- Учителю
- Урок по информатики на тему 'Информатика. Ақпарат'
Урок по информатики на тему 'Информатика. Ақпарат'
САБАҚ ЖОСПАРЫ
№ 2
Күні: 14.09.2015 Сынып: 5
Пән: информатика
Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат
Сабақтың мақсаты: оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасиеттерімен таныстыру.
Оқушылар білуі тиіс: информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын, ақпарат түрлерін. Ақпарат алу көзі, қабылдау және беру ортасын, ақпараттың қасиеттері мен оның формаларын.
Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.
Көрнекілік: дербес компьютер, интерактивтік тақта, оқулық.
Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, лекция, практикалық жұмыс, тест.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Информатика - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
Ақпарат - сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Ақпарат алудың арналарға бөлінуі:
Көру - 81%
Есту - 10%
Иіскеу - 4%
Дәм сезу - 3%
Сезу - 2%
Ақпарат түрлері:
- Сан;
- Мәтін;
- Графика;
- Дыбыс
- Видео.
Ақпараттың қасиеттері:
- Өзектілік;
- Толықтық.
4. Тест
Материалды игеруді тексеру «Өзіңді тексер» бөлімінде берілген.
Тест жауаптары:
1-С, 2-С, 3-А, 4-Д, 5-В, 6-В.
5. Қорытындылау
Информатика дегеніміз - ...
Ақпарат дегеніміз - ...
Ақпаратты қабылдау түрлері - ...
Ақпаратты ұсыну түрлері - ...
Ақпараттың қасиеттері - ...
6. Үй тапсырмасы
Оқулықтан §2 мазмұнын қайталау.