7


  • Учителю
  • Информатика пәні бойынша 'Абзацтар, шегіністер және интервалдар' тақырыбында сабақ жоспары

Информатика пәні бойынша 'Абзацтар, шегіністер және интервалдар' тақырыбында сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары №18

Сынып: 6А 6Ә

Мерзімі: 12.01.2016ж. 18.01.2016ж.

Сабақтың тақырыбы: Абзацтар,шегіністер және интервалдар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды абзацтар,шегіністер және интервалдар ұғымымен таныстыру, мәтінді пішімдей білуге үйрету
Дамытушылық: Оқушыларға абзацтар,шегіністер және интервалдар туралы түсінік бере отырып ой - өрістерін, білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Үй тапсырмасы
Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін бұйрық қандай?
Қаріптің қандай баптауларын өзгертуге болады?
Ерекшеленген фрагменттегі кіші әріптерді бас әріптерге қалай өзгертуге болады?
Кегль деген не?
Қаріптің тізімде жоқ мөлшерін қалай орнатамыз?
Жаңа тақырып
Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фрагментіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен , жолақтың
Басты Абзац бөлімі немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі бұйрықтары көмегімен пішімдеуге болады.
-ағымдағы абзацта мәтінді түзеу: сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, екі жақ шеті бойынша;
- абзацтағы шегіністі азайту немесе ұлғайту
Абзацтың ішіндегі жоларалық интервалды баптау. Тура сол баптаулар Абзац бұйрығының сұхбат терезесінде де бар. Екі интервал орнатқанда жолдардың арасына тағыда бір жол тұтастай сйып кетеді.
Басты Абзацтіркеме парақ жолағының бұйрығы.
Интервалды абзацтың алдына да және абзацтан кейін де орнатуға болады.бұл функция үшін Алдыңғы интервал және соңғы интервал өрістері жауап береді.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс:
А деңгейі
Мәтінді теріңдер. Түзеуге, азат жол шегіністеріне және әріптерге назар аударыңдар.

Компьютерлік вирустар
«Компьютерлік вирус» термині 1984 жылы АҚШ - та өткен ақпараттық қауіпсіздік бойынша 7-ші конференцияда пайда болды.
1995 жылғы тамызда Windows 95 операциялық жүйесімен бірге алғашқы макровирус пайда болды. Ол 1996 жылы «Concept» атауын алып, өзінің планета бойымен жеңісті шеруін жалғастырды.

Ең алдымен Microsoft фирмасының бөлімшелерінің бірінде пайда болған «Concept» көзді ашып жұмғанша мыңдаған (миллиондаған да болуы мүмкін)компьютерді зақымдап үлгерді. Бұл таңғаларлық іс емес, себебі MS Word пішімінде мәтіндерді жөнелту стандарттардың біріне айналды, ал вируспен залалдану үшін тек зақымданған құжатты ашу жеткілікті және вирус жұққан Word-та түзетілген басқа құжаттарда бүлінеді. Сондықтан, Internet жылдамдығына көбейтілген MS Wordтың зақымдану мүмкіндігі вирустар пайда болған кезеңнен бергі ең маңызды мәселеге айналды.
В деңгейі
Мәтінді үлгі бойынша теріңдер, жолдарды түрлі түсті Arial қаріптерімен ерекшелеңдер

√ ×12 + ×22 ;
×1 ×2+×1 ×3 +×2 ×3;
mg cos a;
2R;
b2 - 4ac;
│×│+│×+1 │
12R;
Ab sinC;
sinx cosy + siny cosx;
a sina + bcos a;
│1-│x││
Сабақты бекіту сұрақтары
* Пішімдеу сызғышы не үшін керек ?
* Пішімдеу дегеніміз не?
* Абзацты пішімдеудің сұхбаттық терезесін қалай шақырамыз?
* Абзацтағы мәтінді түзетудің қандай түрлерін білесіңдер?
* Жолдар арасындағы қашықтықты қалай өзгертеміз?
Бағалау: Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау
Үйге тапсырма: Абзацтар,шегіністер және интервалдар



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал