7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары6 Тармақталған алгоритм

Сабақ жоспары6 Тармақталған алгоритм

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сабақ жоспары №11

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6«Ә», 6 «Б», 6 «В», 6 «Г», 6 «Д»

Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоримтдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: атқарушы «Бота» арқылы тармақталған алгоритм туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық: себеп - салдарлық байланысын орнату арқылы логикалық және алгоритмдік ойлауын дамыту, пәнге деген танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интер.тақта, элект.оқулық, Сабақтың барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Үйге тапсырма беру.

6. Рефлексия кезеңі.



І. Оқушылармен сәлемдесу: сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту



ІІ.Алдыңғы тақырыпты қайталау. Жалпы сұрақ қою



Сұрақтар:

  1. Сызықтық алгоритм деген не?

  2. Сызықтық алгоритмге мысал келтір?

  3. Сызықтық алгоритмге қойылатын талаптар?

  4. Мысалдар келтіріңдер



ІІІ. Жаңа түсініктер мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру (түсіну).

Өз өміріңде мынадай жағдайлар бірнеше рет болған шығар, мәселен, сабақ оқу керек, алайда сен компьютердегі ойынды аяқтағың келеді. Немесе далада жаңбыр жауып тұр, сен серуенге шығасың ба, әлде шықпайсың ба? Келтірілген мысалдар біздің ойымыздың тұжырымын көрсетеді: кейбір оқиғалар болды ма, жоқ па?

Мысал келтірейік: Егер жаңбыр басылса, онда қолшатырды жабуға болады. Бұл мысалдағы шарт «жаңбыр басылды» болып табылады. Егер шарт «ақиқат» болса, біз қолшатырды жабамыз. Әйтпесе, егер шарт «жалған» болса, онда қолшатыр ашық күйінде қалады.

Сөз арасындағы ақиқат немесе жалған мәндерін қабылдайтын «егер» және «онда» сөздері шарт деп аталады. Алгоритмдегі шарттарды жазу үшін >, <, = сияқты салыстыру таңбалары қолданылады.

Тармақталған алгоритм - бұл шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм.Сабақ жоспары6 Тармақталған алгоритм

Тармақталған алгоритмді жазудың екі түрі бар: толық және толық емес. Тармақталған алгоритмді жазудың жалпы түрін және блок-схемасын қарастырайық.

Сабақ жоспары6 Тармақталған алгоритм

Мысалы: Егер < жауын басылса > онда

Қолшатырды жабамыз

Тармақталу соңы

Сабақ жоспары6 Тармақталған алгоритм

Мысалы:

Егер жауын басылса онда

Қолшатырды жабу

Басқаша

Қолшатырды жаппау

Тармақталу соңы

ІV. Сабақты бекіту және қорытындылау кезеңі

  • Шарт дегеніміз не?

  • Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

  • Тармақталған алгоритмнің қандай формалары болады?

Тармақталған алгоритмге мысал келтіріңіз. V. Үй тапсырмасын беру кезеңі

Оқулықтағы §3.5 Шығармашылық тапсырма.

VІ. Рефлексия кезеңі.

  • Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?

  • Саған қай тапсырманы орындау қиын болды?

  • Бұл тапсырмаларды орндаған кезде нақты қандай қиындықтар кездесті?

  • Нені біліп, Үйренуіміз керек.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал