- Учителю
- Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі.
Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі.
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
«№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ
Информатика пәні мұғалімі:
Тусупханова Айнаш Кенесбековна
Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Паскаль құрылымы бойынша білімді меңгерту. Паскаль-программалу тілі, және оның негізгі элементтері туралы еске түсіндіру. Паскаль программасында жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық -технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Тез ойлап, ұтымды жауап қайыра білуге, жүйелі, еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютермен жұмыс жасата отырып, қауіпсіздік ережесін ақтауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Оқушыларды программалық сауатылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, бейнеәдіс, ойын элементтерін табу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер,
тірек-сызбалар, электронды оқулық.
Пән аралық байланыс: Физика, математика, ағылшын.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ .
IV. Тақтамаен жұмыс.
V. Компьютермен тест сұрақтарына жауап беру.
VI. Білімдерін бекіту.
VII. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.
VIII. Информатикалық диктант.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Cабағымды Қазақстан Республикасының Пезиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің сөзімен бастаймын.
"...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз"
Н.Назарбаев
ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру.
· Алгоритмен программаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? /Алгоритм-берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Программа-командалар тізбегі./
· Сызықтық алгоритм дегеніміз не? /Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипайттынтын алгоритм./
· Құрама командалар құрылымдары? /Сызықтық, тармақталу, циклдік./
· Компьютерде есеп шығару кезеңдері?
А) берілген есепті математикалық түрде өрнектеу;
Ә) есеп шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тәсілін анықтау;
Б) есеп шығару жолын алгоритм түрінде кескіндеу;
В) есепті компьютерде шығару программасын құру және оның қатесін түзету.
Г) есепке керекті мәліметтер мен берілгендерін жинақтау.
Д) компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: « Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі.»
«Паскаль машинасы» (1642)
Блез Паскаль (1623 - 1662) - қосу машинасын құрастырды. Жетектер мен дөңгелектерден тұрды. 8-разрядты сандарды қосу және азайту амалдарын орындады.
Паскаль тілінде программасы блоктардан құралады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін.
Программа құрлымының диаграммасы.
Турбо Паскаль программасының тақырыбын жазбай кетуге де болады, бірақ жалпы Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық болған жағдайда,
7 бөліктен тұрады:
1. Программамен байланысатын кітапханалық модульдер атаулар тізімі (uses)
2. Белгілерді сипаттау (label)
3. Тұрақтыларды сипаттау (const)
4. Мәліметтер типін сипаттау (type)
5. Айнымалыларды сипаттау (var)
6. Процедураларды сипаттау (procedure)
7. Функцияларды сипаттау (function)
Программаның жалпы түрі:
Program - программаның аты;
label - белгілер бөлімі;
const - константалар бөлімі;
type - типтер бөлімі;
var - айнымалылар бөлімі;
procedure, function - процедуралар мен функциялар бөлімі;
Begin
операторлар бөлімі;
end.
Шамалардың типтерін Pascal программалау тілінде белгілеу кестесі.Шамалар
Неден тұрады (не кіреді)
Pascal
Белгілеу
Жазу мысалы
Бүтін
Барлық бүтін сандар
Integer
A: integer;
Longint
B: longint;
Byte
C: byte;
Нақты
Барлық нақты сандар
Real
C3,X: real;
Литерлік
Мәндері ASCII кестесіндегі символдар болатын шамалар
Char (символ)
K, T :Char
Электронды оқулықтан операторлар бөлімі туралы тыңдау.
Меншіктеу операторы.
Жалпы құрылымы:
Арифметикалық өрнектің құрамында
тұрақтылар
айнымалы атаулары
арифметикалық амалдар белгілері:
+ - * / div mod
функцияларды шақыру
жақшалар ( )
Енгізу операторы.
read ( a ); { а айнымалысының мәнін енгізу}
read ( a, b ); { а және b айнымалыларының мәндерін енгізу}
Екі санды қалай енгізуге болады?
бос орын арқылы:
25 30
Enter арқылы:
25
30
Шығару операторы.
write ( a ); { a айнымалысының мәнін шығару}
writeln ( a ); {a айнымалысының мәнін шығарып,келесі жолға көшу}
writeln ( 'Салем!' ); { мәтінді шығару}
writeln ( 'Жауап: ', c ); { мәтінді және c айнымалысының мәнін шығару}
writeln ( a, '+', b, '=', c );
Меню командасын пайдалану үшін:Alt+F9 Compile
Программаны компиляциялау-
Ctrl+F9 RUN
(орындау)
Аlt+F5
(нәтиже шығару)
F2 -File/save
(сақтау)
File-Exit
(ТП ортасын жабу)
F3-File/Open
(ашу)
Ескертулер:
Бір типті айнымалылардың аттары үтір арқылы аталып, қос нүктеден кейін олардың типі көрсетіледі. Әрбір типті сипаттау нүктелі үтірмен (;) аяқталады.
Операторлар бөлімі Begin және end операторлық жақшаларға алынады, end сөзінен кейін нүкте қойылады. Тақырып, сипаттау бөлімдері, операторлар нүктелі үтірмен (;) аяқталады. Begin сөзінен кейін нүктелі үтір (;) қойылмайды.
Есеп. Екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару.
Шығарылуы:
program qq;
var a, b, c: integer;
begin
read ( a, b );
c := a + b;
writeln ( c );
end.
IV. Тақтамаен жұмыс.
y = a*xАлгоритм
Программа
Блок - схема
алг алгоритмнің аты
басы бүт a, x, y
енгізу a, x
y: = a * x
шығару у
соңы
Program a1;
Var a, x, y: integer;
Begin
Readln (a, x);
y: = a * x;
writeln ('y=',y);
end.
V. Компьютермен тест сұрақтарына жауап беру.
А, Б, С деңгейлік тапсырма берілген.
VI. Білімдерін бекіту.
DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
DIV - бүтін бөлу
MOD - бүтін қалдық
Var операторының қызметі қандай? /Айнымалыларды сипаттау /
Const операторының қызметі қандай? /Тұрақтыларды сипаттау/
Read операторының қызметі қандай? /Берілгендерді енгізу/
Write ператорының қызметі қандай? / Нәтижені шығару/
Программа үзіндісінің міндеті қандай?
Program esep1;
Var x: integer; /x айнымалысы бүтін типті мәндер қабылдайды/
Программа үзіндісінің міндеті қандай?
BEGIN
Read (X);
Y:=SQR(X);
Write (Y); End. /Х-тің квадратын есептеу/
VII. Оқушыларды бағалау . Үйге тапсырма:
3.1 тақырып (55-56 бет),
3.2-3,3 тақырып (57-59 бет)
VIII. Информатикалық диктант.
1. Паскаль тілін шығарған кім? /1968-1971жж, Никлаус Вирт, швейцариялық ғалым/
2. Паскаль тіліндегі программа құрылымы.
PROGRAM
Сипаттау бөлімі
Begin
Операторлар бөлімі
End.
3. Паскаль тілінің негізгі элементтерің ата. /Әріптер, цифрлар, логикалық мәндер, шектемелер, қызметші сөздер./
4. Өрнектер қалай жызылады? /Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады./
(а+в)/(а-в)
(а+в)/х*у ; а+в/х*у
10div 3 , 5div2, 8div3, 7div2
10 mod 3, 5mod 2, 8mod3, 7mod2
5. Мына амалдардың мағынасы бар ма? 5div7.1; 7 mod 2.3 ; 5.2 div3
6. Паскаль тілінде жаз Х *2 + √х
Сабақты төмендегі Абай Құнанбаевтің сөзімен аяқтаймын.
Өзіңе сен,
өзіңді алып шығар,
қайратың мен
ақылың екі жақтап...
Абай
Программа үзіндісінің міндеті қандай?
BEGIN
Read (X);
Х:=SQRТ(X);
Write (Y);
End. /Х-тің квадрат түбірін есептеу/
Меншіктеу операторы. :=