7


  • Учителю
  • Информатикадан сыныптан тыс іс-шара «Информатика білгіштері» (7 сынып)

Информатикадан сыныптан тыс іс-шара «Информатика білгіштері» (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: «Информатика білгіштері» турниріМақсаты: Ақпарат және ақпараттық үдерістер, компьютер бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерін нығайту.Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін еске түсіру, ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көм
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Информатика білгіштері» турнирі

Мақсаты: Ақпарат және ақпараттық үдерістер, компьютер бөлімдері бойынша оқушылардың білімдерін нығайту.

Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін еске түсіру, ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен таныстыру, компьтердің негізгі құрылғылары және олардың міндеттерін еске түсіру.

Тәрбиелік: Оқышылардың ұқыптылыққа, жүйелікке, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту, информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Түрі: ойын

Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, оқу құралдары, жұлдызшалар

Ойынның барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Қауіпсіздік техникасын қайталау.

3. Тапсырмаларды орындау.

4. Ойынды қорытындылау. Оқушыларды марапаттау.

Қауіпсіздік техниканы қайталау сұрақтары:

- Қауіпсіздік техникасы ережелерін қандай пункттерге бөлуге болады?

- Жалпы қауіпсіздік талаптары?

- Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары?

- Дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары?

- Апат (төтенше ) жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары?

- ДК-де жұмысты аяқтау кезіндегі қауіпсіздік талаптары?

Тапсырмаларды орындау.

7 сынып оқушылары арасында өтеді. Әр дұрыс жауап үшін қатысушыларға бір жұлдызшадан беріледі.

1.Ақпарат және Компьютер. Компьютердің құрылысы.
А. Деңгейі (1 тапсырма 2 бет)
1.1.тапсырмасы: Сөйлемдердің бос орнын толықтырыңыз.

1) «Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген мағынаны білдіретін «information» сөзінен шыққан.
2) Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу процессін «кодтау» деп атайды.

3) Бір таңбалар жиынын екінші таңбалар жиынына көшіру ережесін «код» деп атайды.
4) 8 биттен тұратын кодты «байт» деп атайды.

5) Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын «ASCII коды» болып табылады.
4) Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал «компьютер» деп аталады.

1.2.тапсырма: Бос орында қанша байт бар екенін табыңыз. (2 тапсырма 3 бет)

1 байт = «8» бит
1 Кбайт (килобайт) = «1024» байт
1 Мбайт (мегабайт) = «1024» кбайт
1 Гбайт (гигабайт) = «1024» мбайт

В. деңгейі (3 тапсырма 4 бет)
1.1.тапсырмасы: Артық сөзді тауып бос орынға алыңыз.

1) Пернетақта, тышқан, сканер, дисплей; (дисплей)
2) Принтер, дисплей, графиксалғыш, джойстик; (джойстик)
3) Монитор, жүйелік блок, пернетақта, принтер; (принтер)

4) принтер, сканер, жүйелік блок, колонкалар; (жүйелік блок)

1.2.тапсырмасы: Егер сөйлем дұрыс болса "+", теріс болса "-" белгісін қойыңыз. (4 тапсырма 5 бет)

1) Дисплей - компьютердің тілі. -
2) Пернетақта - компьютердің енгізу құрылғысы. +

3) Жедел жад - бұл компьютердің ішкі жадысы емес. -

4) Процессор - компьютердің ең басты бөлігі. +


С. деңгейі (5 тапсырма 6 бет)
1.1. тапсырмасы: Дербес компьютердің негізгі құрылғыларының атауларын бос орындарға жазыңыз.

Жауабы: «жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан»


1.2.тапсырмасы: Бос орында қандай перне бар екенін табыңыз. (6 тапсырма 7 бет)
1) «Backspace» пернесі алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.
2) «Delete» пернесі меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.
3) «Бос орын» пернесі символды бір- бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.
4) «Capslock» пернесін бір рет басса бас әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса кіші әріптер енгізіледі.

5) «Shift» пернесі кіші әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады.

6) «Enter» пернесін басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын білдіреді.

1.3. тапсырма: Пернетақтаның блоктарының атауын жазыңыз. (7 тапсырма 8 бет)

Жауабы: (функционал пернелер, символдық пернелер, мензерді басқару пернелері, цифрлық немесе қосымша пернелер)

2.WINDOWS операциялық жүйесі.

А.деңгейі (8 тапсырма 9 бет)
2.1.тапсырмасы: Сәйкестендіріңіз.

1) Менің құжаттарым 1) Баптауы өзгеруі мүмкін компоненттер жүйесінің

тізімін шығару.
2) Менің компьютерім 2) Анықтама жүйесін шығару.
3) Іздеу 3) Сақталған файлдар мен қапшықтардың тізімін шығару.

4) Басқару панелі 4) Сіздің компьютеріңіздегі шығарып көрсету.

5) Анықтама және қолдау 5) Қапшықты, файлды іздеу.

Жауабы: «(1:3), (2:4), (3:5), (4:1), (5:2)»

2.2. тапсырмасы: Әр сөздің анықтамаларын айтыңыз. (9 тапсырма 10 бет)

1) Операциялық жүйе дегеніміз - «компьютердің мәліметтерді өндеу жұмысын үйымдастыратын программалар жұйесі.

2) Интерфейс дегеніміз - «қарым-қатынас жасау тәсілі».

3) Windows ОЖ-і - «компьютерде бірнеше тапсырманы бір мезгілде шешуге мүмкіндік береді».

4) Қапшық дегеніміз - «объектілер қоймасы».

5) Файл деген - «аты бар бірқатар байттар тізбегі».

6) Терезе дегеніміз - «экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ.


В.деңгей (10 тапсырма 11 бет)

2.1.тапсырмасы: Кестенің бос орнын толтырыңыз.


Терезе

Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ

Диалогты терезе

Қосымша ақпараттарды енгізуге арналған арнайы терезе.

Шекаралар

Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар

Жаймалау батырмасы (развернуть)

Терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді

Жималау батырмасы (свернуть)

Тапсырмалар тақтасында тек қана батырманы қалдырып, терезені жұмыс устелінен алып тастайды

Меню жолы

Тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең жолақ


2.2. тапсырмасы: Егер сөйлем дұрыс болса, «+», ал теріс болса «-» белгісіне сәйкестендіріңіз. (11 тапсырма 12 бет)

1) Қолданба бұл да программа

2) Жаймалау батырмасы терезені экран

өлшеміне дейін үлкейтпейді

3) Жұмыс аймағы объектілері орналасқан

терезенің ішкі аймағы

4) Іздеу қосымшасы диалогтық терезесін

ашпайды

5) Тақырып жолының оң жақ шекарасында

айқасқан сызық терезені жаппайды

6) Көптеген терезелер батырмалары мен

белгішелері бар құрал-сайман тақтасымен жабдықталған

4. Ойынның қорытындысын шығару. Қатысушылардың қолдарындағы жұлдызшаларды санап, жеңімпазды анықтау. Оқушыларды марапаттау.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Информатика жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық, Н.Ермеков, Н.Стифутина, Алматы «Атамұра» 2012.

2. Білімділер порталы .

3. BILIMKOZY ақпараттық порталы http://bilimkozy.idhost.kz/.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал