7


  • Учителю
  • Рефлексивный отчет по информатике на тему: 'Қарапайым графикалық редакторы. Редактор интерфейсі'

Рефлексивный отчет по информатике на тему: 'Қарапайым графикалық редакторы. Редактор интерфейсі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы:. Қарапайым графикалық редакторы. Редактор интерфейсі.Сабақтың мақсаты: Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәлімет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға
предварительный просмотр материала

Информатика сабағы бойынша рефлексивті есеп

Сыныбы: 5 «А»

Күні: 19.01.2015

Мұғалімі: Турарова А.Н.


Сабақтың тақырыбы:. Қарапайым графикалық редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәлімет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету. Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру. Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

Оқыту нәтижелері:

А оқушы:

  • Қарапайым мәтіндік редактор туралы біледі, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік алады, мәтінмен жұмыс істеуді үйренеді, құжаттарды құру, ашу, сақтау операцияларын орындай алады.

В оқушы:

  • Қарапайым мәтіндік редактор туралы біледі, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік алады, құжаттарды құру, ашу, сақтау операцияларын мұғалімнің көмегімен орындайды

С оқушы:

  • Қарапайым мәтіндік редактор туралы біледі, практикада білімдерін қолдана кезде қателеседі


Мен информатика пәні бойынша жеті модульді қамту арқылы бағдарламаның жеті модулін кіріктіре отырып, 19 қаңтар күні 5а сыныбына сабақ өттім. Жалпы саны: 25 оқушы, сынып 2 топқа бөлініп оқытылады. Бұл тақырып «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тарауынан алынған, бастапқы тақырыптары. Тақырыпты меңгеру үшін түрлі әдістер қолданылды.

Сабақты бірінші ұйымдастыру кезеңінен бастадым және оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендедім, оқушылардың жағдайын сұрай отырып, сыныпқа жылы ахуал қалыптастырып алдым. Сыныпты «1-2 әдісі» арқылы екі топқа бөлдім. Әр топқа бағалау парақтары таратылды, топтың мүшелерін (бағалаушы, спикер) анықталды. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерді анықтап алдық.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Кім тапқыр» ойыны ойнатылып, әр-бір дұрыс жауапқа белгілі ұпай беріледі. Осы кезеңде балалардың үй жұмысына толығымен дайындалмайтыны білінді, жауап беру кезіңде шатасып кете берді. Сұрақтар ақпарат және компьютер, графикалық редактор Paintпен жұмыс істеу тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында қойылды. 5 сыныптарда информатика бірінші жыл өткізіліп жатқандықтан, осы кезде жаңа сабақты өзіме түсіндіруге тура келді. Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, балаларға «мәтіндік редактор» деген сөзді қалай түсінесіздер деген сұрақ қойылды. Балалар бірден бұл мәтінмен жұмыс істейтін программа деп жауап берді. Келесі кезеңде тақырып слайд бойынша түсіндірілді. Интерактивті тақтамен бірден көрсетіп тұрдым, WordPad бағдарламасының терезесінің құрылымын, негізгі элементтерімен таныстырдым. Келесі кезеңде практикалық жұмысты орындауды ұсындым. Практикалық жұмысқа алдын ала А4 форматында дайындалған деңгейлік тапсырмалары бар қағаздар үлестірілді. Тапсырмалар шарты бойынша берілген мәтінді WordPad мәтіндік редакторында теріп, мәтіннің күйін өзгертулері қажет. Оқушыларға әр-бір тапсырмаларды орындағаны сайын бағалаушы бағаларды бағалау параққа қойып отырды. Менің байқағаным осын сыныптың оқушыларына жылдамдық жетіспейді. Практикалық жұмысқа өкінішке орай үлгермедік. Себебін сыныптың жыдамдығы өте төмен.. Слайдпен «Футбол» ойыны жүргізілді, жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтары берілді. Бекіту кезеңі өте сәтті өтті. «Не түсіңдім? Не үйрендім?» кестесі толтырылды. Соңғы кезеңде Оқушыларға «Венн» диаграммасын сызу ұсынылды, Paint және WordPad бағдарламаларының ұқсастықтарын жазу тапсырылды. Сызбаны толтырып, екі оқушыдан тақтаға шығып қорғады. Топтар бір-біріне рефлексия ретінде стикерлерді толтырды. Бұл сыныпта жалпы С деңгейдегі оқушылар бар. Топтар бір-бірінен қалыспай тапсырмалардың бәрін орындады. Тапсырмаларды орындау барысында кейбір оқушылар белсене қатыспады, оларға жылдамдық жетпеді. Практикалық жұмыс орындалу кезінде сыныптағы белсенді А-деңгейлі оқушылар өз тапсырмаларын тексертіп, қалған көмек керек оқушыларға тапсырманы орындауға көмектесті. Әр кезең бойынша топтағы бақылаушы бағаларын қойып отырды.

Жеті модульдің сабаққа кіріктірілгені келесі кестеде көрсетілген:

Модуль

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқу және оқытуда жаңа тәсілдер

Сұрақтар қойды.

Өз бетінше практикалық жұмыс.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап берді (сұрақтардың бәріне толығымен жауап бергендер болды).


Сыни тұрғыдан ойлау

Деңгейлік тапсырмалар


толық орындағандар бар

Бағалау

Формативті бағалады:өте тамаша,жақсы , жарайсың,сенің қолыңнан келді,

Қорытынды бағалады (бағалау парағы)

Бір-бірін бағалады:

Өз-өзін бағалады:

АКТ

презентация көрсетті

практикалық жұмысты берді

Өз ойларын әңгімеледі

Компьютерде Паскаль бағдарламасында программа құрды

Талантты және дарынды оқушыны оқыту

Жеке тапсырма берді:

Күрделі тапсырма берді: практикалық жұмыс

Тапсырмаларды жылдам орындады: Бақдаулет, Алишер, Ақбота, Дания, Малика

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Әрбір оқушының білім дәрежесіне сәйкес сұрақтар берді:

Сынып деңгейіне сәйкес тапсырмалар берді

Өз білімдерін еркін жеткізді:

Өз ойларын еркін айта білді:

Көшбасшылық

Сабақтың негізгі мағынасын ашуда бағыт -бағдар берді:

Жұпта ортақ шешімді шығарды

Рефклесивті есеп

Бағалау критерийлерінде тақырыптың негізгі мағынасын ашуда нақтылай сұрақтардың көрсетулері оқушының анық жауап табуларына мүмкіндік беруде.

Келесі сабаққа анық бағыт берді

Сабақ жүргізу барысында тапсырмалар бір-бірімен жүйелі байланыстырылды. Оқушылар жауап беруге тырысты, қамтылды, бағаланды. Бұл сыныпта жауап беруге, өз ойын айтуға қорқыныш танытатын балалар бар.

Мұғалім мен оқушылар арасында қарым-қатынас, түсінушілік жақсы орныққан деп есептеймін. Оқушылардың белсенділігі орташа. Оқушылар тақырыпты меңгерді, бірақ өз белсенділіктерін көрсете алмады деп ойлаймын. Бұл сабағымның оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатына қуандым. Сабақта болған сәтсіз тұстары да бар: оқушылар өзінара бағалауында қателесті, уақытты дұрыс пайдалана алмауы, жұппен жұмыс жасауды үйренбегендері. Қорытындалау кезеңінде сұрақтарға жауап бере алмады, «Венн» диаграммасын тек менің көмегіммен орындай алды. Алдағы уақытта өзгертетінім оқушылардың өздігінен ізденіп, бір бірімен жиі диалогтық сөйлесулерін, өзінара бағалауды үйретуді жалғастыру және бекіту кезеңдеріне ерекше көңіл бөлу.



Өткен тақырыпты қайталау Постер жасау


«Венн» диаграммасын құру (WordPad пен Pant бағдарламаларының бір-бірінен айырмашылығы және ұқсастығы)

Қорытындылау кезеңі (постерді қорғау)

Қорытындылау кезеңі (постерді қорғау)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал