7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Қарапайым анимациялар жасау, анимация реттері' 10 - сынып

Сабақ жоспары 'Қарапайым анимациялар жасау, анимация реттері' 10 - сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: _______________

Сыныбы:____________

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым анимациялар жасау, анимация реттері.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Flash бағдарламасында анимация құрудың тәсілдерін меңгеру

ә) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелігі: Анимациялық реттер бойынша жұмыс жасауын қадағалау.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, топтамалар, тапсырмалар, т.б.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

  • Мультипликация дегеніміз не?

  • Суретке алғаш жан бітірген ғалым.

  • Макрос дегеніміз не?

  • Уақыт шкаласындағы пиктограмма батырмаларын ата.

Жаңа сабақ.

Анимация - мультимедия жүйесінде қозғалыстың әр түрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы нысанды экранда бейнелеу тәсілі.

Жалпы Flash бағдарламасында нысанды анимациялаудың 3 түрі бар:

  1. Автоматтық анимациялау

  2. Кадр бойынша анимация

  3. Сценарийге негізделген анимация

Flash бағдарламасында 3 түрлі мәтінді ұйымдастыруға болады:

  1. Static Text - статикалық мәтін

  2. Dynamic Text - динамикалық мәтін

Қ А З А Қ С Т А Н
Input Text - толтырылатын мәтін



Мәтін түрі

Flash бағдарламасында анимация құрудың реттілігі:

Flash бағдарламасында жұмыс облысы пакетінің 3 нұсқасын таңдауға мүмкіндік бар:

  1. Designer - бұл ең алдымен графикалық редактормен жұмыс істейтін дизайнерлерге арналған.

  2. Developer - Веб - жариялымдарын құру үшін Flash бағдарламасында қолдануда жұмыс істейтін қолданушыларға арналған.

  3. General - жалпы жағдайлар үшін.

Бағдарламада анимация құрудың 2 режимі бар:

  • Кәдімгі режим - анимацияланатын кадр бір-бірден тізбектеле көрінеді.

  • Калька режим - екі немесе одан да көп кадрды бір уақытта көрсетеді.

№1 тәжірибелік жұмыс.

«Жолдағы ауылдар» кадрлық анимация

  1. Жаңа бет ашамыз

  2. Атын сақтаймыз

  3. Алдын ала Paint графикалық редакторы көмегімен ауылдар суретін салып аламыз.

  4. Суретті File - Import - Import to Library бұйрығы арқылы импорттаймыз.

  5. Енді қабатша бетіне тағы бір қабат қосамыз.

  6. Екінші қабатқа импорттағы суретті қоямыз.

Сабақты қорытындылау

Тәжірибелік тапсырмалар.

  • Шеңбердің төртбұрышқа айналуын жасау.

  • Көлде жүзген балықтың анимациялық құжатын құру.

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Үйге тапсырма: №12 тақырыпты толықтай оқып келу.

Бағалау. Оқушыларды сұрақтар арқылы және тапсырмалары арқылы бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал