OR - немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT - емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR - арифметикалық немесе амалы;
SHL - биттер (1 мен 0-дер)тіркесін солға ығыстыру;
SHR - биттер (1 мен 0-дер)тіркесін оңға ығыстыру;
Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын); , (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте);(нүктелі үтір) ; ` (апостроф); (;); [;] ; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <>(тең емес), (үлкен), = (үлкен не тең).
Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем - оператор деп аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.
Тілдің қарапайым объектілері
Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Программадағы негізгі амалдардың орындалуын керекті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мәндері болады.
1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып бөлінеді. Дербес компьютерде бүтін сандар ағылшынша integer, нақты сандар real деп жазылады.
Мысалы: Бүтін сандар: +4, -100, 15743,0 т.б. Нақты сандар: 2.65, 0.5, -0.856, -6.0.
2. Атау - идентификатор (identification - объектің белгілі бір символдар тіркесін сәйкестігін бекіту) программаны және прграммадағы тұрақтыларды, типтерді айнымалаларды, функцияларды, файлдарды т.б. белгілеп жазу үшін қажет.
Идентификатор - міндетті түрде әріптен басталанатын сандар мен әріптердің тізбегіне тұратын атау.Мысалы: Х, Х1, СҮММА, Р23РН6, МТ54АР т.б.
3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында бірден сандық мен берсек де немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркстік (integer, real, boolean, cha string) мәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар - true (ақиқат) немесе fallig (жалған) мәндерінің біріне ие бола алады.
Мысалы: x = 25; y = -0.5; z = 4E15; g = 9.8; pi = 3.14 т.б.
4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта ір түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімнде var түйінді сөзінен кейін орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі.

Pascal программасы құрылымы:
Program ________; тақырып жолы
Var _____ : ______; айнымалыларды сипаттау
бөлімі
begin басы
Readln (_____); енгізу операторы
_______________ есептеу жолы
Writeln (_____); шығару операторы
End. Соңы
Begin және End - операторлық жақшалар
Мысал: Екі бүтін санның қосындысын табу программасын құру.
Program esep1;
Var a,b,c : integer;
begin
Readln (b,c);
a:= b+c;
Writeln ('a=',a);
End.

5.Сабақты қорытындылау.

Сабақты бекіту тапсырмалары:

1. Паскаль тілі алгоритмді жазудың қай түріне жатады? (программалау)
2. a:= b+c өрнегін қандай алгоритм түріне салып шығарады? (сызықтық)
3. Программалауда енгізу, шығаруды қалай жазады? (readln, writeln)
4. Программалауда есептің басын және соңын қалай жазады? (Begin, end).

Практикалық жұмыс
№1 - есеп.Кез келген екі санның қосындысын есептейтін программа құру .
Program kosu;
Var a,b:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a+b;
Writeln('y=',y);
End.
№2-есеп. Екі санның көбейтіндісін табуға программасын құру.
Program kobitu;
Var a,b,y:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a*b;
Writeln('y=',y);
End.
№3 - есеп. Екі санның бөліндісін табуға программасын құру.
Program bolindi;
Var a, b, x:real;
Begin
Write ('a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln('x=',x);
End.

6.Үй тапсырмасын беру.

2-тарау .2.1-2.6 тақырып.Программалау тілі. Программа және оның құрылымы. Деректер типтері, айнымалы ұғымы, өрнек.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал