- Учителю
- MS Access реляциялық деректер қорын басқару жүйесі
MS Access реляциялық деректер қорын басқару жүйесі
бЕКІТЕМІН:
пЦК жетекшісі
_______ ___________
(ҚОЛЫ) (аты-жөні)
Сабақ жоспарының конспектісі
ІҮ
Топ:
ЭЕТ - И - 13
Сабақ нөмірі:
№1
Пән атауы:
Мәліметтер қоры
Оқытушы аты-жөні:
Ержанова Динара Жайлаубаевна
Мамандығы/
Біліктілігі:
1304000-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
1304043-«Техник - бағдарламашы»
Уақыты:
11:50 - 13:20
Өткізілетін орны:
№132 аудитория
Сабақтың тақырыбы:
MS Access реляциялық деректер қорын басқару жүйесі
Сабақ мақсаты:
-
Білімділік:
MS Access реляциялық деректер қорын басқару жүйесін көрсету
-
Тәрбиелік:
жанашырлық, мейірімділік пен әділдік тәрізді адамгершілік санат негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру. өз білімін пайдалану, өз көзқарасын білдіру, шешім қабылдау және ол үшін жауапты болуға, отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін нығайтуға тәрбиелеу.
-
Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру
Сабақ түрі:
Лабораториялық
Сабақ типі:
аралас
Оқыту әдістері, тәсілдері, оқыту технологиялары:
- оқу материалдарын әдістемелік және дидактикалық кешендер арқылы меңгерту технологиялары: жеке дара ерекшеліктеріне деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
- оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқарудың педагогикалық технологиялары: жеке және топтық оқыту әдістері, оқытудың дифференциалдық технологиялары
- оқытудың дамытушылық технологиялары: жазу және оқу арқылы ойлауды жан-жақты дамыту технологиялары, оқытуды дамыту технологиялары.
Қолданылатын дидактикалық материалдар, техникалық құралдар:
ОӘК, таратпалар, интернет материалдары
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:
1.Халықова К.З, Тұрғанбаева А.Р, Бостанов Б.Ғ Программалау тілдерін оқыту.Delphi ортасы: Оқу құралы.-Алматы:Print-S,2005.-250б.
2.Архангельский А.Я. Delphi 7:Справочное пособие.-М.:Изд. БИНОМ,2004.-1024 с.
3.Фаронов В.В. Delphi:Программирование на языке высокого уровня.Учеб.-Спб.:Питер,2005.-640 с.
4.Фаронов В.В. Delphi 6:Учебный курс + дискета.-СПб. :Питер,2002.-512 с.
5.Фаронов В.В.Delphi:Программирование на языке высокого уровня.Учеб.-Спб.:Питер,2004.-640 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Культин Н. Delphi в задачах и примерах +СD-ROM .-Спб. : БХВ-петербург,2003.-288 с.
2. Попов В. Самоучитель Паскаль и Дельфи.-СПб.:Питер, 2004.-544 с.
3. Стивенс Р. Delphi.Готовые алгоритмы.-М:ДМК Пресс, 2001.-384с.
4. Хомоненко А. Самоучитель Delphi.-Спб.:БВХ Петербург, 2003.-576 с.
5. В.Фаронов "Искусство создания компонентов Delphi" Питер-2005 г.
Сабақ барысы |
Уақыты) |
Сабақ барысындағы оқытушы іс-әркеті |
Сабақ барысындағы студенттің іс-әрекеті |
Қажетті оқу-ресурстық құралдар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
І.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация |
5 мин |
- Лекция барысымен таныстыру; - Берілген тапсырманы орындау. |
кезекшілік міндеттерін атқару;
|
Кітаптар, оәк, таратпалар |
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (өткен сабақпен байланыс) |
15 мин |
|
|
Кітаптар, оәк, таратпалар |
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту |
25 мин |
Реляциондық үрдіс. «Реляциондық» термині (латын тілінен relatio - қатынас) бұндай деректерді сақтайтын үрдістің ең алдымен өзінің құраушы бөліктерінің өзара қатынасына құрылатынын көрсетеді. Ең қарапайым жағдайда ол екі өлшемді массивті және екі өлшемді кестені білдіреді, ал күрделі ақпараттық үдістерді құру кезінде өзара байланысқан кестелердің жиынтығын құрайды. Бұндай кестенің әрбір жолын жазба, ал бағанын өріс дейміз. Деректердің реляциондық үрдісі келесі қасиеттерге ие болады:
|
Мәліметтер қорына қойылатын талаптарды біледі:
|
Кітаптар, оәк, таратпалар |
ІҮ. Білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға керекті білімдер |
10 мин |
Деректер типтері:Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде енгізіледі. Мәтіндік - текстің бір қатары (255 символға дейін) Мемо өрісі - бірнеше қатарлардан тұратын текст, оны содан соң айналдыру жолағының көмегімен көруге болады. (65 535 символ) Сандық - санның кез келген типі (бүтін, нақты және т.б.) Уақыт/ күнтізбе - уақыт немесе күнтізбені қамтитын өріс Ақшалық - ақшаның бірлігін көрсететін өріс. Санауыш - әрбір жазбадан кейін автоматты түрде қойылып отыратын өріс. Логикалық - ақиқат және жалған екі мәннің бірін ғана қабылдайтын логикалық операцияларда қолданылады. OLE объектісінің өрісі - сурет, дыбыстық файлдар, Excel кестесі, Word құжаты және т.б. |
Студенттер зертханалық жұмыс орындайды |
Кітаптар, оәк, таратпалар |
Ү.Білімді бақылау, бағлау |
15 мин |
Тақатаға шығарылған жұмыстарды тексеру; Қателерін анықтау және жөндеу жұмыстарын жасау Оқушылар орындаған жұмысының нәтижесін көреді; Сабақ барысында көрсеткен белсенділігі мен жұмыстың нәтижелері, сұраққа жауап |
Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды;
Ғалымдардың негізгі ұғымдарға берген анықтамаларын талдайды, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіреді; |
Кітаптар, оәк, таратпалар |
ҮІ. Қорытынды (рефлексия) |
15 |
Бақылау сұрақтары беріледі |
Сұрақтарға жауап береді |
Кітаптар, оәк, таратпалар |
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру |
5 |
Үй тапсырмасын орындау алгоритмі бойынша түсіндіру |
Үй тапсырмасын орындау реті бойынша түсіну |
Кітаптар, оәк, таратпалар |
Теориялық тапсырма Шығармашылық тапсырма |
- |
GoTo және Case операторларына сипаттама беру |
|
|
Студенттердің білім көрсеткіші: |
- |
|
|
|
Оқытушының өзін-өзі бағалауы: |
- |
|
|
|
Зертханалық жұмыс №1
Мәліметтер қорымен танысу.
Мақсаты: MS Access мәліметтер қорының мәнін, мәліметтер қорының алғашқы жұмыс істеу тәсілдерімен танысы. Анықтама жүйесімен жұмыс істеуді үйрету.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі мәліметтер қорын құрып, мәліметтерді өңдеу, қандай да бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдау, қор негізінде әртүрлі формалардың есеп беруді жүзеге асырады.
1. Программаны іске қосу үшін: Бастау - Программалар- MS Access (Пуск - Программы- MS Access )
</<font face="Calibri, sans-serif">2. MS Access мәліметтер қорының алғашқы жұмыс терезесі экранға шығады.
3. Бұл терезеден Новая база данных жолын таңдап аламыз.
4. Файлға ат беріп сақтап аламыз. Мысалы Автосалон деп сақтаймыз. Автосалон: база даннық сұхбат терезесі шығады. Создание таблицы в режиме конструктора командасын таңдаймыз. Таблица1 сұхбат терезесінде Жолдардың аты мен Берілгендердің типін, Жазылуын толтырамыз. Авто атымен кестені сақтаймыз.
5. Кесте негізгі объектілерінің бірі. Кесте қосымшасын қосып кестені толтырамыз.
Тапсырмалар.
№1. "Қызметкер" кестесіндегі мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Аты-жөні, туған күні, жынысы, білім, шені, профсоюз мүшесі. Әр өрістің типін және өлшемін анықта.
№2. «Поциент» мәліметтер қоры мынадай өрістерден тұрады: Фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні, участок номері, адрес, ауруы туралы анықтама, дәрігерге көрінген ең ақырғы күні. Әр өрістің типін және өлшемін анықта.
№3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы, жауын шашын, жел.Әр өрістің типін және өлшемін анықта.
Жекелеме жұмыстар.
№1. «Оқушы» МҚ кестесінің құрылымын жаса.
Мынадай өрістерден тұрады: фамилиясы, аты, мектебі, класы, туған күні, салмағы.
Кестенің алғашқы кілтін анықта.
«Туған күні» өрісінен кейін «бойы» өрісін енгіз.
№2. «Кітапхана» МҚ кестесінің құрылымын жаса.
Мынадай өрістерден тұрады: инвентарлық нөмірі, авторы, кітаптің аты, қай жерде шығарылғаны, бет саны, кітапхана нөмірі.
"Қай жерде шығарылғаны" өрісінен кейін «шығарған жылы» өрісін енгіз.
№3. «Сабақ кестесі» МҚ құр.
Мынадай өрістерден тұрады: жұманың бір күні, нешінші сабақ, сабақтың басталу уақыты, сабақтың аяқталу уақыты, сабақтың аты, мұғалімнің аты-жөні.
«Сабақтың аты» өрісінен кейін «кабинеттің нөмірі» өрісін енгіз.