7


  • Учителю
  • Paint редакторы. Симметрия (3 сынып)

Paint редакторы. Симметрия (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ №25 сабақ

Күні:________

Сыныбы:3 «А» «Б»

Мұғалімі:Ибраимкулов Айбек

Тексерген:__________________

Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы. Симметрия»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Paint графикалық редакторы туралы анықтама беру, «Симметрия» ұғымына анықтама беру, түсіндіру және графикалық редактормен жұмыс жасауға дадыландыру.

Дамытушылық: симметрия ұғымына түсінік бере отырып, оқушылардың ой өрісін, білім білік дағдыларын қалыптасатырып, алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интербелсенді тақта, оқулық, презентация.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру (3 мин)

2. Өткенді қайталау (10 мин)

3. Жаңа сабақты түсіндіру (20 мин)

4. Сабақты пысықтау кезеңі (10 мин)

5. Үй тапсырмасы (2 мин)

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Нысанды қалай қиып алады екенбіз?

  • Нысанды қалай көшіреміз?

  • Бір орыннан екінші орынға қалай қоюға болады?

Жаңа сабақ: «PAINT графикалық редакторы. Симметрия»

Табиғатта, техникада және тұрмыста кейбір денелердің өзара ұқсас, үйлесімді орналасуын симметрия деп атайды. «Симметрия» грек сөзінен алынған «үйлесім» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.

Симметрия ұғымымен барлық жерде - табиғатта, техникада, өнерде, ғылымда жиі ұшырасамыз. Симметрия ұғымы адам шығармашылығының көпғасырлық ғасырымен тығыз байланысты. Симметрия принцпі физика мен математикада, химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады.

Симметрия әр түрлі болады. Симметрияның ең қарапайым түрі - түзуге қатысты симметрия.



Тапсырмалар:

  1. Графикалық редакторды аш.

Paint редакторы. Симметрия (3 сынып)

2. Шыршаның жарты бөлігін сал.

Paint редакторы. Симметрия (3 сынып)

3. шыршаның екінші жарты бөлігін жаса.

Ол үшін:

ВЫДЕЛЕНИЕ құралын таңда.

Шыршаның жартысын ерекшелеп белгіле

ПРАВКА МЕНЮІНЕ кіріп, КОПИРОВАТЬ командасын таңдап, тышқанды екі рет шер.

ПРАВКА менюінен ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.

РИСУНОК менюіне кіріп, ОТРАЗИТЬ/ПОВЕРНУТЬ командасын таңда.

«Отражениие и поворот» терезесінен «Отразить слева - направо» командасын таңда.

Шыршаның екінші жартысын бірінші жартысына қосып, бояп шық.

Шыршаны орындаған тәсілмен симметриялы фигураларды толықтырып сал.

Paint редакторы. Симметрия (3 сынып)

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Симметрия деген не?

  • Симметрия ұғымы қандай жерлерде қолданады?

  • Қандай заттардың симметриясын сала аласыңдар?



Үйге тапсырма: Тапсырмаларды орындау.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал