7


  • Учителю
  • Мәтінді теру тақырыбында сабақ жоспары

Мәтінді теру тақырыбында сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: информатика

Сынып:

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылар wordpad мәтіндік редакторының қосымша

мүмкіндіктерімен таныстыру. WordPad қолданбасының терезесі меню, пішімдеу құрал-саймандар тақталары, сызғыш туралы түсінік алу. Мәтінімен жұмысқа дағдылану (теру, түзету, пішімдеу). Құжаттарды құруға, ашуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың мәтінді теру және түзету ережелер деген не және ол не үшін қолданылатын, тәжірибелік жұмыста білім қабілеттерін дамыту.

</<font face="Times New Roman, serif">Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, тест, электронды оқулық

Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, тест, компьютермен жұмыс жасау, , интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу журналға тиісті мәліметті енгізу, сабақ назарларын аудару.

  1. Үй тапсырмасы:

  • PAINT графикалық редакторы не үшін қажет?

  • Редакторды іске қосу командалары...

  • Терезе элементтерін ата?

  • Палитраның міндеті қандай?

  • Сызық қалыңдығы қалай таңдалады?

  1. Жаңа сабақ

Кіріспе

Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. Word Pad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады.



Негізгі бөлім

Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу үшін:

  • Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Word Pad

  • (Пуск → Программы → Стандартные → Word Pad)

Терезе мынадай элементтерден тұрады: Тақырып жолы, меню жолы, стандартты құрал - саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш, терезенің жұмыс аймағы және қалып - күй жолы.

Мәтіндік редактордар жұмыс жасайтын деректер - мәтіндік ақпарат, оның ең кішіентай бірлігі символ болып табылады. Сөз - бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ - сөз - жол - абзац - бет - мәтін.

Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылықтайтын сызықша - мәтіндік курсор бар. Ол кедесі символдың қай жерде терілетінін көрсетеді.

Мәтін теру ережелерін танысайық:

  • Бас әріпті немесе символды жоғарыгғ регистрден енгізу ұшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

  • Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса - Caps Lock пернесін қос.

Мәтінді теру тақырыбында сабақ жоспары- жартылай қалың

Мәтінді теру тақырыбында сабақ жоспары- курсив

Мәтінді теру тақырыбында сабақ жоспары- астын сызу

Мәтін бойынша жылжу

Курсорды мәтән бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады.

Мәтінді туралау

Мәтінді теру тақырыбында сабақ жоспары- сол жақ шеті бойынша

Мәтінді теру тақырыбында сабақ жоспары- оң жақ шеті бойынша

Мәтінді теру тақырыбында сабақ жоспары- ортасы бойынша

  1. Практикалық жұмыс:

А деңгейі

1. Пуск - Программы - Стандартные - WordPad командасын орында.

2. Кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық,

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын қалың жазумен ауыстыр.

3. Тақпақтың әр жолындағы бірінші сөздің түсін ауыстыр.



В деңгейі

1. Пуск - Программы - Стандартные - WordPad командасын орында.

2. Ер қанаты - ат,

Сөз қанаты - хат.

Мақал - мәтелін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.

3. Мақал - мәтелді жаттап алып, мәтінді қызыл түске ауыстыр.





С деңгейі

1. Пуск - Программы - Стандартные - WordPad командасын орында.

2. Мәтінді тер. Бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі 14-қаріппен теріңдер.

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау

Жұмыс тәртібі:

1) компьютер экранынан 60-70 см (50 см-дан кем емес) қашықтықта, еңкеймей, жатып алмай дұрыс отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар - көзілдірікпен жұмыс істеуі керек.

2) исплей алдында 20 минут жұмыс жасаған соң міндетті түрде 5 минут демалу керек.

3. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауында «Жұмыс тәртібі» сөзін белгілеп, қалың қаріппен ауыстырыңдар.



  1. Қорытынды:

  • Word Pad мәтіндік редакторын іске қосу жолын ата.

  • Home пен End қызметтерін не?

  • Page Up, Page Down қанда қызметтер атқарады?

  • Бас әріпті қалай енгіземіз?

  • Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.

  1. Бағалау:

Сабаққа белсенді қатысқан, практикалық тапсырманы қатесіз орындаған оқушыларды бағалау.

  1. Үй тапсырмасы:

161 беттегі С деңгейін орындап келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал