7


  • Учителю
  • Тақырыбы: «Информатика» әлемінің тұрғындары.

Тақырыбы: «Информатика» әлемінің тұрғындары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Информатика» әлемінің тұрғындары.

Мақсаты: Сабаққа деген құштарлықты арттыру. Оқушылардың эрудициясын, өз ойларын нақты және жылдам жеткізуге, логикалық талқылауын дамытуға септігін тигізу. Қарым қатынасқа, топтасуға, ұйымдасуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.

Жүргізуші:

Қымбатты достар біз бүгін информатика пәніне көңілді және тапқырлар тұрғысынан қарауға жиналдық. Осы сайыста сендер өздеріңнің информатика пәнінен алған білімдеріңді ортаға салып сайысқа түсесіңдер, сайыс қызықты да көңілді өтсін. Сайысымыз 7 турдан тұрады. Әр команда өз тапқырлығын, ақылдылығын, өнерлерін ортаға салу керек.

Тур атаулары мен реттілігі интерактивті тақтада көрсетілген.

1 тур «Сәлемдесу»

2 тур «Сергіту сәті»

3 тур «Тарихи колейдоскоп»

4 тур «Анограммалар»

5 тур «Капитандар сайысы»

6 тур «Кроссворд шеш»

7 тур Жұмбақтарды шеш.

Жүргізуші: Енді сіздер тур атауларымен танысып өздеріңіздің дайын екендеріңізді білдірдіңіздер. Ескертіп кететініміз дұрыс жауапты білмесеңіздер ренжімеңіздер. Осы жағдайдан шығатын шешім тауып, өздеріңнің ақылды, тапқыр екендеріңді дәлелдейтін кез келді. Жанкүйерлер екі топқа бөлініп отыр бірінші топ «Кибернетика» 8 «ә» сынып оқушылары. Екінші топ «Хакерлер» 8 «г» топ оқушыларынан топтасты. Әр топ өз командаларына жақтасып отырады. Әділқазылар: 11 сынып оқушыларынан құралған. Олар әділ шешім қабылдап командалардың ойынын бағалауға дайын.

1 тур «Сәлемдесу»

Жүргізуші: 2 команда өз эмблемаларымен, дивиздарымен таныстырып шыққаннан кейін екінші турға өту.Таныстыру әділқазылармен бағаланады. Енді екінші турымыз Сергіту сәтіне көшейік.

2 тур «Сергіту сәті»

1.Процессор маркаларын деңгейімен атап шық.

2.Монитор типтері қандай?

3.Дискета қандай құрал? Сыйымдылығы неше Мб?

4.ОЖ топтамасын атап шық.

5.Компьютерлік графиканы атап шық.

6. Word мәтіндік редакторында не істеуге болады?

7. Excel программасында неше баған мен жол бар?

8. Вирус деген не түрлерін ата?

9. Вирустан қалай сақтанамыз?

10. Антивирус деген не? Түрлерін ата.

Жүргізуші:

Әділқазылар жауаптар санын санап ұпайларды командалар еншісіне берсін. Ал біз келесі турға көшеміз.

3 тур. «Тарихи колейдоскоп»

1.«Аналитикалық машина» жобасын жасаған кім? (Чарльз Беббидж)

2.IBM фирмасының негізін қалаушы кім? (Гермен Холлерит)

3.Беббидж машинасына алғашқы программа жазған кім? (Ада Лавлейс)

4.Логикалық алгебраның атасы кім? (Джордж Буль)

5.Конъюнкция қандай логикалық амал? (пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын логикалық амал)

6.Теріске шығару деген не? (негізгі пікірді жалған екенін қорытындылап, күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал)

7. Дэн Бриклин және Боб Френкстон кім? (Excel программасын ойлап тапқандар)

8. Джон фон Нейман кім? (екілік СЖ қалаушы)

9. Блез Паскаль кім?

10. Алғашқы компьютер қалай аталды?

Сұрақтардың барлығы флипчартта әрленіп көрсетілген.

Жүргізуші: Тақтада көрсетілген анаграммалардан дұрыс сөздер құру керек. Қай команда тез және дұрыс сөздерді көп жазады сол команда ұпайды көп алады. Бастадық.

4 тур «Анограммалар»

  1. РЕВЕРС

  2. СВИТЕРЧЕН

  3. ГРАММПОРА

  4. ЛАЙФ

  5. НИМОТОР

  6. ПЬЮРОМТЕК

  7. ТОРФМА

  8. НЕСКАР

  9. РИВУС

  10. ВИКЛАТАРУ

  11. КАГИЛО

  12. ТЕРНИТЕН

  13. КАТРОЛЕКЭНИ

  14. МЕДМО

Командалар болған соң өз жазбаларын әділқазылар алқасына тапсырады. Барлық сөздер интерактивті тақтаға көрсетіледі.

Дұрыс жауаптары:

  1. СЕРВЕР

  2. ВИНЧЕСТЕР

  3. ПРОГРАММА

  4. ФАЙЛ

  5. МОНИТОР

  6. КОМПЬЮТЕР

  7. ФОРМАТ

  8. СКАНЕР

  9. ВИРУС

  10. КЛАВИАТУРА

  11. ЛОГИКА

  12. ИНТЕРНЕТ

  13. ЭЛЕКТРОНИКА

  14. МОДЕМ

5 тур «Капитандар сайысы»

Жүргізуші: Екі минут ішінде капитандар информатика пәніне қатысты терминдерді интерактивті тақтаға жазады. Бағалану олардың жазған сөздерінің сандарына байланысты.

Жүргізуші: Келесі турымызда командалар кроссворд шешімдерін шешу арқылы өзіне ұпай жинайды. Командалар дайын болса бастайық. Сұрақтар тақтада көрсетіледі. Кросворд алдарыңда парақ бетінде көрсетілген.

6 тур «Кроссворд шеш»

КРОССВОРД СҰРАҚТАРЫ

Горизонталь:


1. Математикаға логарифм түсінігін енгізген математик кім?


3. Г. Холлерит қандай фирманың негізін қалады?


5. 17 ғасырда арифметикалық амалдарды (қосу, алу, көбейту, бөлу) және түбір алуды орындау үшін жасалған құрылғы.


7. Стив Джобс және Стив Возняк құрастырған құрылғы қалай аталады?


8. Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы.


10. Бэббидждің аналитикалық машинасы үшін программа жазған ғалым?


13. Табулятордың авторы?


15. ЭЕМ-дердің ІІ кезеңінде есептеу құралдарын жасау үшін қолданылған жартылай өткізгіштер қалай аталады?


16. Электронды шамдар негізінде істейтін алғашқы электронды есептеуіш машина.


Вертикаль:


2. Аналитикалық машинаға ақпарат енгізу үшін қолданылған қатырма қағаз қалай аталды?


3. Ең алғашқы микропроцессорды шығарған фирма.


4. Электромеханикалық кезеңде жасалған құрылғы.


5. Ең алғашқы программист атымен аталған программа.


6. ЭЕМ-дердің IV кезеңінде есептеу құралын жасау үшін қолданылған интегралды схема.


9. Аналитикалық машина идеясын ұсынған ағылшын математигі.


11. Арифмометрді құрастырған ғалым.


12. Марк-1 есептеу машинасын кім жасады?


14. Арифмометрді жетілдірген орыс ғалымы.


7 тур «Жұмбақтарды шеш»


Жұмбақ 1

Қағаз бетінен алады,

Бірден компьютерге салады.

(Мәтіналғы)

Жұмбақ 2

Өзі темір, жаны жоқ.

Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан.

(Жүйелік блок)

Жұмбақ 3

Командалар жиынынан тұрады,

Мақсатыңды орындайды.

(Мәзір жолы)

Жұмбақ 4

Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

(Басып шығарғыш)

Жұмбақ 5

Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек.

(Монитор)

Жұмбақ 6

Бес атаның балалары

Қыдырмашы біреуі.

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті.

(Пернетақта, тінтуір)


Сайыс біткеннен кейін әділқазылар алқасы ұпайларды есептеп шешім шығарады. Жүргізуші ұтқан команданы атап құттықтайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал