7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Қаріп, абзацтар, шегіністер мен интервалдар' 6 сынып

Сабақ жоспары 'Қаріп, абзацтар, шегіністер мен интервалдар' 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы:____________________

Күні: _______________________

Сабақтың тақырыбы: Қаріп, абзацтар, шегіністер мен интервалдар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қаріп, абзацтар, шегіністер мен интервалдарды қоюға үйрету.

  1. Білімділік: Оқушылар қаріп, абзацтар, шегіністер мен интервалдарды қойып үйрену керек.

Дамытушылық: Оқушыларға қаріп, абзацтар, шегіністер мен интервалдарды көрсету.

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары,оқулық.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Үй жұмысын сұрау

1. Microsoft Word 2010 қолданбасының терезесі қанша негізгі элементтерден тұрады?

2. Backstage ұғымын қалай түсінесің?

3. Лента, қосымша бет, топ, команда дегеніміз не?

4. Жаңа құжатты және үлгі негізіндегі құжатты қалай құруға болады?

5. Файлды қандай тәсілмен ашуға болады?

Жаңа сабақ

Қаріптің негізгі сипаттамасы - гарнитурасы, оның сыртқы безендірілуі. Қаріпті белгілеу үшін әдетте гарнитураның аты қолданылады, мысалы, Times New Romаn гарнитурасы. Негізгі (Главная) қосымша бетіндегі Қаріп (Шрифт) құралдар тобы қаріп параметрінің жұмысына жауап береді. Бұл топта келесі құралдар орналасқан:

  • Қаріп - қаріптерді қолдануды көрсететін қолжетімді тізімдер ашылады;

Қаріптің жазылу әрекеттерін ұсынатын батырмалар:

  • Жазылуы Ж жартылай қалың (полужирный).

  • К курсив;

  • Ч асты сызылған - екі сексиялы батырма.

Мәтінді экранда, қағазда немесе электрондық пішімде де әдемі етіп көрсету үшін абзацты туралауды дұрыс орындау керек.Негізгі қосымша беттегі Абзац тобы абзацты туралау үшін қолданылады.

Абзац - бұл ENTER пернесін басқанда абзац белгісінің арқасында қойылатын символдар жиынтығы.

Абзацпен жұмыс жасау үшін мәтінді ерекшелеу қажет. Абзацты, жолдарды, мәтіннің үзіндісін және сөзді ерекшелеудің негізгі тәсілдерін қарастырайық:

  1. Мәтіннің үзіндісін бөліп алу;

  2. Сөзді бөліп алу;

  3. Жолдарды бөліп алу;

  4. Абзацты бөліп алу;

  5. Барлық мәтінді бөліп алу;

  6. Тік бұрышты мәтін үзіндісін бөліп алу;

Көлденең сызғыш көмегімен абзацты және өріс (поля) шегінісін көрнекті тәсілмен орнатуға болады. Ағымдағы абзац пен қызыл жолдың шекарасын көлденең сызғышта орналасқан шегініс маркері көрсетіп тұрады. Үнсіз келісім бойынша маркерлер беттің өріс шекарасындағы күңгірт түспен боялған бетте орналасады.

Жоларалық интервал абзацтағы мәиін жолдарының арасындағы қашықтық вертикаль бойынша анықтайды. Абзацтың жоғарғы және төменгі бос аралығының өлшемі абзацаралық интервал деп аталады.

Бекіту: Тапсырма: Бөліп алудың түрлі тәсілдерін орында. Көлденең сызғыштағы жоғарғы маркердің көмегімен 1 см-ге тең азат жолды орнат. Жаңа сабаққа байланысты сұрақ жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақты қорытындылау: Оқушыларды қаріп, абзацтар, шегіністер мен интервалдарды қоюға үйрету.

Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.

Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал