7


  • Учителю
  • Excel туралы жалпы мағлұматтар. Excel программасын іске қосу. Excel менюімен жұмыс атқару. Информатика пәнінен ашық сабақ. 8-сынып. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша.

Excel туралы жалпы мағлұматтар. Excel программасын іске қосу. Excel менюімен жұмыс атқару. Информатика пәнінен ашық сабақ. 8-сынып. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Excel туралы жалпы мағлұматтар. Excel

программасын іске қосу. Excel менюімен

жұмыс атқару.

Сабақтың мақсаты:А) Білімділігі: Excel кестелік процессоры туралы жалпы түсінік беру. Excel-ді іске қосу мен Excel менюімен жұмыс атқаруды үйрету.

Ә) Дамытушылығы: Word мәтіндік процессоры жайлы алған білімдерін бекіту. Excel-де жұмыс барысында осы білімдерді пайдалана алуға үйрету.

Б) Тәрбиелілігі:Оқушыларды білімділікке, саналылық пен мәдениеттілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі диаграммалар, Excel терезесінің суреті, Excel мүмкіндіктері туралы презентация.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар беру,Word мәтіндік процессоры туралы тест, ДК-ді пайдалану.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (Деңгейлеп

саралап оқыту технологиясы бойынша).

ІІІ.Жаңа сабақ.

Үй тапсырмасы:

І-ші деңгей. Word тарауы бойынша компьютерде тест. Тест

нәтижесін бағалау карталарына енгізу.

ІІ-ші деңгей. Word тарауы және кестелер тақыптарына карточка бойынша сұрақтарға жауап беру. Бағалау

карталарымен алмасып жауаптарын тексеру.

ІІІ-ші деңгей. Компьютерде орындап көрсетуге арналған

тапсырмалар. Бұл деңгейге І,ІІ деңгейлерден ең

жоғары балл жинаған оқушылар қатысады.

Деңгейлер бойынша бағалар рейтингі:

І-ші деңгей - 5 балл.

ІІ-ші деңгей-10 балл.

ІІІ-деңгей-5 балл.

Баға мониторингі:

5-9 балл-«3»

10-14 балл-«4»

15-20 балл-«5»

Қорытынды балдарын алмасып есептеу.

Жаңа сабақ. Кіріспе. Электрондық кесте дегеніміз-ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған қарапайым кестенің компьютерлік түрі. Электрондық кестенің жәй кестелерден айырмашылығы онда деректермен түрлі амалдар, есептеулер орындауға болады. Қазіргі кезде кең қолданылып жүрген кестелік процессор- Excel.

Excel мүмкіндіктері:

1.Кестелерді құру және оларға ат беріп сақтау.

2.Сақталынған кестелерді ашу және оларды жөндеу.

3.Кестеге қатар, бағана немесе ұяшық қосу.

4.Кестеден қатарды, бағананы немесе ұяшықты өшіру.

5.Қатардың, бағаналардың немесе ұяшықтардың мазмұнын көшіру

және жылжыту.

6.Өсу және кему реті бойынша ұяшықтардың мазмұнын сұрыптау.

7.Қолданушының өзі құрастырған формулалар бойынша немесе

кестелік процессорда бар дайын формулаларды пайдаланып

есептеулер жүргізу.

8.Кестттенің деректері бойынша диаграмма құру және оларды

кестеге кірістіру.

9.Кестеге графикалық обьектілерді кірістіру.

10.Кестелерді баспаға, яғни принтерге шығару.


Excel-ді іске қосу және жұмыс кестесінің элементтері.

Microsoft Excel-ді іске қосу үшін келесі амалдарды орындау керек:

Пуск-Программы- Microsoft Excel.

Excel іске қосылғаннан кейін экранда информацияларды енгізуге болатын жұмыс кестесі ашылады. Жұмыс кестесінің элементтері:

1.Айналдырма жолағы.

2.Бөлудің кішкене бөлігі.

3.Қатардың нөмірі.

4.Бағанның аты.

5.Кестелік меңзер.

6.Таңбалар.

7.Стандартты панель.

8.Пішімдеу панелі.

9.Формула қатары.

10.Қалып күй қатары.

Жол нөмірі -электрондық кестедегі жолды анықтайды.

Бағана әріпі-электрондық кестенің бағаналарын анықтайды. Бағаналар мына ретпен белгіленеді: A-Z, AA-AZ, BA-BZ....

Ұяшық электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші бөлігі.

Ұяшық көрсеткіші-ағымдағы ұяшықты көрсететін көмескіленген тіктөртбұрыш.

Ағымдағы ұяшық-көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұяшық.

Excel жұмыс кітабы үш беттен тұрады. Кітапта жұмысшы бет санын 255 бетке дейін көбейтуге болады. Жұмыс кестесі қатар мен бағаналардын тұрады. Әрбір бет 256 бағаннан және 16384 қатардан тұруы мүмкін.

Жұмыс бетінде жылжу үшін төрт бағыттауыш пернелерді, Tab, Enter,Shift+Tab, Shift+Enter пернелер комбинациясын пайдалануға болады. Деректерді енгізу күнделікті қолданып жүрген қарапайым әдіспен жүргізіледі.

Ұяшықтарды, бағаналарды, жолдарды ерекшелеу, блокты ерекшелеу жолдарын жолдарын үйрету.

Қорытындылау. Өтілген материалды дербес компьютерді пайдалана отырып практикалық орындай отырып бекіту.

Microsoft Excel-процессорын іске қосу және жұмыс терезесінің элементтерімен практикалық таныстыру. Терезе бетімен жылжуды көрсету.

Microsoft Excel-мен жұмысты аяқтауды көрсету.

Үйге тапсырма.

Microsoft Excel-процессорының мүмкіндіктерін оқып білу. Сақтау, ашу, жабу жолдарын оқып, қайталау. Кесте бітінде жылжу жолдарын практикада үйрену. Терезе элементтерімен жете танысу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал