7


  • Учителю
  • Открытый урок 'PowerPoint бағдарламасы'

Открытый урок 'PowerPoint бағдарламасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Жәнібек колледжі











(аралас сабақ)




Дайындаған: А.У.Аймурзин






Жәнібек, 2013 ж.


Сабақтың тақырыбы: PowerPoint

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға PowerPoint бағдарламасы және оның қызметі туралы білім бере отырып, оны іске қосу және атқаратын қызметімен танысып жалпы білім беру.

Дамытушылық: Оқушыларға PowerPoint бағдарламасы жұмысын түсіндіре отырып, ондағы элементтермен дұрыс жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылар PowerPoint жұмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: «Ақпараттық технологиялар» оқулығы, «SIN KAZ» электрондық оқулығы, презентация

Техникалық жабдықталу: дербес компьютер, интерактивті тақта

Қолданылатын технология: АҚТ, интерактивті тақта режимінде сабақты ұйымдастыру


Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин

II. Үй тапсырмасын тексеру 5 мин

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 15 мин

IV. Жаңа сабақты бекіту 14 мин

V. Қорытынды 3 мин

VI. Бағалау 3 мин

VII. Үйге тапсырма 2 мин


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


  1. Microsoft Power Point бағдарламасы қалай іске

қосылады?

2. Microsoft Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?

  1. Автомазмұн шебері қалай іске қосылады?

4. Презентация деген не?

5. Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны өңдеуге бола ма?

6. Бос презентация қалай құрылады? Шаблон көмегімен ше? Айырмашылықтарын ата.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

PowerPoint дегеніміз жобалаушыны пайдаланып ұсынылатын материалдарды жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама. Осы материалдарды пайдаланып есеп не ұсынысты жариялау көрме деп аталады. PowerPoint бағдарламасын пайдалану арқылы түрлі түсті мәтін мен суреттерді, көрнекі суреттерді, сызбаларды, кестелерді, схемаларды және фильмдерді нәтижелі үндестіретін және бірінен екіншісіне слайд көрсетілімі сияқты өтілетін бейнебеттер жасауға болады. Бейнебетте қимылдану мүмкіндігін пайдаланып мәтін мен көрнекі суреттерді қимылдатуға және дауыс әсерлері мен сүйемелденуді қосуға болады. Сонымен қатар, көрмені жасап жатқанда материалдарды тарату үшін басып шығаруға да болады.

PowerPoint бағдарламасы - құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі.

Microsoft PowerPoint 2010 бағдарламасы аудиториямен қарқынды көрмелер жасау мен ортақ пайдаланудың қосымша жолдарын береді. Тамаша жаңа дыбыс пен көрнекі мүмкіндіктері жасауға оңай жанды, кино сынды әңгімені жеткізуге көмектеседі.

Қосымша PowerPoint 2010 бағдарламасы басқа адамдармен бір уақытта жұмыс істеуге немесе көрмені желіге орналастыруға және веб немесе смартфон арқылы кез келген жерден оған кіруге мүмкіндік береді.

PowerPoint 2010 бағдарламасы көрмелерге күш қосатын жаңа және жетілдірілген құралдарды жеткізеді.

PowerPoint бағдарламасының ішіне бейнені ендіріңіз және оны өңдеңіз. Енді көрмелерге кәсіби мультимедиалық әрекеттестік беру үшін, бейнелерге мөлдірлікті, пішімдеу әсерлерін қосуға болады, сахналарға бетбелгі қоюға болады және бейнелерді қысқартуға болады. Ендірілген бейнелер PowerPoint бағдарламасының бөлігіне айналатындықтан, басқалармен ортақ пайдаланған кезде қосымша файлдарды басқару қажет емес.

Көрінісін барынша жақсарту мақсатында көрмедегі әрбір суретті дәл баптау үшін, әмбебап көркем әсерлер және қосымша түзету, түс пен қиып алу құралдары әрекеттерін қамтитын жаңа және жетілдірілген суретті өңдеу құралдарын пайдаланыңыз.

Аудиторияның көңілін аударту үшін қарқынды үш өлшемді слайд өтулерін және шынайы анимация әсерлерін қосыңыз.


III Жаңа сабақты бекіту.


V. Қорытынды

PowerPoint бағдарламасының құрылысы мен толық танысып, оның атқаратын қызметін, қазіргі кезде кең колданыста жүргенін білдік. Оның түрлерімен танысып қолданылатын жерлері мен жұмыс сапаларын білдік. Болашақта осы бағдарламамен толықтай жұмыс жасай аламыз деген сенімдемін.


VI. Бағалау

Оқушылардың тапсырманы орындауы бойынша, сабаққа белсене қатысқаны бойынша алған бағаларымен тиісті бағаларын қою.

VII. Үйге тапсырма: PowerPoint бағдарламасы. Сабақ аяақталды сау болыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал