7


  • Учителю
  • Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру

Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән Информатика сынып 10 Күні

Тақырып: Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру

Мақсат: Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Білімділік - Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құра білуге үйрету.

Дамытушылық - оқушылардың білім, білік дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік - оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақ типі: аралас

Құрал-жабдықтар: оқулықтар, компьютерлер, Blender бағдарламасы, дәптерлер, интерактивті тақта, таратпа карточкалар.

Сабақ барысыОқушылардың

іс - әрекеттері

І.

Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

Оқушылармен амандасу. Тренинг өткізу.

Балалар, әрбір елде адамдар әртүрлі амандасады. Қазір сендер орындарынан тұрып, көршілерімен қарама -қарсы тұрып, бір - бірлерімен амандасындар. Мысалы, Қазақтар - қол алысады;

Итальяндықтар - құшақтасады;

Бразилиялықтар - иықтарынан қағады;

Зембібабалықтар - арқасын тигізеді;

Макидондықтар - шынтақтасады;

Никарагуалықтар - иықпен амандасады;

Австралиялықтар - 1 рет шапалақ қағады, 2 рет секіреді, 3 рет жанбастарымен бір - бірлерін итереді қалады.

Оқушылар орындарынан тұрып, көршілерімен қарама-қарсы тұрып, әр халықтар сияқты амандасады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

(15 мин)

Карточкамен жұмыс

Модификаторларға сипаттама беріңдер.

  1. Wave - _________________________

  2. UV Project - UV ________________

  3. Smooth - _______________________

  4. Mirror - _______________________

  5. MeshDeform - __________________

  6. Mask - _________________________

  7. Lattice - _______________________

  8. EdgeSplit - _____________________

  9. Displace - ______________________

  10. Decimate - ____________________

  11. Curve - _______________________

  12. Cast - _________________________

  13. Build - ________________________

  14. Boolean - ______________________

  15. Bevel - mesh-___________________



Жауабы:

  1. Wave - нысанға толқынды әсер беру үшін қолданылады.

  2. UV Project - UV координатын торга проекциялайды.

  3. Smooth - нысанды тегістеу арңылы өзгертеді.

  4. Mirror - айналы бейнелеу.

  5. MeshDeform - нысанға кейбір қосымша өзгерістер енгізеді.

  6. Mask - тордың кейбір бөліктерін жасырады.

  7. Lattice - нысанды деформациялау үшін Lattice торы қолданылады.

  8. EdgeSplit - өткір қабырғалар қосады.

  9. Displace - нысанды оған текстура орнату арқылы өзгертеді.

  10. Decimate - полигондардың санын азайтады.

  11. Curve - нысанды иілтеді.

  12. Cast - mesh-тің формасын өзгертеді.

  13. Build - анимация кезінде әр қадамнан тор жинайды.

  14. Boolean - бульдік операцияларды орындайды.

  15. Bevel - mesh-нысан қырының жүзін жасайды.

Ш. Жаңа тақырыпты түсіндіру

(5 мин)

Сахнада құрған нысандардың түсі сұр екенін байқаған боларсыңдар. Әрине, нысанды модельдеуде тек формасын жасап қана қоймай, оған өзіне тиісті қасиеттерін де берсек, моделіміздің әсері арта түседі. Сондықтан нысанға материал баптауын жүргіземіз. Материалды қосу үшін Material buttons панелінен Shading (F5) батырмасын қолданамыз (130-сурегп).

Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру

Нысанның түсін екі түрлі әдіспен қоюға болады (131-сурет): біріншісі, Col батырмасын шертіп, сол жерден R (red), G (green) және В (blue) қозғалтқышын жылжыту арқылы керекті түсті аламыз. Ал екіншісі, Col батырмасының сол жағында орналасқан түс палитрасына басып, сол жерден керекті түсті таңдаймыз.

Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру

Бізді қоршаған кейбір заттар мен дүниелер түссіз болып та кездеседі. Мысалы, су, әйнек. Көптеген графикалық программалардағы сияқты Blender-де де нысанның түс- сіздігін көрсететін Alpha қасиеті бар. Material панеліндегі Alpha қозғалтқышын қозғалту арқылы материалдағы түсті азайтамыз. Ал мөлдір түссіз болуын Mirror Transp пане- ліндегі Ray Transp батырмасы арқылы немесе Links and Pipeline панелінен ZTransp құ- ралын пайдалану арқылы орындаймыз (132-сурет ).

Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру

Blender-де айналы көрініс жасай аламыз. Мұны Mirror Transp панелінен Ray Mirror батырмасын басып, Ray Mir жүгіртпесін үлкен жаққа қозғалту арқылы іске асырамыз (133-сурет)

Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру

Текстура дегеніміз - материалды құрайтын бағдарлы элементтер.

Текстураны, мысалы, қарапайым тақтадан байқауға болады, ондағы көптеген ұсақ талшықтардан суретке ұқсас бейнелер құралады. Сонымен қатар металл және керамикалық материалдарда да текстура болады.

Үшөлшемді графикадағы текстура - нысанның бетіне өң, түс, түр немесе бедердің алдамшы көрінісін беру үшін қолданылатын растрлық сурет.

Blender программасындағы текстура

Blender программасында текстураны қолдану үшін мына батырмалар көмегіне жүгінеміз: Shading (F5) және Texture Buttons. Модельге бірнеше текстураны қолдануға болады (олар қабат сияқты орналасады). Егер қабат текстурадан тұрса, онда Texture панелінде қабат бағанында «Тех» деген жазу болады. Әрі қарай Texture Type тізімінен керекті текстураны таңдаймыз (140-сурет ).

Әдетте, нысанға текстураны жай ғана қолдана салу жеткіліксіз болады. Дұрыс нәтиже алу үшін оның баптауын өзгерту керек. Баптаудың бір бөлігі Texture Buttons батырмасының бұйрығында болса, екінші бөлігі Material Buttons баптауында орналасңан.

Мысалы, 141-суретте су мен агаш бөлігі бейнеленген. Осындай нәтиже алу үшін төмендегідей әрекеттерді орындаймыз.

Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру

ІV. Тәжірибелік жұмыс

(8 мин)

Оқулықпен жұмыс 237 бет, тәжірибелік тапсырманы ДК-де орындау.

Тәжірибелік тапсырмалар

  1. Geometry => Standard Primitives-тен Plane, Cone, Teapot нысандарын пайдаланып, 150-суреттегідей кескін құрасты рыңдар. Ол нысандарга 151-суреттегідей текстура қолда нып, түр түстерін өзгертіңдер.

  2. Blender программасында сахнаға бірнеше нысан орналастырып, оларға әртүрлі текстура қойыңдар.

Материалды қосу, материал қасиеті. Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру

V. Сергіту сәті.

(2 мин)

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

VI. Бекіту.

(7 мин)

Оқулықпен жұмыс 237 бет, бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

  1. Текстура деген не?

  2. Текстураны қолдану әрекетінің тізбегі қандай?

  3. Үшөлшемді графикаға қандай программалар енеді?

  4. Blender программасында қандай модификаторлар бар?

  5. Модификторлардың қызметі қандай?

  6. Нысанға материалды, текстураны қалай қолданамыз?

  7. Нысанды дәл өлшеммен қалай жасаймыз?

VII.Рефлексия

(2 мин)

2 жұлдыз, бір ұсыныс



Өз ұсыныстарын жазып, тақтаға іледі.

VIIІ. Оқуды бағалау.

(2 мин)

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Бағаны күнделіктеріне қойдырады

IX.Үй жұмысы.

(2 мин)

конспект оқу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал