- Учителю
- Инфоматика пәнінен сабақтың тақырыбы:Циклдік алгоритмдер.Тура және кері есепшоты бар циклдер
Инфоматика пәнінен сабақтың тақырыбы:Циклдік алгоритмдер.Тура және кері есепшоты бар циклдер
2. Əзір немесе шартты алдын-ала тексеру циклі.
Циклдің қайталану саны алдын- ала белгісіз болған жағдайда Əзір немесе Дейін циклі қолданылады. Əзір циклінің құрылымы:
WHILE шарт DO
цикл денесі ;
while (əзір), do (орындау)- қызметші сөздер.
Мысал 1. Барлық екі таңбалы жұп сандардың көбейтіндісін табатын
программа құрайық.
Program m1;
var i, P: integer;
begin
P:=1; i:=2;
While i<=98 do
begin
P:=P*i; i:=i+2; end;
Write ('P=', P);
end.
Мысал 2. Екі натурал санның ең кіші ортақ еселігін табатын программа
құрыңдар.
Program m2;
var a,b, EKOE,c: integer;
begin
read (a,b); c:=a*b;
While a<>b do
if a>b then a:= a-b else b:= b-a;
EKOE:=c/a;
Write ('2 санның ең кіші ортақ еселігі =', EKOE); end.
Паскаль тілінде циклді басқару үшін Break жəне Continue -2 оператор қолданылады. Олар циклді қолдану мүмкіндігін кеңейтіп, программа құрылымын жақсартады.
Break- циклді тоқтатуды жүзеге асырады; басқару циклден кейін тұрған операторға беріледі.
Continue -циклдің кезекті қадамының орындалуын мерзімінен бұрын аяқтауды жүзеге асырады; басқару циклдің келесі мəніне беріледі.
Бақылау сұрақтары:
-
Цикл операторы қандай жағдайда қолданылады?
-
Паскаль тілінде циклді ұйымдастырудың қандай тəсілдері бар?
-
Параметрлі циклдің құрылымы, ерекшелігі қандай?
-
Əзір циклінің құрылымы қандай?
-
Дейін циклінің құрылымы қандай?
-
Əзір жəне Дейін циклдерінің айырмашылығы неде?
-
Параметрлі циклді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?
-
Brear, Continue операторлары қандай қызмет атқарады? Мысал келтір.
-
Қадамы -1 -ге тең кері цикл қалай ұйымдастырылады?
10. Бір- біріне кірістірілген цикл деген не?