7


Windows - ты баптау 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Windows - ты баптау

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларды Windows операциялық

жүйенің негізгі қосымша

мүмкіндіктерімен таныстыра отырып ,

жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық:Оқушыларды ақпарттық технологияларды

пайдалана білуге дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа заман талабына сай

жаңашылдыққа, компьютерлік

сауаттылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.



САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Аралас сабақ

САБАҚТЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛІ: көрсете - түсіндіру.

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: компьютер, кесте қағаздар

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:Орыс тілі

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді

1.Операциялық жүйе дегеніміз не?

2.Бірміндетті операциялық жүйе дегеніміз не?

3.Көпміндетті жүйелер дегеніміз не?

4.Бірміндетті операциялық жүйеде қанша адам жұмыс жасай алады?

5.Көпміндетті операциялық жүйелі компьютерде қанша адам жұмыс

жасайды ,олар құжаттарын қалай сақтайды?

6.Windows жүйесімен Юникс типті операция дегеніміз не?

«Білімдіден шыққан сөз,білімдіге болсын кез» дей келе бүгінгі жаңа сабағымызды бастайық

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру. Windows 98 операциялық жүйесін орнатқанда жүйе пайдаланушыдардың көпшілігне есептелінген белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек.Бірақ әрбір пайдаланушы компьютерді өз мәнеріне сәйкес - терезелердің түсін өзгертіп, жұмыс үстелінің бетіне өрнек таңдап немесе оған стандартты сурет қойып, командалар мәтіні қаріпінің өлшемін үлкейтіп немесе кішірейтіп,маустың жылдамдығын орнатып сонымен қатар .Күн мен уақытты Windows оқиғаларына дыбыс тағайындауға баптауына болады.

Windows - ты баптау 8 сыныпWindows - ты баптау 8 сыныпБіз енді Windows- тың кейбір баптауын ғана қарастырайық. Бас меню мен Міндеттер панелінен басқа Windows -тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелік қапшық арқылы орындалады.Бұл қапшықты ашу үшін, мына әрекеттер тізбегін орындаңдар. Қосу Баптау Басқару панелі

Басқару панелі қапшығын іске қосу.

Басқару панелі қапшығының терезесін ашқанда сендердің компьютерлеріңде бұл терезе сәл өзгеше көрінуі мүмкін,өйткені онда қосымша белгілердің болуы, ал кейбір белгілердің болмауы мүмкін,



Күнді және уақытты баптау. 7 - сыныпта біз Міндеттер панелімен күнді және уақытты баптауды қарастырғанбыз, енді оларды Басқару панелімен баптауды қарастырайық.

1Windows - ты баптау 8 сынып.Бас менюден Баптау Басқару панелі командаларын таңдаңдар.

2.Басқару панелі қапшығының терезесінде Күн/Уақыт қапшығын тауып оны екі рет шертіңдер.

3.Екі қосымшасы бар Қасиеттер: Күн /Уақыт терезесі пайда болады.

4.Күн /Уақыт қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.

5.Күн бөлімінде туған күндерінді жазып

6.Уақыт бөлімне сабақтың аяқталатын уақытын жазыңдар.

7.Қолдану батырмасын шертіп.

8.Жарайды батырмасын шертіңдер.

Экранда Міндеттер панелінің төменгі оң жақ бұрышында қойған уақыттырың бейнеленеді Ал енді жоғарыдағы келтірілген әрекеттерді орындап, ағымдағы күн мен уақытты қойыңдар.

Windows оқиғаларына дыбыс тағайындау. Компьютерлерінде жұмыс істеген кезде Windows - тың жұмыс процесі әр алуан дыбыс - шиқыл,сықыр , лепті,үн күйін келтіруге болады.Мысалы, қалқыма менюдің шығуына қандай да бір дыбыс қосуға болады,сонда қалқыма меню пайда болған сайын өздерің таңдаған дыбыс ойналатын болады.Ол үшін біз Дыбыс күйін келтіреміз

1Windows - ты баптау 8 сынып.Бас менюден Баптау Басқару панелі командаларын таңдаңдар.

2.Басқару панелі қапшығының терезесінде Дыбыс белгісінде екі рет шертеміз.

3. Қасиеттер:Дыбыс терезесі пайда болады

4.Оқиғалар бөлімінде оған белгілі бір дыбыс меншіктелгілерің келген оқиғаны таңдаңдар.

5.Дыбыс бөлімінде Айналдыру батырмасымен қандай болса да бір дыбысты таңдап, Тексеріп көру батырмасында шертіңдер немесе Обзор батырмасын шертіңдер де, Дыбысты іздеу терезесінде берілген оқиға келісімді дыбыс таңдаңдар.

6.Қолдану батырмасын шертіңдер.

7.Жарайды батырмасын шертіңдер

Мауысты баптау.Маусытың жүрісін баптау үшін мына әрекеттерді орындау керек.

1Windows - ты баптау 8 сынып.Бас менюден Баптау Басқару панелі командаларын таңдаңдар.

2. Басқару панелі қапшығының терезесінде Маус белгісінде екі рет шертіңдер.

3. Маус батырмасы активті қосымшасы (Қасиеттер: Маус терезесі) пайда болады.

4. Қолдану қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер .

5. Батырмалардың жұмыс ісеуін өзгерту опциясының жалаушасын орнатыңдар, сонда сендер маусты жылжытқанда, оның шлейфі пайда болатынын көрсетіңдер.

6.Егер шлейфпен жұмыс істегілерің келсе, Жарайды батырмасын шертіңдер, ал егер сендерге ұнамаса, Болдырмау - ны шертіңдер



ІV.Қорытындылау: «Бүгін не білдің?» дей келе тест жұмысын алайық





V.Үйге тапсырма: Windows - ты баптау



Оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал