- Учителю
- Сабақ жоспары Практикум Дыбыс жазу 5-сынып
Сабақ жоспары Практикум Дыбыс жазу 5-сынып
№30 16.04.2016 Сынып 5 «Б»
Сабақтың тақырыбы:. Практикум Дыбыс жазу.
Сабақтың мақсаты: компьютерге дыбыс жазуды, оны пайдалануды үйрену.
Оқушылар білуі тиіс: дыбыспен жүмыс істегенде программаның оңай жіктелуін, дыбыс жазу программасының қызметін.
Оқушылар үйренуі тиіс: микрофон, қүлаққапты қосуды, дыбыс жазу программасында дыбыс жазуды, дыбыс реттегішті пайдалануды, дыбыс қондырғысын реттеуді, мэтіндік күжатқа дыбыс орнатуды.
Сабақтың барысы
-
Үйымдастыру кезеңі
-
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
-
Білімді өзектендіру
Үй жұмысы
Сұрақтар:
-
Дыбыспен жүмыс жасау үшін қажетті қүрылғыларды атап шығыңдар.
-
Дыбыспен жүмыс істейтін қандай программаларды білесіңдер? Негізгі функциялар-ды атап шығыңдар.
Техникалық диктант
-
Дыбыспен жұмыс жасауға арналған _________________көп, оларды мынадай _________бөлуге болады: ______________ .
-
Windows операциялық жүйесінде ______________жұмыс істеу үшін _________программасы мен ______________программасы пайдаланылады.
IV Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бірнеше ойнатқыштар, музыкалық редакторларды корсету. Жазба (запись) жасамас бү-рын не істеу керек? Қүлаққап (наушник), бағандар, микрофонды қосып, дауыс қаттылы-ғын реттеу. Әр жүмыс кезеңдерін оқушылар кітапқа қарап, өз бетімен орындай алады. Ережеге көңіл аудару: егер қүлаққаппен жүмыс істесеңдер, дауыс қаттылығын бәсеңде-тіп, одан кейін оны біртіндеп ілгерілетіңдер.
V Тақырыпты бекіту
Компьютерде тэжірибелік тапсырманы орындау.
А деңгейі
-
Дыбыс жазу (Звукозапись) программасын қосыңдар.
-
Дыбыс қаттылығын реттеушінің баптауын тексеріңдер, жазу құрылғысы ретінде микрофонды орнатыңдар.
-
«Терезені таңбаша көмегімен қайта қалпына келтіру» деген сөйлемді жазыңдар.
-
Дыбысты жұмыс үстеліндегі 1.wav файлында сақтаңдар.
-
Дыбыс жазу программасының терезесін жиырыңдар.
-
«Терезені таңбаша көмегімен қайта қалпына келтіру» оқиғасын дыбыстық сүйемелдеуді өзгертіңдер.
а) Бастау→Басқару тақтасы→Жабдық және дыбыс бұйрығын орындаңдар, Дыбыс бөлімінде Жүйелік дыбыстарды өзгертуді таңдаңдар.
б) 1.wav файлын таңдау үшін Шолу батырмасын қолданыңдар;
с) Қолдану батырмасын шерту арқылы таңдауды растаңдар.
-
Дыбыс жазу программасының терезесін жайыңдар. Бұл оқиға сендердің Дыбыс жазуларыңмен сүйемелденуі керек.
-
Өз жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.
-
Орындалған баптауларды жойыңдар (Бас тарту батырмасы).
-
1.wav файлын Қоржынға салмай жойыңдар
В деңгейі
Дыбысты құжатқа енгізу.
-
WordPad редакторында «Шалқан» ертегісінің мәтінін толтырыңдар.
-
«Тартып-тартып, шығара алмайды» тіркестерін теріп, файлды өз бумаларыңда «Шалқан» деген атаумен сақтаңдар.
-
Дыбысты құжатқа қосу үшін Кірістіру → Нысан, Файлдан құру бұйрығын орындаңдар.
-
«Шалқан» файлын ерекшелеп, ОК шертіңдер.
-
Мәтінді дыбыстың таңбашасы шығады. Ойнату үшін осы таңбашаны екі рет шертіңдер.
ШАЛҚАН
Атай шалқан отырғызды. Шалқан үп-үлкен болып өсіп шықты. Шалқанды жерден тартып шығаратын кез келді. Атай тартып-тартып, шығара алмады.
Атай әжейді шақырды.
Әжей немере қызды шақырды.
Немере қыз Ақтөс итін шақырды.
Ақтөс иті мысықты шақырды.
Мысық тышқанды шақырды.
Шалқанды бәрі шығарып алды.
С деңгейі
Құжатқа дыбыс енгізу
-
WordPad редакторында ертегінің мәтінің толтырыңдар.
-
Әрбір кейіпкер үшін жеке файлға дыбыс жазыңдар да, оны өз бумаларыңда сақтаңдар.
-
Дыбысты құжатқа қосу үшін Кірістіру → Нысан, Файлдан құру бұйрығын орындаңдар.
-
Тиісті дыбыстық файлды көрсетіп, ОК батырмасын шертіңдер.
-
Мәтінде дыбыстың таңбашасы шығады. Ойнату үшін осы таңбашаны екі рет шертіңдер
VI Қорытындылау
VII Үй тапсырмасы
Оқулык бойынша сүрақтарға жауап беру. Тест жауаптары: