- Учителю
- ӨРнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі. 7сынып
ӨРнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі. 7сынып
Күні:30.11-03.12.15 | Пәні информатика | Мұғалім аты-жөні Джалмаганбетова Р 7 «а, ә, б, в, г» сыныптар | Оқу-ісінің меңгерушісі ____________Сарғожаева А | |||
Тақырыбы | Өрнектер. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі. |
| ||||
Жалпы мақсаттар | Арифметикалық өрнектерді программалау тілінде жазып үйренеді. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады. |
| ||||
Түйінді идеялар | Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі. Айнымалылардың операция орындалғанға дейінгі мәнін, әртүрлі амалдарды есептейді. |
| ||||
Әдіс-тәсілдер | Топпен, АКТ, кері байланыс. |
| ||||
Күтілетін нәтиже
| Паскаль тіліндегі өрнектердің қандай түрде жазылатынын түсінеді, өрнектерді бір түрден екінші түрге конверттейді. Әртүрлі өрнектерді талдайды және Паскаль тілінде жазады. |
| ||||
Сабақтың типі | Жаңа білімді меңгерту сабағы |
| ||||
Сабақтың түрі | Аралас |
| ||||
Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта, оқулық, слайд |
| ||||
Сабақтың жоспары | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| |||
Ынтымақтастық атмосфера | Сабақтың жақсы өту үшін оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады .
|
|
| |||
Топқа бөлу | 1,2,3 сандар арқылы 3 топқа бөлу. | Сан бойынша топқа бөлінеді. |
| |||
Үй тапсырмасын тексеру
| Алгоритм дегеніміз не? Программа дегеніміз не? Программалау тілі дегеніміз не? Паскаль тілі дегеніміз не? Программа неше бөліктен тұрады? | топ болып өздерінің ойларын айтады.
|
| |||
Жаңа сабақ | Әр топқа оқып меңгеруге арналған материалдар үлестіріледі. Тақырыпты оқып, түсініп, топ ішінде пікір алмасу үшін бөлініп беріледі. | Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Топ ішінде пікір алмасып түсінгенін айтып береді.
|
| |||
Сабақты бекіту
| 1. Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады? 2. Арифметикалық өрнек дегеніміз не? 3. Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады? |
|
| |||
Бағалау кезеңі
| Оқушылардың пікірімен санаса отырып бағалайды | Бір-бірін бағалайды. |
| |||
Үйге тапсырма
| Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды. | Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады. |
|